Қол ұстасып күлімсіре
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1А бөлімі — Екітаңбалы сандар (2-сынып).
Сабақ тақырыбы: Берілген заңдылық бойынша тізбекті құру.
Оқу мақсаттары
- 1 2.4.3.1 — 100-ге дейінгі сандардың, 1000-ға дейінгі жүздіктер тізбектерінің заңдылығын анықтау.
- 2 2.4.3.2 — берілген заңдылық бойынша тізбекті құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу.
Сабақ мақсаттары
Берілген заңдылық бойынша тізбек құрастыру және тізбектегі заңдылықтың бұзылуын анықтау.
Бағалау критерийлері
- Берілген заңдылық бойынша тізбек құрастырады.
- Тізбектегі заңдылықтың бұзылуын анықтайды.
Сабақтың басы
Ұзақтығы: 10 минут
«Сағат бойынша достар» ойыны
Шарты: сағаттың әр санына сәйкес сыныптастарыңа жақсы көңіл күй сыйла.
1. Қолыңды қыс.
2. Арқасынан қақ.
3. Қол ұстасып, күлімсіре.
4. Қол бұлға.
5. Көзіңді қыс.
6. Бір-біріңнің алақандарыңды тигіз.
7. Бір-біріңнің иықтарыңды түйістір.
8. Иығынан қақ.
9. Қолтықтас.
10. Бастарыңды түйістір.
11. Құшақта.
12. Қол ұстасып, 3 рет секір.
Миға шабуыл
Тақырыпты бекіту үшін оқушыларға берілген заңдылық бойынша тізбекті құру және тізбектегі бұзылған заңдылықты анықтау тапсырмалары ұсынылады.
Мектеп және мұғалім туралы ақпарат
- Мектеп
- №10 Нұркен атындағы ЖББОМ КММ
- Мұғалім
- Баймұқанова Қымбат