Ғаламтор қызметтерСабақтың мақсаты:Білімділік
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Пән
- Қазақ тілі (7-сынып)
- Сабақтың тақырыбы
- Ғаламтор қызметтері
- Сабақтың түрі
- Дәстүрлі сабақ
- Көрнекілігі
- Кітап, суреттер, грамматикалық кесте
- Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту
- Пәнаралық байланыс
- Орыс тілі, қазақ әдебиеті
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- «Ғаламтор қызметтері» тақырыбы бойынша мәлімет беру.
- Оқу техникасын жетілдіру, аударма жұмысына назар аударту.
- Жүйелі сөйлеуге және тақырыпты ретімен баяндауға үйрету.
Дамытушылық
- Тапсырма орындау арқылы ойлау қабілетін дамыту.
- Тіл белсенділігін және жазу мәдениетін қалыптастыру.
- Есте сақтау қабілеті мен сөздік қорды байыту.
Тәрбиелік
- Тазалыққа және ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу, келмеу себебін анықтау.
- Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру.
II. Өткен сабақты қайталау және пысықтау
А) 237-бет, 2-тапсырма: сөйлемдерді сын есіммен толықтырып жазылуын тексеру және қадағалау.
Ә) Сөздікті жатқа сұрау.
III. Жаңа түсінікті қалыптастыру
- Кіріспе сөз.
- Тірек сызба бойынша «Интернет қызмет түрлері» тақырыбына әңгіме құрау.
- Жазылым: тірек сызбаға сүйеніп, сөйлемдерді толықтыру.
Жазылым тапсырмасы (сөйлемдерді толықтырыңдар)
А) Интернет көптеген (...) ұсынады.
Ә) Ондай қызмет түріне: қонақүйде (...) алдын ала алу, ұшақ пен пойыз (...) тапсырыс беру, (...) сатып алу және т.б.
Б) Қандай да бір қызмет түрін пайдалану үшін қажетті (...) кіру керек.
В) Есеп айырысудың бірнеше түрі бар: қолма-қол ақшамен (...), пластикалық картамен (...), интернет ақшасымен (...).
IV. Жаңа сабақты бекіту
Мәтіннен төмендегі мәселелерді ашатын сөйлемдерді табыңдар. Сол сөйлемдер негізінде мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер:
- Интернет-дүкен қызметі
- Тауар үшін есептесу нұсқалары
- Электрондық төлем жүйелері
- Пластикалық карталар
V. Сабақты қорыту
Пысықтау сұрақтарына жауап беріңдер:
- Ғаламтордың қандай қызмет түрлері бар?
- Алдын ала алу арқылы қандай қызметті орындауға болады?
- Ғаламторды пайдаланудың қандай қадамдарын білесіңдер?
- Интернет қандай қызметтерді ұсынады?
VI. Үй тапсырмасы
239-бет, 2-тапсырма: жаттау.
VII. Бағалау
Оқушылардың жауаптары мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалау жүргізіледі.
VIII. Рефлексия
Оқушылар сабақ туралы пікірін көңіл күйді білдіретін смайликтер арқылы білдіреді.
Ескерту
Қажет болған жағдайда сабақ жоспарының толық нұсқасын қарап, тапсырмалар мен уақыт бөлінісін нақтылауға болады.