Жер беті элементтердің планда бейнеленуі

Сабақ тақырыбы

Жер беті элементтерінің планда бейнеленуі

Жалпы мақсаттар

  • Жер беті элементтерімен танысу.
  • Олардың планда бейнеленуін талдау.

Түйінді идеялар

Оқушылар іс-әрекет арқылы ізденімпаздыққа жетеді. Мұғалім оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейін анықтап, сол деңгейге сүйене отырып шешім қабылдайды.

Оқыту нәтижелері

  • Жер беті элементтерінің планда бейнеленуі туралы білім алады.
  • Планның пайдалы және әлсіз тұстарын анықтап, оны өмірде дұрыс қолдануды үйренеді.
  • Өз пікірін ашық айтып, дәлелдеуге дағдыланады.

Көрнекіліктер мен дереккөздер

Көрнекіліктер

  • Суреттер
  • Слайд-таныстырылым

Дереккөздер

  • Оқулық
  • Дерекнама
  • Сайттар

Сабақ барысы

1-кезең: Қызығушылықты ояту

10 минут

  • Үй тапсырмасын тексеру.
  • Ұйымдастыру жұмыстары.
  • Алдыңғы білімді еске түсіру.
  • Белсенді әрекетке жұмылдыру және ойлау жұмысына ынталандыру.

2-кезең: Мағынаны ажырату

25 минут

Оқушылар өз тәжірибесіне сүйене отырып жаңа білім туралы өзіндік түсінік қалыптастырады, пікірін білдіреді және тақырып мазмұнын тереңірек түсінеді.

3-кезең: Ой-толғаныс

10 минут

  • Анализ: өз ойы мен түсінігін меңгерген мәліметтері арқылы жеткізеді.
  • Синтез: бір-бірімен ой бөлісіп, қорытынды жасайды.
  • Сабақты қорытындылау.

4-кезең: Келесі оқуға арналған тапсырмалар (үй тапсырмасы)

Сабақ соңында

  • 9-тақырыпты оқу және мазмұндау.
  • Түсіндірме күнделік жазу.
  • Өз ауласының планын сызу.

Сабақтың әрекет сценарийі

I. Ұйымдастыру және психологиялық ахуал

Мұғалім оқушыларды жылы жүзбен қарсы алып, «Ыстық алақан» әдісі арқылы жағымды көңіл күй қалыптастырады және қысқа сергіту сәтін ұйымдастырады.

Оқушылар төрт топқа бөлінеді. Топқа бөлу жер және білім туралы мақал-мәтелдер арқылы жүзеге асады.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  • Әр топқа әртүрлі тапсырма парақтары таратылады.
  • Географиялық диктант орындау.
  • Горизонталь сызықтарды сызу.
  • Азимут, масштаб және шартты белгілерді қолдана отырып жол табу.

III. Болжау стратегиясы (АКТ)

Жаңа тақырыпты анықтау үшін мұғалім интербелсенді тақтадан слайдтар көрсетеді. Сабақтың мақсаты нақтыланып, тақырып бірлесіп құрылады.

Оқушылар суреттерге сүйене отырып сабақ мақсатын өздері анықтап, пікірлерін айтады. Бұл әрекет мақсат қоя білу және сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытады.

IV. Сергіту сәті

«Қаңқа биі» арқылы қысқа қимыл-қозғалыс жаттығуы орындалады.

V. Жаңа сабақ: топтық жұмыс

Әр топқа тапсырмалар мен плакаттар беріледі. Тақырып: «Жер беті элементтерінің планда бейнеленуі». Топтар өз жұмыстарын қорғап, нәтижесін таныстырады.

1) Семантикалық карта

Карта бойынша ұғымдарды сәйкестендіріп, қорытынды шығару.

2) INSERT кестесі

Білемін / Білдім / Сұрағым бар форматында жұмыс жасау.

3) Еркін жазу

Тақырыпқа байланысты қысқа әңгіме жазу.

4) Синквейн

Тақырыпты 5 жол өлең арқылы жинақтау.

VI. Сұрақ-жауап әдісі

Әр топқа план беріледі. Топтар план бойынша сұрақ құрастырып, келесі топқа жолдайды. Келесі топ сұраққа жауап беріп, өз сұрағын қосып әрі қарай жібереді. Осылайша топтар плакаттарымен алмасып шығады.

Соңында әр топ өз плакатындағы ең ұнаған сұрақ пен жауапты атап өтеді. Бағалау «От шашу» әдісі арқылы жүргізіледі.

VII. Үй тапсырмасы

  • 9-тақырыпты оқу, мазмұндау.
  • Түсіндірме күнделік жазу.
  • Өз ауласының планын түсіру (сызба түрінде).

VIII. Рефлексия

Оқушылар «Смайлик» әдісі арқылы сабаққа кері байланыс береді.

Соңында «Шығу парағын» толтырып, тақтаға іледі.

Қысқаша жоспар (жедел шолу)

  1. 1. Ұйымдастыру: «Ыстық алақан», жылы лебіз білдіру.
  2. 2. Топқа бөлу: жер және білім туралы мақал-мәтелдер.
  3. 3. Үй тапсырмасын тексеру: диктант, горизонталь сызықтар, азимут пен масштаб.
  4. 4. Сергіту сәті: «Қаңқа биі».
  5. 5. Сұрақ-жауап: әр топқа план беріледі, сұрақтар алмасу арқылы талқыланады.