Иттің тапсырмасы
Сабақ туралы мәлімет
- Сабақтың тақырыбы
- Математика — қайталау сабағы
- Сабақтың түрі
- Ертегі сабақ
- Көрнекіліктер
- «Шалқан» ертегісінің атрибуттары, мазмұнды суреттер
- Пәнаралық байланыс
- Айналамен таныстыру, сауат ашу, көркем әдебиет
Мақсаттар
Білім беру мақсаты
- 1–10 дейін тура және кері санауды қайталау.
- Қосу және азайтуды бекіту.
- Артық, кем, тең ұғымдарын пысықтау.
- Оқушылардың білімін бекіту және бақылау.
Тәрбие мақсаты
Ойын арқылы балаларды еңбекқорлыққа, сыйластыққа, достыққа және шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты
Балалардың зейінін, ойлау қабілетін дамыту және сөздік қорын молайту.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Балалардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық ахуал
Қалың қалай, балақай?!
Болмайықшы шалақай.
Көңілімізді көтеріп,
Күлейікші алақай!
Бір-бірімізге қарап күлейік. Ал енді орындарымызға жайғасайық:
1, 2, 3 — сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
Жаңа сабаққа кіріспе
- ? Жылда неше мезгіл бар?
- ? Қазір қай жыл мезгілі?
- ✓ Дұрыс, күз мезгілі. Табиғатта қандай өзгерістер бар?
Бүгінгі математика сабағымыз жай сабақ емес — ертегі сабақ. «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлері қонаққа келіп, әрқайсысы әртүрлі тапсырма әкеледі.
Даярлық тобының балалары математикадан алған білімдерін көрсетеді. Сонымен қатар жоғары сынып мұғалімдері де сабаққа қонақ болып қатысады. Ендеше, кейіпкерлер берген тапсырмаларды орындауға дайынбыз ба?
Ертегі желісі: Бақшада өскен шалқан күзде өте үлкен болып өсіп кетіпті. Оны жұлу үшін бізге кейіпкерлердің көмегі керек. Әр кейіпкер көмектесуі үшін бір тапсырманы дұрыс орындау қажет.
Тапсырмалар тізбегі («Шалқан» кейіпкерлері)
1) Атаның тапсырмасы
Санау0–10 дейін тура және кері санау (хормен; 1–3 оқушы жеке жауап береді).
2) Әженің тапсырмасы
СалыстыруЗаттарды санау және сандарды салыстыру (сурет арқылы).
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды соғамыз.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып аламыз.
3) Немеренің тапсырмасы
Ойын«Көршісін тап» ойыны: 4, 2, 6, 8.
4) Иттің тапсырмасы
ЕсепЗаттарды санау арқылы есеп құрастыру және жауабын табу.
5) Мысықтың тапсырмасы
ГеометрияТаяқшалардан геометриялық пішіндер құрастыру.
6) Тышқанның тапсырмасы
СөйлемСандарды қатыстырып сөйлем құрау (3–4 баланы қатыстыру).
Мысал: «Сағат үште мектепке келдім.»
Қорытынды
Балалар, шалқан өте үлкен болып өсті. Кейіпкерлердің көмегімен біз оны жұлып алдық және барлық тапсырмаларды сәтті орындадық.
Сабақ сендерге ұнады ма? Тапсырмаларды жақсы орындағандарың үшін атаң сендерге жұлдызша сыйлайды.
Ертегі кейіпкерлеріне үлкен рақмет айтып, сабағымызды аяқтайық.