Көпшілік оқушылар
Сабақ: Математика (1-сынып)
Тақырып
Заңдылықтар
Пәнаралық байланыс
Дүниетану, денешынықтыру
АКТ
Интербелсенді тақта
Оқу мақсаттары
1.4.3.2 — табиғаттағы әрекеттер мен күйлердің тізбегін анықтау; сандардың, фигуралардың, ойыншықтардың және түрлі-түсті моншақтардың тізбегін құру; заңдылықтың бұзылған тұсын табу.
Барлық оқушылар
Фигуралардан, ойыншықтардан және түрлі-түсті моншақтардан тізбек құра алады.
Оқушылардың басым бөлігі
Тізбекті құрастырады және заңдылықтың бұзылуын анықтайды.
Кейбір оқушылар
Табиғаттағы әрекеттер мен күйлердің тізбегін анықтай алады.
Тілдік мақсаттар
Пәндік лексика және терминология
- Заңдылықтар — закономерность
- Реттілік — порядок
- Тізбек — цепь
- Негізгі сөздер: заңдылық, реттік, тізбек, келесі, бұрынғы.
- Әрекеттер: құру, кеңейту, жалғастыру (заңдылық).
- Сұрақ үлгілері: «Келесі не?», «Заңдылық қайталанып жатыр ма?»
Диалогқа арналған пайдалы тіркестер
- Келесі санды атай аласыз ба?
- Заңдылық қайталана ма?
- Сандардан заңдылық көрініп тұр ма? Неліктен екенін айта аласыз ба?
- Неліктен бұл сан келесі болады?
- Неліктен бұл сан берілген тізбекте келесі бола алмайды?
- Заңдылықты айқындап, бірізділікті жалғастырыңыз.
- Заңдылығын белгілеп, тізбекті жасаңыз.
Құндылықтарды дарыту
Сабақтың басталуы
Ұйымдастыру және психологиялық ахуал
Қол алысып, қане біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру.
Балалар бір-бірінің алақанын ұстап, жүректің жылуын сезінеді. Бұл — сыныпта жағымды көңіл күй қалыптастырып, бірлескен жұмысқа дайындалудың тиімді тәсілі.
Бұрынғы білімді еске түсіру
Өткен тақырыптарды қайталау мақсатында «Серпілген сауалдар» ойыны ұйымдастырылады.
Топқа бөлу
Сабақты әрі қарай жалғастыру үшін оқушылар түрлі-түсті қағаздарды таңдап, 4 топқа бөлінеді:
Автор туралы мәлімет
Байқоңыр қаласы, №275 орта мектеп. Бастауыш сынып мұғалімі — Есембаева Лида Абжаппаровна.
Материал: «Заңдылықтар» тақырыбы бойынша сабақ жоспары.