Сөзжұмбақ Өркеш ӨРІСӨРІККӨМІРӨЗЕНКӨРШІ

Сабақтың тақырыбы

«Ө» дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты

I. Танымдық

  • «Ө/ө» дыбысы мен әрпін таныту.
  • Бас және кіші әріптерін үйрету.
  • «Ө» дыбысын жеке әрі дұрыс дыбыстатуға жаттықтыру.
  • Оқушылардың қызығушылығын арттыру.

II. Тәрбиелік

  • Үй жануарларының адамға пайдасын және өсіп-жетілу ерекшеліктерін таныту.
  • Жан-жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.
  • Халықтық кәсіптермен таныстырып, оны бағалай білуге үйрету.
  • Адамгершілікке, табиғатты сүюге баулу.
  • Әдемі, таза, сауатты жазуға дағдыландыру.

Сабақтың сипаттамасы

Түрі мен типі

Сабақтың типі
Білім, іскерлік пен дағдыны жетілдіру сабағы.
Сабақтың түрі
Дамытпалы сабақ.

Пәнаралық байланыс

  • Ана тілі
  • Қазақ тілі
  • Бейнелеу
  • Дүниетану

Әдіс-тәсілдер

  • Ассоциация
  • Түсіндіру
  • Әңгімелесу
  • Сұрақ-жауап
  • «Үш қадам сұхбат» әдісі
  • Семантикалық карта әдісі

Көрнекіліктер мен ресурстар

  • Кеспе әріптер.
  • Ребус, сөзжұмбақ.
  • Өшіргіш құралымен орындалатын тапсырмалар.
  • Дидактикалық ойындар: «Сөз ойла, тез ойла», «Сөздік», «Кім суретші», «Артығын тап», «Үндемес», «Жоғалған әріпті тап».

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың құралдарын дайындатып, назарын сабаққа аудару.

II. Өткенді қайталау

Дидактикалық ойын

«Сөз ойла, тез ойла»

Шарты: 9 әріптен тұратын жаңа сөз ойлап табу.

«Сөздік» ойыны

Мараттан — М, Ұлданадан — Ұ, Ұлғаздан — З, Дәулеттен — Д, Ыдырыстан — Ы, Нұрланнан — Н, Ырыстыдан — Ы әріптерін аламын. Нәтижесінде «Мұз айдыны» сөзі шығады.

«Мұз айдыны» мәтінін «Үш қадам сұхбат» әдісімен әңгімелету.

III. Негізгі бөлім

Қызығушылықты ояту

  • Ребус шешу: Өзен.
  • «Өзен» сөзіне ассоциация құру.
  • Өзен мен көлге семантикалық карта жасау.
Нысан Ағады Ақпайды Балық бар Құс бар
Өзен + + +
Көл + + +

Ойын: «Кім суретші?»

Шарты: өшіргіш құралын пайдаланып, өз қиялынан сурет салу.

«Ө» дыбысы және әрпі

«Артығын тап» ойыны арқылы «Ө» дыбысының сөздегі орнын анықтату.

Оқулықпен жұмыс

Үлгі

Ө…зен

Өріс, бөрік, өрнек, көрме

Үлгі

Ө…лең

Өрік, көрік, өрмек, көрпе

Үлгі

Ө…нер

Өмір, көмір, өркеш, көрші

Дәптермен жұмыс

Ө Ө Ө

ө ө ө

өзен өзен өзен

Тақтамен жұмыс: «Жоғалған әріпті тап»

Шарты: көп нүктенің орнындағы жасырын әріпті табу.

1-оқушы

Б...рік    К...рік

2-оқушы

...гіз    ...рік

3-оқушы

к...йлек    б...дене

Өз бетінше жұмыс

Бүгінгі сабақта кездеспеген «Ө» дыбысы бар жаңа сөздер ойлап табу.

Сергіту сәті: «Үндемес» ойыны

Шарты: сөзді тыңдап, қимылмен орындау (қол шапалақтау, отырып-тұру).

Топпен жұмыс

Оқулықтағы сурет бойынша «Ең қызықты әңгіме» құрастыру. 4 топтың әңгімесін тыңдап, салыстыру.

Сөзжұмбақ

Өркеш
Өріс
Өрік
Көмір
Өзен
Көрші
  1. Мал жайылатын жайылым.
  2. Жеміс-жидектің бір түрі.
  3. Қыста жағатын отын.
  4. Ағып жатқан су.
  5. Ең жақын тұратын адам.

Мәтінмен жұмыс: «Өркеш»

Мәтінді рөлге бөліп оқыту.

IV. Қорытынды бөлім

Деңгейлік тапсырма

  • Әріптерден қыздың атын құрастыр.
  • Әріптерден баланың атын құрастыр.

Бағалау

Оқушылардың жұмысына кері байланыс беріп, бағалау.

Үй тапсырмасы

  • «Ө» дыбысына жаңа сөздер ойлап табу.
  • Оқулықтың сәйкес бетін оқып, дайындалып келу.
  • №3 жазу дәптерінің 1-бетімен жұмыс орындау.