Сауат ашу сабағы (1 класс)Тақырыбы
Сауат ашу сабағы (1-сынып)
Тақырыбы: «П» дыбысы және әрпі. Сабақтың мазмұны Білім Ханшайымының тапсырмалары арқылы ұйымдастырылады.
Мақсаты
- Оқушыларға «п» дыбысы мен әрпін меңгерту.
- Сөз ішіндегі «п» дыбысының орналасуын анықтау, сөзді буынға дұрыс бөлу.
- Сөйлемдегі ойды түсіну және өз ойын сөйлем арқылы жеткізе білу.
- Ақыл-ой мен таным белсенділігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- Адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі, әдістері және құралдары
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер
Көрсету, түсіндіру, меңгерту, баяндау
Қолданылатын технологиялар
Мағынаны тану, ой толғаныс, ой қозғау, болжау стратегиясы, кластер әдісі
Көрнекіліктер
Суреттер, кітаппен жұмыс, №3 жазу үлгісі (бейнетаспа), слайд, тақтамен жұмыс
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық:
Ана тілің — арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Бүгін сыныбымызға Білім Ханшайымы қонаққа келіп, білімді ұландарға арнап әртүрлі тапсырмалар әкеліпті.
2) «Шарға жазу» тапсырмасы
Бірнеше шарға буындар жазылады. Оқушылар әр қатардан кезекпен шығып, буындарды оқиды:
3) Мәтінмен жұмыс (кітаппен)
Оқу кезеңдері
- Мұғалімнің оқуы
- Тізбектей оқу
- Сұрақ-жауап: Кітап оқу не үшін керек?
1-сурет (жекеше/көпше)
Кітап — кітаптар
Дәптер — дәптерлер
Пенал — пеналдар
Қалам — қаламдар
2-сурет (әңгіме құрау)
Шәріп кітапханаға келді. Кітап сөресі кітапқа толы.
Тірек сөздер
Ертегі — кітап — Абай — оқыды
Өлең — сөре — Шоқан — жаттады
Әңгіме — жинақ — Ыбырай — үйренді
Білім Ханшайымының сұрақтары
- Шәріп қайда келді?
- Ол нешінші сыныпта оқиды?
- Қандай кітаптарды ұнатады?
- Кітаптарды қайда жинап қойған?
4) Сергіту сәті (2 минут)
Қарлығаш болып ұшайық,
Қане, қанат жаяйық,
Қарлығаш болып ұшайық,
Құстарға қамқор болайық!
5) Қорытындылау
Сөздік диктант (5 сөз)
Кітап — білім бұлағы,
Білім — өмір шырағы.
Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.