Оқушылардың егіншілік мал шаруашылығы туралы алған білімдерін тиянақтау, әрі жетілдіру
Сабақтың тақырыбы: Егіншілік пен мал шаруашылығы
Сабақтың түрі
Кіріктірілген сабақ
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, ой қозғау
Көрнекілік және байланыс
- Көрнекілік: суреттер, кесте
- Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеттік оқу
Сабақтың мақсаты
1) Білімдік
Оқушылардың егіншілік пен мал шаруашылығы туралы білімдерін тиянақтап, жетілдіру. Төрт түлік туралы мағлұмат беру және түсіндіру.
2) Дамытушылық
Өз ойын жүйелі жеткізуге дағдыландыру, танымдық белсенділігін арттыру. Шығармашылық жұмыс жасауға, ізденуге үйрету.
3) Тәрбиелік
Қоршаған ортаны аялауға баулу. Төрт түлікті күтуге жауапкершілікпен қарауға, сезімталдық пен адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындықБарша тіршілік иелеріне сәттілік тілей отырып, сабағымызды бастайық.
Сәлемдесу өлеңі
Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім,
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер,
Қайырлы күн, барша тіршілік иесі.
II. Үй тапсырмасын тексеру
ПікірталасТалқылау сұрақтары
- Су қоймаларына нелер жатады?
- Су қоймаларында қандай өсімдіктер өседі?
- Қамыстың биіктігі неше метрге жетеді?
- Мөлдір ағын сулар мен тоғандарда қандай өсімдіктер өседі?
- Қандай жануарлар мекендейді?
- Шаяндар қандай суда болады?
- Қандай жануарлар суды тазартады?
- Бақаны неліктен қосмекенділер тобына жатқызамыз?
- Су қоймалары неліктен ластанады?
Тапсырма
Семантикалық кестені толтыру.
Ескерту: Кестеде су қоймаларының түрлері, өсімдіктері, жануарлары, су тазалығына әсер ететін факторлар жүйеленіп жазылады.
III. Жаңа тақырыпты хабарлау
Ой қозғауЖетелеуші сұрақтар
- Ауа райын бақылап, күнделікке жазу. Оқушылар өз пікірін айтады.
- Балықты өсіру, көбейту дегенді қалай түсінесіңдер?
- Қандай шаруашылық түрлерін білесіңдер?
Мұғалім сызба арқылы ауыл шаруашылығының негізгі салаларымен таныстырады.
Негізгі ұғым
Ауыл шаруашылығы
Егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы — ауыл шаруашылығының өзегі.
Ауыл шаруашылығы салалары
Құс өсіру
Құс шаруашылығы
Ара өсіру
Ара шаруашылығы
Балық өсіру
Балық шаруашылығы
Жануар өсіру
Мал шаруашылығы
Өсімдік өсіру
Өсімдік шаруашылығы
Егін шаруашылығы (мысалдар)
- Күріш
- Мақта
Мал шаруашылығы (бағыттары)
- Жылқы шаруашылығы
- Ірі қара мал шаруашылығы
- Қой шаруашылығы
- Түйе шаруашылығы
- Құс шаруашылығы
IV. Оқулықпен жұмыс
1-топ
Егіншілік
- Мәтінмен жұмыс: негізгі ойды анықтау, дәлел келтіру.
- Өздерің жақсы білетін өсімдіктер туралы жазу (кесте толтыру).
2-топ
Мал шаруашылығы
- Мәтінмен жұмыс: түсіндіру, топтастыру және дәлелдеу.
- 1-топқа бүгінгі тақырыпқа қатысты сұрақтар дайындау.
Проблемалық сұрақ
Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы бір-бірімен тығыз байланысты деп айтуға бола ма?
Жазылым тапсырмасы
Әңгіме жазу.
Талқылау
Екі саланың өзара байланысын өмірден мысал келтіріп дәлелдеу.
Мамандықтар әлемі
Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығында қандай мамандық иелері жұмыс істейді?
Рөлдік сөйлеу үлгісі
Мен малшымын. Жылқы бағамын…
Қатысты кәсіптер
Диқан, агроном, механизатор, ветеринар, шопан, жылқышы, құс өсіруші, балық өсіруші, омарташы.
Дағды
Кәсіп иесінің атынан қысқа әңгіме құрастыру және сынып алдында айту.
V. Сабақты қорытындылау
БекітуТест сұрақтары
- 1. Дүниежүзінде қойы ең көп ел: A) Қазақстан B) Ресей C) Австралия
- 2. Елтаңбада қай түлік түрі бейнеленген? A) Түйе B) Қой C) Жылқы
- 3. «Шөл дала кемесі» деп нені айтамыз? A) Түйе B) Ешкі C) Қой
- 4. Жылқы пірі: A) Ойсылқара B) Зеңгі баба C) Қамбарата
- 5. Әйгілі күріш өсіруші кім? A) Шығанақ Берсиев B) Ыбырай Жақаев
- 6. Суармалы егіншілікке қандай өсімдіктер егіледі?
- 7. Тауықтәрізділерге қандай құс жатады? A) Қаз B) Тауық, күркетауық C) Шағала
Қорытынды тапсырмалар
-
Венн диаграммасы
Егіншілік пен мал шаруашылығының ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру.
-
Үй тапсырмасы
«Егіншілік пен мал шаруашылығы» тақырыбын оқу. Тыйым сөздер мен мақал-мәтелдер жинап жазу.