Сұрақ жауап алу
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: көркем әдебиет
Сабақтың тақырыбы: «Малақай мен бәтіңке». Бұл ашық сабақ «Тәй-тәй» дамыта оқыту бағдарламасы аясында өткізіледі.
Сабақтың мақсаты
- Киім түрлері туралы түсінік қалыптастыру.
- Шағын әңгімені мазмұндап айту дағдыларын дамыту.
- Ұлттық киім мен күнделікті киімді ажырата білуге үйрету.
- Схема бойынша сурет мазмұнын құрастыру және байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
- Тіл мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері
Білімділік
Көркем сөзді дамытудың негізгі тәсілдерін меңгерту; шығарма мазмұнын дұрыс түсініп, ойды нақты жеткізуге үйрету.
Дамытушылық
Танымдық және шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту; сабаққа қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік
Бірлесе тыңдау, сұрақтарға ұйымдасқан түрде жауап беру дағдысын тәрбиелеу; шыдамдылыққа баулу.
Әдіс-тәсілдер, ресурстар және сөздік жұмыс
Қолданылған әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Топпен жұмыс
- Алгоритмдік технология
- Мнеможолдар арқылы әңгіме құрастыру
Сөздік жұмыс
Жаңа сөздер мәтін мазмұны арқылы түсіндіріліп, сөйлем ішінде қолдану арқылы бекітіледі.
Көрнекіліктер мен материалдар
- Схемалар, суреттер, карточкалар
- Дидактикалық ойын материалдары
- Бояу, қатты қағаз, манка, стек, сүлгі
- Помада (дәстүрден тыс әдіске арналған құрал)
Сабақ барысы
Шаттық шеңбер
Балалар сабақты көтеріңкі көңіл-күймен бастайды:
Біз қазақтың баласы,
Сәлем сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз,
Бәріне де ізетпен,
Иіліп сәлем береміз.
Осы жақсы көңіл-күймен сабаққа кірісеміз.
Ұйымдастыру кезеңі: «Ғажайып сәт»
Көріністе екі бала бас киімді лақтырып ойнайды. Мадина шығып, бас киімді басуға да, лақтырып ойнауға да болмайтынын ескертеді. Балалар кешірім сұрап, енді мұндай әрекетке бармайтынын айтады.
Осы арқылы киімге қатысты тыйым сөздер талқыланып, әдеп нормалары бекітіледі.
Сурет бойынша әңгіме: киім түрлері
Бас киімдер
сәукеле, бөрік, малақай, тақия, кимешек, орамал, тұмақ
Киімдер
тон, шапан, көйлек, камзол
Аяқ киімдер
кебіс, мәсі, галош, бәтеңке, пима, етік, байпақ
Талқылау сұрақтары
- Киімнің жеке бөліктерін атап беріңдер.
- Киім туралы қандай жұмбақ, мақал-мәтел, тақпақ білесіңдер?
Орталықтарға бөліну
Балалар фишка арқылы үш орталыққа бөлінеді. Ережелер түсіндіріліп, әр топ өз тапсырмасына кіріседі.
1-орталық
Әдебиет
«Малақай мен бәтіңке» әңгімесімен танысу, мазмұнын талдау және сұрақтарға жауап беру.
2-орталық
Шығармашылық
Әртүрлі әдістер арқылы киімнің бейнесін салу (дәстүрден тыс тәсілдерді қолдану).
3-орталық
Құрастыру
Қазақтың ұлттық киімдерін құрастыру және бөліктерін сәйкестендіру.
Олай болса, іске сәт!
Әдебиет орталығы: жұмыс кезеңдері
Жұмбақ
Адамның сәні,
Онсыз жоқ мәні. — Киім
Мәтінмен жұмыс
- Әңгімені мұқият тыңдау.
- Жаңа сөздерді түсіндіру және бекіту.
- Мнеможолдар арқылы мазмұнын қайта құрастыру.
Сұрақ-жауап
- Малақай неге бәтіңкеге маза бермеді?
- Малақай неге жылады?
- Бәтіңке қандай сұрақ қойды?
Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр?»
Балалар киім атауларын тез тауып айтып, оларды маусымға және қолданылуына қарай жіктейді.
Қызықты тапсырма: «Қай мезгілде киеміз?»
Суреттегі аяқ киім түрлерін маусыммен сәйкестендіріп, сызық арқылы қосады.
Соңында балалар алгоритм құрастырып, орындау ретін түсіндіреді.
Өнер (шығармашылық) орталығы
Білім беру саласы
Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Бейнелеу өнері
Мақсаты
Дәстүрден тыс әдіс арқылы қыс мезгілінде киілетін малақайдың бейнесін салу.
Жұмыс барысында материалдар қауіпсіздігі, тазалық және ұқыптылық ережелері еске салынады.
Жұмыстарды таныстыру және сергіту сәті
Орталықтардағы балалар ортаға жиналып, жасаған жұмыстарын көрсетеді және нәтиже туралы қысқаша әңгімелейді.
Сергіту сәті
Жел ұлиды: у-у-у,
Боран соқты: зу-зу,
Қатты-қатты жел соқты: гу-гу,
Шыдай алмай жапырақтар: ах-ах,
Билеп кетті қалтырап: пах-пах.
Кейін балалар белсенділік орталықтарымен ауысып, тапсырмаларды жалғастырады.
Қорытынды
Балалар, сендер өте жақсы жұмыс жасадыңдар. Бүгін біз не үйрендік? Сендерге сабақ ұнады ма? Қай тапсырма көбірек ұнады?
Көңіл-күй сұрақтары (бекіту)
Көңіл-күйіміз қандай? Тамаша!
Қыс мезгілі қандай? Тамаша!
Ауа райы қандай? Тамаша!
Қысқы ойындар қандай? Тамаша!
Қонақтарымыз қандай? Тамаша!
Соңында балалар қонақтарға жақсы көңіл-күй сыйлау үшін смайлик таратады. Қонақтарға алғыс айтылып, қоштасу сөздері айтылады.