Жан жылуы жаттығуы
Информатика пәні
Мұғалім: Зайнуллина Гүлжан Бейсембайқызы
Сабақ тақырыбы
Алгоритм типтері: сызықтық, тармақталған, циклдік.
Сабақ әдістері
Миға шабуыл, топтық жұмыс, практикалық тапсырмалар, электрондық оқулықпен жұмыс.
Қажетті жабдықтар
ДК, оқулықтар, дәптерлер, презентация, көзге арналған жаттығу, таратпа карточкалар.
Мақсаттар
Білімділік
Оқушыларға алгоритмнің негізгі типтері туралы жалпы мағлұмат беру және ұғымдарды жүйелеу.
Дамытушылық
Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін және логикалық сауаттылығын дамыту; пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік
Оқушыларды тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбекқорлыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар алгоритм типтері туралы түсініктерді өз бетінше жұмыс арқылы меңгереді, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады және практикалық тапсырмаларда қолдана алады.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру: «Жан жылуы» жаттығуы
Оқушылар шеңберге тұрып, қол ұстасып, төмендегі сөздерді хормен айтады:
- Мен сенен жылу аламын (сол жағына қарайды).
- Жүрегіме саламын (тура қарайды).
- Досыма сыйлаймын (оңға қарайды).
- Сәттілік тілеймін (тура қарайды).
Тұсаукесер (2 минут)
Оқушылар әртүрлі геометриялық фигуралар арқылы 3 топқа бөлінеді. Әр топқа бағалау парақшалары таратылады.
Үй тапсырмасын қайталау: «Миға шабуыл»
Сұрақтар арқылы негізгі ұғымдар еске түсіріледі:
- Алгоритм дегеніміз не?
- Алгоритмнің негізін қалаушы кім?
- «Алгоритм» сөзі қай тілден шыққан?
- Алгоритм орындаушысы дегеніміз не?
Жаңа сабақ: алгоритм типтері бойынша топтық тапсырмалар
1-топ
Сызықтық алгоритм.
2-топ
Тармақталған алгоритм.
3-топ
Циклдік алгоритм.
Практикалық жұмыстар
а) Электрондық оқулықпен жұмыс
Әр топтағы оқушыларға өз тақырыбы бойынша тапсырмалар беріліп, орындау нәтижесі талқыланады.
ә) Логикалық тапсырма: «Қасқыр, ешкі, қырыққабат»
Өзеннің жағасында қасқыр, ешкі, қырыққабат және қайықпен тасушы бар. Тасушы үш нысанды өзеннің келесі жағасына көшіруі керек. Шарт: қасқыр мен ешкіні, сондай-ақ ешкі мен қырыққабатты бірге қалдыруға болмайды. Мұны қалай ұйымдастыруға болады?
б) Кестені толтыру
Алгоритм типтерінің негізгі белгілерін, қолданылу жағдайларын және мысалдарын кесте түрінде салыстырып жазу.
Қорытынды
Ребус шешу: «алгоритм».
Мұғалім оқушыларға көңіл-күй смайликтерін таратады. Бағалау парақшалары бойынша қойылған ұпайлар салыстырылып, қорытынды баға шығарылады.