Моншақ тізу

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы
Таным
Бағдарлама тарауы
Қызықты математика
Тақырып
1-ден 10-ға дейін тура және кері санау

Мақсаты

  • 10-ға дейінгі сандар қатарымен таныстыру; тура және кері санауды меңгерту.
  • «Қызықты математика» бойынша өткен білімдерін қайталау және бекіту.
  • Сұрақ қою, жауап беру дағдыларын дамыту.
  • Қоршаған ортадан сәйкес пішіндегі заттарды табуға үйрету.
  • Логикалық ойлауын дамыту, есепке қызығушылығын арттыру.
  • Мұқият тыңдауға, өзгенің ойымен келісе білуге, сыпайылық пен адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктер

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер

Суреттер, теледидар (слайдтар), қарындаштар, ақ парақ, карточкалар, смайликтер, сандар

Сабақтың құрылымы

  • 1Мотивациялық қозғаушы
  • 2Іздену-ұйымдастырушылық
  • 3Қорытындылау

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!

Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз!

Іздену-ұйымдастырушылық бөлім

Сабақты бастау

Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізге қонақтар келді. Олар сендердің білімдеріңді және тәртіптеріңді байқап көреді. Сондықтан сабаққа белсене қатысайық.

Бүгін бізде «Қызықты математика» оқу іс-әрекеті.

Сұрақ

Математика сабағында біз нені үйренеміз?

Дұрыс: сандармен, пішіндермен, олардың көлемімен, түстермен танысамыз және есеп шығаруды үйренеміз.

Сюжеттік кіріспе: Айман қуыршақ

Тақтада Айман қуыршақтың суреті ілулі тұр. Оның моншағы үзіліп қалыпты.

Айманның өтініші

«Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің атым Айман. Әдемі моншағым үзіліп қалды. Егер сендер менің тапсырмаларымды орындасаңдар, моншақтар заңдылық бойынша қайта тізіледі. Заңдылық үлгісі суретте көрсетілген.»

Балалар тапсырмаларды орындауға келіседі. Қуыршақтың тапсырмалары хаттан алынады.

Тапсырмалар топтамасы

Әр тапсырманы орындаған сайын Айманның моншағы заңдылық бойынша тізіледі: келесі моншақтың түсін және ретін анықтап, жіпке ілеміз.

№1 тапсырма: 1-ден 10-ға дейін тура және кері санау

  • 1-ден 10-ға дейін тура санау.
  • 10-нан 0-ге дейін кері санау.
  • 1-ден 10-ға дейін реттік санау.

Нәтиже: 1-тапсырма орындалды. Заңдылыққа сай бірінші моншақты ілеміз (түсін балалар анықтайды).

№2 тапсырма: «Кім мықты?» (суретпен жұмыс)

Түрлі түсті шарлар берілген. Әр шарда есептер мен сандар бар. Әр шардың түсін атап, есепті шығарып, шешімін қарындашпен сызық арқылы көрсетеміз.

Нәтиже: Түстер дұрыс аталды, есептер дұрыс шығарылды. Заңдылық бойынша келесі моншақты ілеміз.

№3 тапсырма: «Кім жылдам?» (ауызша есеп)

Теледидардан слайд арқылы берілген есептерді ауызша шығарамыз.

Нәтиже: Дұрыс жауап берген соң, кезекті моншақты тіземіз.

№4 тапсырма: «Көрші санды тап» (карточкамен жұмыс)

Карточкадағы санның көрші сандарын (алдыңғы немесе келесі) берілген торкөзге дұрыс орналастырамыз.

Нәтиже: Балалардың жұмыстары тексеріледі, келесі моншақ ілінеді.

№5 тапсырма: Суретпен есеп (2 бөлім)

1-бөлім

Сандарды суреттердің санына қарай сәйкес сызықпен қосамыз. Мысалы: балапандардың түсі — сары, саны — 4.

2-бөлім

Әр шаршының ішінде қанша сурет бар? Егер олардың екеуін сызып тастасақ, қанша сурет қалады? Дұрыс санды айналдыра сызамыз.

Нәтиже: Дұрыс орындалғаннан кейін моншақ заңдылық бойынша ілінеді.

Қысқа сергіту

Қане, балалар, бір сергіп алайық.

№6 тапсырма: «Сиқырлы пішіндер»

Қандай пішіндерді білесіңдер? Алдарыңдағы пішіндерден әртүрлі суреттер құрастырып жасаймыз.

Талқылау: Мысалы, «Әмина, пішіндердің көмегімен қандай сурет құрастырдың?»

Осы пішіндерге арналған сергіту сәтін слайдпен орындаймыз.

Нәтиже: Моншақ тізіледі.

№7 тапсырма: Есеп-жұмбақ

а)

Екі балапан тұр, екі балапан отыр. Шатаспай тез ойлансаң, барлығы қанша балапан?

Жауабы: 4

ә)

Бес алманың үшеуін досың сұрап алды. Айтшы, сонда нешеуі өз қолыңда қалды?

Жауабы: 2

б)

Тал бойында тізіліп бес жапырақ тұр еді. Жел соқты да үзіліп, ұшып кетті үшеуі. Ілініп тұр әлі жапырақтың нешеуі?

Жауабы: 2

в)

Алма ағашта бес алма. Бесеуін де жеп қойсам, қалады сонда неше алма?

Жауабы: 0

Нәтиже: Жауаптар тыңдалып, келесі моншақ ілінеді.

№8 тапсырма: Графикалық диктант

Айман қуыршақтың құрбысының шағын орталыққа келетін жолын сызу арқылы көрсетеміз.

Нәтиже: Жұмыс аяқталған соң моншақ ілінеді.

№9 тапсырма: Дидактикалық ойын «Келісемін — келіспеймін»

Кеңістікті бағдарлауға арналған тұжырымдарға барлық балалар бірге жауап береді: келісемін немесе келіспеймін.

  1. 1Үйдің шатыры төртбұрышқа ұқсайды.
  2. 2Қарбыздар талдың басында өседі.
  3. 3Жазда шанамен сырғанаймыз.
  4. 4Жұлдыздар аспанда түнде көрінеді.
  5. 5Лимон тәтті болады.
  6. 6Шыршаның түсі қызыл.
  7. 7Алма шаршыға ұқсайды.
  8. 8Балықтар талда өседі.
  9. 9Сиырдың төрт аяғы болады.
  10. 10Керіктің бойы аласа.
  11. 11Балмұздақ ыстық болады.
  12. 12Дөңгелек пішіннің екі бұрышы болады.
  13. 13Қоян балды жақсы көреді.
  14. 14Пілдің тұмсығы қысқа.
  15. 15Кітап білім береді.

Нәтиже: Ойын аяқталған соң моншақ заңдылық бойынша ілінеді.

Қорытындылау

Нәтижені бекіту

Айман қуыршақтың моншағы қайтадан әдемі болып тізілді.

Енді балалармен бірге моншақтарды санаймыз: неше моншақ болғанын анықтаймыз және заңдылықтың сақталғанын тексереміз.