Логарифм ұғымы және оның қасиеттерін қорытындылау, логарифмнің анықтамасы мен қасиеттерін қолданып есептер шығару
Жалпы мәлімет
- Аймақ
- Маңғыстау облысы
- Аудан
- Бейнеу ауданы
- Елді мекен
- Сарға селосы
- Білім беру ұйымы
- Бейнеу мектеп-интернаты
- Пән мұғалімі
- Оразалиев Қанат
- Сынып
- 11-сынып
- Пән
- Алгебра
Сабақ тақырыбы
Логарифмнің қасиеттеріне байланысты есептер шығару
Мақсаты мен нәтижесі
Сабақтың мақсаты
Логарифм ұғымын және оның негізгі қасиеттерін қорытындылау; логарифмнің анықтамасы мен қасиеттерін қолдана отырып есептер шығару.
Сабақтың міндеті
Жұппен және топпен жұмыс арқылы математикалық тілде сөйлеудегі тосқауылдарды азайту, дәлелді жауап беруге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже
Топтық жұмыс барысында математикалық тілде еркін сөйлеуге үйренеді және формулаларды орынды қолдана алады.
Оқыту тәсілдері мен модульдер
1-модуль
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: диалогтік оқыту.
2-модуль
Сын тұрғысынан ойлау: ой қозғау, сәйкестендіру, тапсырмалар арқылы талдау.
4-модуль
АКТ: тапсырмалар мен шолуда цифрлық құралдарды қолдану.
Сабақ барысы: мұғалімнің іс-әрекеті
-
1) Сыныппен байланыс орнату
Сабақтың мақсаттарын нақтылап, жұмыс ырғағын қалыптастыру.
-
2) Топқа бөлу
Кеспе қағаздар арқылы оқушыларды екі топқа бөлу (1-топ, 2-топ).
-
3) Сынып ережесін еске салу
Уақытты тиімді пайдалану, бірін-бірі тыңдау және пікірді құрметтеу қағидаларын ұстануға бағыт беру.
-
4) Өткен тақырыпқа шолу (АКТ қолдану)
Қайталау сұрақтары арқылы негізгі ұғымдарды жүйелеу және сабаққа кіріспе жасау.
Қайталау сұрақтары
- Натурал логарифм дегеніміз не?
- Ондық логарифм дегеніміз не?
- Потенциалдау дегеніміз не?
- Негізі e болатын санның логарифмі қалай анықталады?
- Санның логарифмі дегеніміз не?
Тапсырмалар құрылымы
1-тапсырма
2-модуль: сын тұрғысынан ойлау — ой қозғау арқылы негізгі түсініктерді белсендіру.
Диалогтік оқыту
1-модуль: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер — жұптық/топтық талқылау арқылы тұжырым жасау.
АКТ қолдану
4-модуль: негізгі анықтамалар мен қасиеттерді визуализациялау, тапсырмаларды көрсету.
Сәйкестендіру тапсырмасы
2-модуль және 4-модуль: сын тұрғысынан ойлау мен АКТ-ны біріктіріп, формула мен анықтаманы сәйкестендіру.