Көлбең - көлбең көлеңкем, көлбең деген көлеңкем

Мақсаты

  • Әр аңның атауын дұрыс айтуға жаттықтыру және олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсінікті бекіту.
  • Жабайы аңдарға арналған көрнекіліктер арқылы балалардың ой-өрісін дамыту.
  • Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Қайырлы таң аңға да, құсқа да,
Қайырлы таң жайдарлы жанға да.
Қайырлы таң алға алсын,
Кешке дейін жалғассын.

Бұл бөлім балалардың көңіл күйін көтеріп, бірлескен жұмысқа жұмылдырады.

Жұмбақпен бастайық

Әр бала жұмбақтың шешуін тапқанда, сол аңның суретін тақтаға іледі. Бұл тәсіл сөздік қорды байытып, есте сақтауды күшейтеді.

Жұмбақ 1

Жазда қыдырады, қыста тынығады.

Жауабы: Аю

Жұмбақ 2

Орғыған қорқақ, көзі қыли, қыс пен жазда екі түрлі тон киеді.

Жауабы: Қоян

Жұмбақ 3

Бұтақтан бұтаққа секірген, кішкентай ғана шапшаң аң.

Жауабы: Тиін

Жұмбақ 4

Құйрығы сылаң-сылаң етеді, барлығын алдап кетеді.

Жауабы: Түлкі

Жұмбақ 5

Аузы бейне шалғы орақ: шөп емес, бірақ малды орады.

Жауабы: Қасқыр

Дидактикалық ойындар

1) «Сипатта»

Ойын шарты: ортаға бір бала шығады. Оның басына маска кигізіледі. Қалған балалар масканы сипаттап айтады, ал бала өзінің қай аң екенін табады.

Дағды: тыңдау, сипаттау, салыстыру, дұрыс атау.

2) «Сен білесің бе?»

Аңдардың төлдерін қайталаймыз:

  • Аюдың баласы — қонжық.
  • Қасқырдың баласы — бөлтірік.
  • Түлкінің баласы — мыршай.
  • Қоянның баласы — көжек.

Шағын сюжет: төлдер аналарынан адасып қалыпты. «Пойыз келіп тұр, бірақ қай вагонға мінерін білмейді». Балалар көмектеседі.

3) «Қай аң қай вагонға мінеді?»

Ойын шарты: түстеріне байланысты сызықтар арқылы қосады да, қай аңның нешінші вагонға мінгенін санайды.

Дағды: түстерді ажырату, сәйкестендіру, санау.

4) Слайдпен жұмыс

Балалар слайд бойынша аңдардың балаларын анасының қасына апарады. Бүгін біз тек жабайы аңдарға көмектесеміз.

Аңдар өздері туралы не айтады екен? Тыңдап көрейік.

Кейіпкерлер сөзі

Автор

Кәрі еменнің түбіне, бір-біріне үңіле, айтысуға жиналды жан-жануар біріге.

Аруна

Мен түлкімін, түлкімін — тынық тұрған күлкімін.
Бұлаң-бұлаң құйрығым, тек өтпейді бір күнім.

Маркизат

Мен тиінмін, тиінмін — асыл менің киімім.
Жүгіріп шығам ағашқа, ұстатпаймын бір жанға.

Автор

Енді қасқыр мақтанды, өз деміне аптыға.
Қорқып тұрған қоянды тап беруге шақ қалды.

Азима

Қайшы құлақ қоянмын, ақшыл түске боялдым.
Сытыр еткен бұтақтан елең етіп қаламын.

Әли

Балпаң-балпаң басамын, алты қырдан асамын.
Аю деген ағаңмын, аңшы көрсем қашамын.

Қимыл-қозғалыс және шығармашылық тапсырмалар

5) «Құйрығын табуға көмектес»

Аңдар өз құйрықтарын таба алмай тұр. Балалар әр аңға өзіне сәйкес құйрығын тауып, сәйкестендіруге көмектеседі.

Назар: сәйкестік, пішін, ерекшелікті ажырату.

6) «Жасырынған аңды тап» (слайд)

Аңдар ойнап жүр. Слайдтағы жасырынып тұрған аңды байқап, табуға көмектесеміз.

Назар: байқағыштық, зейін, салыстыру.

Қимылды ойын: «Көлеңке»

Орман-тоғайдағы аң-құстар мен жан-жануарлар серуенге шықты. Енді олардың қимылын салып көрейік.

Көлбең-көлбең көлеңкем, көлбең деген көлеңкем.
Қане қатар тұрайық, үлкен шеңбер құрайық!
Көлбең-көлбең көлеңкем, көлбең деген көлеңкем,
Түлкі қалай жүреді — кім көрсете біледі?

Балалар айтылған аңдардың жүрісін, қимылын бейнелейді.

Тапсырма: «Қоян неге жылынып тұр?»

Әңгіме мен бақылау арқылы қоянның әрекетін түсіндіреміз. Соңында балалар қоянға көмектесіп, көжектерін тауып береді.

Қорытынды: жануарға жанашырлықпен қарау — маңызды әдет.

Құрастыру: «Қоян» және «Тиін» бейнесін бөліктерден жинақтау.

Ертегіні драмалау: «Қоянның туған күні»

Автор

Ерте, ерте ертеде қоян орман патшалығында тұратын достарын туған күніне шақырыпты. Қоян мерекесіне арнап әдемі көйлегін киеді. Ол туған күніне аюды, түлкіні, тиінді, қасқырды шақырады.

Тиін

Туған күнің құтты болсын, ақ қоян! Саған арнап шырша жаңғақтарын әкелдім.

Түлкі

Үйің қандай жылы, көйлегің қандай әдемі!

Қасқыр

Бауырым қоян, туған күнің құтты болсын! Туған күніңе қош иісті раушан гүлін сыйлаймын.

Үшеуі бірге

Аю неге кешікті екен?

Аю

Кешіккенім үшін кешірім сұраймын. Туған күнің құтты болсын! Туған күніңе арнап бал әкелдім. Сыйлығымды қабыл ал, ақ қояным.

Автор

Содан бері қоянның құлағы ұзын екен деседі.

Қоян

Туған күнімде бәріңе тәтті шырын сыйлаймын!