Алтын сақа ертегісі

Сабақтың тақырыбы

«Алтын сақа» ертегісі.

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

Оқушылардың ертегілер туралы түсінігін кеңейту.

2) Дамытушылық

Ертегіні оқыту арқылы мазмұнын және мәнін түсінуге үйрету, сөздік қорын дамыту.

3) Тәрбиелік

Қазақ ертегілеріне қызығушылығын арттыру, жақсы мен жаманды ажырата білуге баулу.

Көрнекіліктер мен әдіс-тәсілдер

Көрнекіліктер

  • Суреттер
  • Плакат
  • Тірек сызба

Сабақ әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Бір-біріне түсіндіру
  • Баяндау
  • Оқу
  • Бекіту

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушыларды түгендеу, екі топқа бөлу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Әр халықтың ауыз әдебиеті бар. Қазақ халқы ауыз әдебиеті шығармаларына ерекше бай.

Оқушылар өзара сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қайталайды:

  • 1 Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?
  • 2 Халық ауыз әдебиетін кімдер шығарған?
  • 3 Ауыз әдебиеті бізге қалай жеткен?
  • 4 Ауыз әдебиетінің авторы бола ма?
  • 5 Халық ауыз әдебиетіне нелер жатады?

III. Жаңа сабақ: «Алтын сақа»

Ертегілер ауыздан ауызға таралып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен. Олар адамдардың еңбегі мен тұрмыс-тіршілігіне байланысты туған және жақсы өмірді аңсау идеясын бейнелейді.

Ертегілердің түрлері

1) Қиял-ғажайып

Ғажайып оқиғалар, сиқырлы кейіпкерлер, тосын сынақтар.

2) Хайуанаттар туралы

Аң-құс арқылы адам мінезі мен өмір шындығын беру.

3) Тұрмыс-салт

Күнделікті өмір, әдет-ғұрып, еңбек пен адамгершілік.

«Алтын сақа» — қиял-ғажайып ертегілер тобына жатады.

Сақа деген не?

Сақа — асықтың ең үлкен әрі ауыр түрі. Оны көбіне қорғасын құйып ауырлатады, сол арқылы асықты атып ұтуға қолайлы болады. Бұл — ауыл балалары сүйіп ойнайтын ұлттық ойындардың бір бөлігі.

Басты кейіпкерлер

  • Бай
  • Бала
  • Жалмауыз кемпір
  • Түлкілер
  • Қарлығаш
  • Төбеттер
  • Ат

Жағымды және жағымсыз кейіпкерлер

Жағымды

Бала, қарлығаш, ат, иттер, түлкі.

Жағымсыз

Жалмауыз кемпір, бай.

Сөздік жұмыс

Сөз Түсіндірме Орысша баламасы
Құрық Жылқы ұстауға арналған құрал. курюк
Тай Бір жасар жылқы. стригунок
Құнан Үш жасар жылқы. жеребёнок
Дөнен Төрт жасар жылқы. лошадь (4 жыл)
Бесті ат Бес жасар жылқы. пятилетняя лошадь
Тұлпар Жүйрік ат. скакун
Төбеттер Ірі, қайсар иттер. волкодавы

Мәтінмен жұмыс

Екі оқушы ертегіден үзінді айтады. Одан кейін мәтін 5 бөлікке бөлініп, әр топ өзіне берілген абзацты ертегіден тауып оқиды.

1-абзац

Бай мен жалмауыз кемпірдің кездесуі.

2-абзац

Бала мен жалмауыз кемпірдің қашуы.

3-абзац

Кемпірдің түлкілермен кездесуі.

4-абзац

Баланың жалмауыз кемпірден қашуы.

5-абзац

Баланың жалмауыздан құтылуы.

Кейіпкерлерге мінездеме

Жалмауыз кемпір

Арам, зұлым, кәрі, қатігез.

Бала

Ақылды, тапқыр, қайырымды.

Бай

Қорқақ, сараң, аңғал.

Бала әрекеттері

  • Тайға мінді
  • Сақасын тапты
  • Қашты
  • Терек басына шықты
  • Көмек сұрады
  • Құтылды

Жалмауыз кемпір әрекеттері

  • Судан шықты
  • Байды ұстап алды
  • Баланы қуды
  • Ағаштың түбін қазды
  • Қаза тапты

Түйін

Ертегі өмірмен сабақтас. Біз кейіпкерлердің әрекеттерін талдай отырып, мінездеме бердік және жақсы мен жаманды ажыратуға дағдыландық.

Сұрақ

Бала кімді жеңді?

Жауап: Жалмауыз кемпірді.

Сұрақ

Балаға кімдер көмектесті?

Жауап: Қарлығаш пен иттер.

Үй тапсырмасы

  • Ертегі бойынша сурет салып келу.
  • Салған суреттер бойынша сөйлем құрастыру.
  • Ертегіні оқу, өз ертегіңді жазып келу.

Сөйлем үлгілері

  • Жалмауыз кемпірдің жанында сақа жатыр.
  • Қарлығаш баламен дос.
  • Бала көлге келді.
  • Бала алтын сақасын алды.
  • Қызыл түлкі жалмауыз кемпірді алдады.

Қорытынды, бағалау

Сабақты қорытындылау барысында ертегіден қысқа көрініс көрсетіледі, оқушылардың жұмысы бағаланады.