Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясын сипатта

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы

Гендердің толық және толық емес тіркесулері. Генетикалық карталар

Сабақтың мақсаттары

1) Білімділік

Гендердің толық және толық емес тіркесулері, сондай-ақ генетикалық карталар туралы жүйелі білім қалыптастыру.

2) Тәрбиелік

Оқушыларды білімділікке, сауаттылыққа тәрбиелеу; бір-бірін сыйлауға, тыңдауға үйрету; өз ойын ашық айтуға дағдыландыру.

3) Дамытушылық

Тақырыптың негізгі өзегін анықтап, талдау жасауға және салыстыруға үйрету.

Сабақтың типі

Ақпараттық оқыту

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгерту

Оқыту әдістері

Сұрақ-жауап, семантикалық карта толтыру, электронды оқулықпен жұмыс

Көрнекіліктер

Слайдтар, кестелер

Сабақтың құрылымы

  1. I

    Ұйымдастыру

  2. II

    Үй тапсырмасын тексеру: Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы

    Сұрақтар

    1. Г. Мендельдің 1865 жылы шыққан еңбегі қалай аталады?
    2. Генетика ғылымы нені зерттейді?
    3. Генетика ғылымының негізін қалаған ғалым кім?
    4. Моногибридті будандастыруға анықтама бер.
    5. Генетика ғылымы қашан дербес ғылым ретінде қалыптасты?
    6. Дигибридті будандастыру дегеніміз не?
    7. Гомозигота ұғымын қалай түсінесің?
    8. Толымсыз доминанттылықтың мәні неде?
    9. Полигибридті будандастырудың мәні қандай?
    10. Мендельдің бірінші заңын ата және түсіндір.
    11. Дигибридті будандастырудағы тәуелсіз ажырау заңдылығын түсіндір.
    12. Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы дегеніміз не?
    13. Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясын ашқан кім?
    14. Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясын сипатта.

    «Суретті сөйлет»

    Тақырып: тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы.

    Ассоциация құру

    Тақырып: генетикалық карталар.

  3. III

    Жаңа тақырып: Гендердің толық және толық емес тіркесулері. Генетикалық карталар

    Генетикалық карталар: негізгі ұғым

    Генетикалық карта — хромосомада орналасқан тіркес гендердің орналасу сызбанұсқасы. Қазіргі кезде генетикалық тұрғыдан жақсы зерттелген объектілердің (мысалы, дрозофила, жүгері, қызанақ, тышқан, пішен таяқшасы және т.б.) генетикалық карталары жасалған. Алдағы уақытта басқа өсімдіктер мен жануарлардың, сондай-ақ адамның генетикалық картасын жасау өзекті міндет болып табылады.

    Тіркестік топтар

    Генетикалық карталар ұқсас хромосомалардың әр жұбы үшін жеке жасалады. Хромосомалардың мұндай жұптары тіркестік топтар деп аталады. Тіркестік топтардың саны хромосомалардың гаплоидты жиынтығына тең.

    Мысал: дрозофила

    8 хромосома → 4 тіркестік топ

    Мысал: жүгері

    20 хромосома → 10 тіркестік топ

    Тіркестік топтар рим цифрларымен (I, II, III, IV және т.б.) белгіленеді. Картаны дұрыс құрастыру үшін гендердің тұқым қуалау заңдылықтарын жан-жақты зерттеу қажет. Мысалы, дрозофилада 4 тіркестік топта шоғырланған шамамен 7000-ға жуық ген, ал жүгерінің 10 тіркестік тобында шамамен 10000-ға жуық ген зерттелген.

    Картаны құрастыру принципі

    • Тіркесу тобы көрсетіледі.

    • Гендердің толық немесе қысқартылған атаулары беріледі.

    • Гендердің хромосомадағы арақашықтығын білдіретін мәндер жазылады.

    Өлшем бірлігі

    Гендер арасындағы арақашықтықтың өлшем бірлігі 1% кроссинговерге тең.

  4. IV

    Бекіту тапсырмалары

    А) Сұрақтарға жауап бер

    • Генетикалық картаның мәні неде?

    • Қандай организмдердің генетикалық карталары жасалған?

    • Генетикалық карталарды құрастырудың теориялық және практикалық маңызы неде?

    • Гендердің толық және толық емес тіркесулеріне мысал келтір.

    • Гендердің толық тіркесуі дегеніміз не?

    • Гендердің толық емес тіркесуі дегеніміз не?

    В) Есептер шығару

    №1 есеп

    Сұлы өсімдігінің биік болуы — рецессивті. Егер алынған ұрпақтардың жартысы қалыпты, ал жартысы ұзын болса, ата-аналардың генотипі қандай? Есепті шығар.

    №2 есеп

    Ақ тауықты қара тауықпен шағылыстырғанда алынатын ұрпақтың қанша пайызы шұбар болады? Ақ тауық — гомозиготалы доминантты, қара тауық — толымсыз доминанттылық жағдайындағы гетерозиготалы.

    №3 есеп

    Шабдалыда түкті B жеміс тегіс b-ден доминантты. Ал жұмсақ жемістің ақ түсі D сарысынан d доминантты. Тегіс ақ және түкті сарыны будандастырғанда қандай ұрпақтар пайда болады?

    Тест тапсырмалары

    Есептер жинағындағы тест тапсырмаларына жауап бер: №24, №25, №28–30.

  5. V

    Үйге тапсырма

    Гендердің толық және толық емес тіркесулері. Генетикалық карталар.

  6. VI

    Бағалау