Есепті шешу
Сабақ тақырыбы
2-ге көбейту және бөлу
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың 2 санына қатысты кестелік көбейту және бөлу бойынша білімдері мен біліктерін бекіту.
Дамытушылық
Математикалық білім арқылы интеллектіні дамыту; есептеу машықтарын жетілдіру; өздігінен жұмыс істеуге, жеке және топтық жұмыста шапшаңдық танытуға үйрету.
Тәрбиелік
Өзін-өзі басқаруға, ұжымда белсенді болуға тәрбиелеу; жауапкершілікті сезіне білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі
Қайталау сабағы.
Әдісі
Басқара отырып түсіндіру.
Көрнекіліктер
- Алгоритм құруға арналған кестелер
- Бағалау карточкалары
- Көңіл күй көрсеткіштері
- Үй суреті
Сабақтың барысы
1) Алғашқы кезең
- Балалардың зейінін сабаққа аудару.
- Сабақтың түрі мен мақсатымен таныстыру.
- Дәптерлерін жұмысқа дайындау.
2) Жаңа сабақ
Алгоритм дегеніміз не?
Алгоритм — белгілі бір әрекетті орындау үшін алдын ала құрылған нұсқаулар (бағдарлама) тізбегі.
Бүгінгі идея: «Үй салу алгоритмі»
Бүгін біз үй салудың алгоритмін құрамыз. Қазіргі уақытта үй салудың маңызы жоғары: қаламызда жаңа үйлер салынып жатыр, ипотека мүмкіндіктері кеңейіп келеді. Үйіміз дұрыс әрі әдемі болып салынуы үшін алгоритмдегі әр қадам бойынша тапсырмаларды ретімен орындауымыз қажет.
1-алгоритм: Құрылыс материалдарын сатып алу
Арифметикалық диктант
2×2 = 4
10×2 = 20
90×1 = 90
8×0 = 0
1×2 = 2
100×2 = 200
7×1 = 7
0×800 = 0
2-алгоритм: Фундамент құю
Оқулықтағы №1 тапсырманы орындаймыз. Есеп шығарудың өзіндік алгоритмі бар — соны пайдаланып, берілген есептерді шығарайық. Шартын, шешуін және жауабын салыстырып талдаймыз.
Есеп шығару алгоритмі
- Есеппен танысу.
- Есептің не туралы екенін анықтау.
- Белгілі және белгісіз шамаларды анықтау.
- Есептің шартын және сұрағын ажырату.
- Дәптерге есептің шартын жазу.
- Есепті шешу.
- Жауабын жазу.
Берілгені
- Дархан
- 16 ұпай
- Дәурен
- ?
Дәуреннің ұпайы Дарханнан 2 есе кем.
Сұрағы
Дәурен неше ұпай жинады?
Ескертпе
«2 есе кем» дегеніміз — берілген санды 2-ге бөлу.