Ашық сұрақтар

Сабақтың тақырыбы

Мәдіхат Төрежановтың «Қолғабыс» әңгімесі.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Сабақтың әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Талдау
  • Іздену

Көрнекіліктер

Суреттер, шалғы, сөзжұмбақ.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға М. Төрежановтың «Қолғабыс» әңгімесін түсініп оқуға, жүйелі баяндауға, өз ойын нақты жеткізуге үйрету; мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру.

Дамытушылық

Байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, сабаққа зер салыңдар.

Үй тапсырмасын сұрау

  • Оқушыларды топқа бөлу.
  • «Сурет салғым келмейді» мәтінінің мазмұнын сұрау.
  • Мәтінді үш бөлікке бөліп, мазмұнын әңгімелеу.

I топ

Жер-ана туралы мақал айту.

II топ

Суретші туралы айту.

III топ

Ана портретін салу.

Үй тапсырмасын пысықтау (ашық сұрақтар)

  • Болжау стратегиясы: Ержанның басынан биыл жазда қандай оқиға өтті деп ойлайсыңдар?
  • Салауат ағайдың сұрағына сен не деп жауап берер едің?
  • Қандай қазақ суретшілерін білесіңдер?
II

Тұсаукесер

Мәтіннің мазмұнын ашатын тақырыптық сурет арқылы жаңа тақырыпқа шығу.

III

Жаңа сабақ

Мағынаны ашу: автор туралы мәлімет

Төрежанов Мәдіхат (1921–1996) — 30 сәуірде Ақмола облысы, Алексеев ауданы, «Трудовой» ұжымшарында дүниеге келген. 1941 жылы Семей педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Ұзақ жылдар бойы мектепте мұғалім болып, Ақмола қаласындағы мұғалімдер білімін жетілдіру институтында кабинет меңгерушісі қызметін атқарған.

Прозалық кітаптары: «Бітпеген ойын», «Тең ойын», «Шегіртке мен ара», «Қанатбек пен Жанатбек». Бірнеше рет «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

Оқулықпен жұмыс

«Тақия тастау» ойыны арқылы оқушылар мәтінді бөліктерге бөліп оқиды.

Дәптермен жұмыс: сөздік

Бидайық — көпжылдық (астық тұқымдас) жабайы өсімдік.

Сергіту сәті және топтық тапсырмалар

I топ

I сөзжұмбақты шешу.

II топ

II сөзжұмбақты шешу.

III топ

Көктомарда Арғынның немен айналысқанын санамалап айтып беру.

Тоқымқағар — баланың алғаш рет алыс сапарға шыққанда өткізілетін дәстүрлі шара.

I топ

Арғын мен атасының арасындағы диалогты тауып, мәнерлеп оқу. Диалог деген не?

II топ

Атасының немересіне риза болған сөзін тауып оқу.

III топ

Әңгімедегі мақал-мәтелді тауып оқу.

IV

Қорытындылау

Рефлексия (ашық сұрақтар)

  • Бүгін нені білдік?
  • Тоқымқағар деген не?
  • М. Төрежанов туралы қандай мәлімет алдыңдар?
  • Қолғабыс деген не?

Қорытынды ой: үнемі үлкендерге көмектесіп, оларды құрметтейік.

Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен топтық жұмыстары бойынша бағалау.

Үй тапсырмасы

  • М. Төрежановтың «Қолғабыс» мәтінін мазмұндау.
  • Автор туралы қосымша мәлімет жинақтау.