Өлең шумақтарындағы сөздерді қайталату
Ұйымдастырылған оқу қызметі
- Тобы
- Ақниет ересектер тобы
- Тақырыбы
- «Білімің — бұлағың» (өлеңмен танысу)
- Білім беру саласы
- Коммуникация
Мақсаты
Балабақша мен мектепке барған балалардың қуанышты сәттері туралы әңгімелеу.
Ақылбек Шаяхметовтың «Білімің — бұлағың» өлеңін оқып-үйрету және өлеңдегі сөздердің мағынасын түсіндіру.
Барлық адамдардың — ақын да, ғалым да — білімді балабақша мен мектептен алатынын балаларға ұғындыру.
Өлең арқылы балаларды ақылды, білімді болып өсуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы
Ұйымдастырушылық-оятушылық: «Шаттық шеңбері»
Балаларды шеңберге тұрғызады.
«Шеңберге тұрғанда бір-бірімізді көріп, қуанышқа бөленеміз. Сондықтан бүгінгі Білім күні мерекесіне орай бір-бірімізге жылы лебіз айтып, мерекелік көңіл күй сыйлайық.»
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Балаларға бүгінгі күннің ерекше екенін түсіндіреді: бүгін — Білім күні.
Балабақша — екінші үйіміз. Балалар ақылды, тәрбиелі, ұқыпты болып өсу үшін балабақшада және мектепте көп нәрсе үйреніп, білім алады.
Балабақша мен мектепте жаңа достар табады. Тәрбиешілер балаларға қамқор болып, білім береді.
Содан кейін балаларды ақын Ақылбек Шаяхметовтың «Білімің — бұлағың» өлеңімен таныстырады.
Өлең: «Білімің — бұлағың» (А. Шаяхметов)
Қанатым талмайды, Қиялым самғайды. Ақын да, ғалым да Ұстазсыз болмайды. Мереке күніңмен Құттықтап бүгін мен, Ойыма ой қосам Сен берген біліммен.
Түсіндіру (сөздік жұмыс)
- «Қиялым самғайды» — елдің өркендеп өсуін армандау, биік мақсатқа ұмтылу.
- «Қанатым талмайды» — ерінбей іздену, талмай еңбектену.
- Білімді адам — көп оқитын, кітапты ұқыпты ұстайтын, үнемі ізденетін адам.
- Ақын да, ғалым да мектептен білім алып өсетінін түсіндіреді.
Қайталау
Тәрбиеші балаларға жаңа сөздерді 2–3 рет қайталатады: «қиялым», «самғайды».
«Білімің — бұлағың» тіркесінің мағынасы: білім — таусылмайтын, үнемі нәр беретін қайнар көз.
Сергіту сәті
Бала, бала, баламыз, Бақшамызға барамыз. Күні бойы қызыққа Батамыз да қаламыз.
Дәптермен жұмыс
Дәптердегі берілген тапсырмаларды тәрбиеші түсіндіреді. Балалар тапсырманы орындап, жұмысты ұқыпты аяқтайды.
Дидактикалық ойын: «Ғажайып қоржын»
Ойын шарты: қоржынның ішінде ойыншықтар және оқу құралдары болады. Балалар оқу құралдарын бір бөлек, ойыншықтарды бір бөлек жинап шығуы керек.
Мақал-мәтел
«Білім — таусылмайтын қазына»
Мақалдың мағынасы түсіндіріліп, балаларға жаттатылып қайталанады.
Қосымша материалдар
Төмендегі материалдар оқу үдерісін толықтыруға арналған:
«Білімің — бұлағың»
Өлеңмен танысу
«Күз — жомарт»
Өлеңді жаттау
«Кішкентай бағбан»
Әңгімелеу
«Жемістер жыры»
Өлеңді жаттау
«Менің елімнің рәміздері»
Тақырыптық материал
«Шаруа мен Аю»
Орыс халық ертегісі
«Менің ойыншықтарым»
Өлеңді жаттау
«Тәуелсіз Қазақстан»
Өлең
«Ақымақ қасқыр»
Ертегі
«Жаңа жыл келді»
Өлеңді жаттау
«Мысық, Әтеш және Түлкі»
Ертегі
«Әкесі мен балалары»
Әңгімелеу
«Жақсымен жаман»
Өлеңді жаттау
«Әз Наурызым, армысың!»
Өлеңді жаттау
«Мен ғарышкер боламын»
Өлеңді жаттау
«Көктем сәні»
Ертегі
«Қол не үшін керек?»
Әңгімелеу
«Бала — біздің болашақ»
Өлеңді жаттау