Бағалау критерийлері
Сабақ тақырыбы: Сөйлеу стилі
Бұл жоспар 9-сынып оқушыларының сөйлеу стилін танып, оның негізгі белгілерін (лексикалық, фонетика-морфологиялық және синтаксистік) мысалдар арқылы талдап үйренуіне бағытталған.
Оқу мақсаттары
-
Т6
Орта көлемді пікірталастарды, сұхбаттарды, дәрістерді тыңдайды; көтерілген мәселенің түйінін түсінеді.
-
О4
Мәтіндердің стилін және жанрлық ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасайды.
Бағалау критерийлері
- Жаңа тақырып бойынша түсіндірілген мысалдарды есте сақтайды және таниды.
- Берілген мысалдарды түсіндіреді, қайта құрастырады және көрсетеді.
- Талдау барысында білімін дәлелді түрде көрсетеді.
Сабақ мақсаты (деңгейлер бойынша)
Барлық оқушы орындай алады
- Негізгі тірек сөздерді атайды.
- Сөйлеу стилінің ерекшеліктерін меңгереді.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады
- Бір-біріне сұрақ қойып, сұрақтарға жауап береді.
- Стиль түрлерін ажыратады.
Кейбір оқушылар орындай алады
- Ұсынылған мысалдардағы сөздердің мағынасы мен тілдік ерекшелігін табады және жазады.
Сабақ барысы: Басы
-
1) Сәлемдесу
Сабақты ұйымдастыру, көңіл күйді қалыптастыру.
-
2) Топқа бөлу (SMS-хабарлама арқылы)
Сынып 3 топқа бөлінеді. Бөліну реті — туған күндеріндегі цифрларға байланысты.
SMS мәтіні
9-сынып оқушылары, бүгін қазақ тілі сабағында 3 топқа бөлініп отырыңыздар. Бөліну реті: туған күндеріңіздегі цифрға байланысты.
-
3) Үй тапсырмасын тексеру («Сиқырлы таяқша» әдісі)
ОЖСБ-ға дайындық тақырыбы: сан есім.
Сұрақтар
- Сан есім дегеніміз не?
- Құрамына қарай нешеге бөлінеді?
- Тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?
- Мағыналық түрлері нешеу?
- Мысал келтіре аласың ба?
Дескриптор
Сұрақтарға дұрыс жауап береді.
Бағалау
Нәтиже үлгерім кестесіне енгізіледі.
-
4) Жаңа сабақты түсіндіру
Дескриптор
- Дәрісті мұқият тыңдайды.
- Жаңа ақпаратты дәптеріне жүйелі түрде жазады.
Сабақ барысы: Ортасы
Мысалдармен жұмыс
«Ойлан · Жұптас · Бөліс» әдісі бойынша оқушылар мысалдарды оқып, талдайды. Тапсырма: асты сызылған сөздердің ерекшелігін анықтау.
-
1. Саңырау – құлағының мүкісі бар, соқыр – көзі көрмейтін адам, өсекші – қосып айтатын адам.
Ерекшелік
Сөйлеу стилінің лексикалық ерекшелігі: эвфемизм сөздер.
-
2. Басың қағыр – басың қалғыр, кеп отыр – келіп отыр, боп па – болып па.
Ерекшелік
Сөйлеу стилінің фонетика-морфологиялық ерекшелігі: дыбыстарды түсіріп айту.
-
3. – Атың кім? – Кімсің? – Адаммын.
Ерекшелік
Сөйлеу стилінің синтаксистік ерекшелігі: диалог.
-
4. Меніңше, бүгін Алматыда жаңбыр жауады.
Назар
Бұл сөйлемде жеке пікір (бағалау, болжам) білдіретін қолданыс бар.
-
5. – Балақай, сурет сала білесің бе?
Ерекшелік
Сөйлеу стилінің фонетика-морфологиялық ерекшелігі: оқшау сөздерді қолдану.
-
6. Уау, қандай күшті! Оһо, би деп осыны айт. А-а-а-а, құладым, ұстаңдар!
Ерекшелік
Сөйлеу стилінің экспрессивті-эмоционалды қолданыстары: одағайлар, көңіл күйді білдіретін сөздер.
Мұғалім туралы
Мұғалімнің аты-жөні
Акашаева Зияда Мирасовна
Тақырып
Сөйлеу стилі