Қаңлылардың жерлеу дәстүрі

Сабақ тақырыбы

Қаңлылар туралы деректер және археологиялық ескерткіштер.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға қаңлылардың ежелден келе жатқан қазақ тайпаларының бірі екенін, қазақ халқының қалыптасуына үлес қосқанын түсіндіру. Қаңлылардың өз дәуірінде мемлекет ретінде танылып, көптеген елдермен дипломатиялық, сауда және мәдени байланыстар орнатқанын көрсету. Тақырыпты тірек-сызба арқылы жүйелеп, берік білім қалыптастыру.

Дамытушылық

Оқушыларды өткен сабақтағы оқиғаларды жаңа тақырыппен салыстыруға үйрету; ұқсастықтар мен айырмашылықтарды Венн диаграммасы арқылы анықтату. Сұрақтар мен тапсырмалар арқылы оқушылардың өздігінен қорытынды жасау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Қаңлылардың адамзат тәжірибесіне қосқан үлесін түсіндіру арқылы оқушыларды еліміздің өткен тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі мен әдістері

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Сабақтың әдістері

  • Өздігінен жұмыс ұйымдастыру
  • Тірек-сызба арқылы түсіндіру
  • Топпен жұмыс

Көрнекіліктер

ҚР картасы Қаңлылар картасы Сөзжұмбақтар Слайд Интерактивті карта

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1 Оқушылармен сәлемдесу.
  2. 2 Оқушыларды үш топқа бөлу, үй тапсырмасын сұрау.
  3. 3 Үй тапсырмасын бекіту және бағалау.

Үй тапсырмасы: топтық тақырыптар

1-топ: Тиграхауда

Тиграхауда сақтары — шошақ бөрік киіп жүретін сақтар.

2-топ: Парадарайа

Парадарайа сақтары — теңіздің солтүстігі, Арал теңізі маңы, Сырдария мен Әмударияның төменгі ағысы.

3-топ: Хаумаварга

Хаумаварга — хаома сусынын дайындайтын сақтар. Мекені: Мурғаб аңғары.

Тапсырмаларды қорғау форматы

  • Әр топ сұрақ қою арқылы өз плакаттарын қорғайды.
  • Тірек-сызба мен кестелер арқылы жауаптарды жүйелейді.

Үй тапсырмасын тексеру: топтық тапсырмалар

1-топ (Тиграхауда)

Кестедегі сөздердің тұсына шартты белгілерді қою.

2-топ (Парадарайа)

Үйсін мәдениетіндегі әшекей бұйымдар, ыдыстар, құрал-саймандарды көрсете отырып кестені толтыру.

3-топ (Хаумаварга)

Үйсіндердің жерлеу дәстүрін түсіндіру.

Үй тапсырмасын бекіту: сұрақтар (ұяшық ашу арқылы)

1-топ

  1. 1) Үйсіндер қоныс салу үшін қандай жерлерді таңдаған?
  2. 2) Үйсіндер туралы қай елдің деректерінен білеміз?
  3. 3) Қай өзендердің аңғарында отырықшы қоныстар көбірек зерттелген? (Зерделі, Шу, Кеген)
  4. 4) Қай қоныс жақсы сақталған? (Ақтас)
  5. 5) Ең үлкен бөлменің көлемі қанша? (126 м²)

2-топ

  1. 1) Үйсіндердің қолөнер кәсіптерін ата. (теміршілік, зергерлік, құмырашылық, тігіншілік, тоқымашылық)
  2. 2) Үйсін қорғандарынан табылған заттар. (қол айна, қыш ыдыс, қыш қалып)
  3. 3) Құмыралардың көбі қандай пішінде? (алмұрт тәрізді)
  4. 4) Мата тоқу үшін қандай құрал қолданылған? (өрмек)
  5. 5) Теріден қандай бұйымдар жасау кең тарады? (ыдыстар, ат әбзелдері)

3-топ

  1. 1) Обалар қалай орналасқан? (солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектеле)
  2. 2) Мәйіттің басы қалай жатқызылған? (басы батысқа қаратылған)
  3. 3) Үйсіндердің қай мәселесі жөнінде нақты мәлімет аз? (тілі мен жазуы)
  4. 4) Ертедегі үйсіндердің о дүниеге сенімі қандай? (өлген адам тіріледі деп есептеген)
  5. 5) Үйсіндер қай елдермен қарым-қатынас жасаған? (Хань империясы, Орта Азия тайпалары, Енисей қырғыздары)

Жаңа сабақ

Жоспар

  1. 1 Қаңлылар туралы деректер
  2. 2 Археологиялық ескерткіштер
  3. 3 Қаңлылардың жерлеу дәстүрі

1) Қаңлылар туралы деректер

Қаңлылар — ежелден келе жатқан қазақ тайпаларының бірі. Олар көне қоныстарында бүгінгі күнге дейін мекендеп келеді деген пікірлер бар.

Қаңлылар туралы мәліметтер қытай жазбаларында сақталған. Сонымен қатар қоныстар мен зираттарды зерттеген археолог ғалымдардың еңбектері бұл деректерді толықтыра түседі.

Оқушымен жұмыс

Біздің заманымызға дейінгі кезеңдегі Қаңлы тайпасының орналасуын картадан көрсету және өз картасына түсіру.

2) Археологиялық ескерткіштер

Қаңлылардың археологиялық мұралары бірнеше мәдениет түрінде топтастырылады:

Қауыншы мәдениеті

Жерлеуде мәйіт киімімен қойылып, жанына тұрмыстық заттар салынған. Әйелдерге — әшекей, ерлерге — қару-жарақ бірге көмілген.

Отырар–Қаратау мәдениеті

Мәйіттер тікбұрышты шұңқырға жерленген. Төменгі бөлігіне шикі кірпіш қаланып, жанына керамикалық ыдыстар мен сәндік бұйымдар қойылған.

Жетіасар мәдениеті

Жерлеудің бірнеше үлгісі кездеседі; қабірге ыдыс-аяқ, тағам және әртүрлі қосымша заттар қою дәстүрі кең тараған.

3) Қаңлылардың жерлеу дәстүрі

Қаңлыларда жерлеудің негізгі екі түрі болған:

1) Обаға жерлеу

  • Мәйіт қамыстан тоқылған төсенішке жатқызылған.
  • Қасына қыш ыдыстар қойылған.
  • Ерлер қабіріне пышақ, семсер, садақ; әйелдер қабіріне сырға, моншақ, білезік бірге көмілген.

2) Сағанаға жерлеу

  • Мәйіт шидің немесе киіздің ішіне оралып, сәкіге жатқызылған.
  • Айналасына тамақ және ішетін ыдыс-аяқтар қойылған.
  • Сыртынан топырақ үйіліп, оба тұрғызылған.

IV. Сабақты қорытындылау

  • Қауыншы, Отырар–Қаратау, Жетіасар зираттарының айырмашылықтарын анықтап, қамтылған аумағын картадан көрсету.
  • Үйсіндер мен қаңлылардың жерлеу дәстүріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды Венн диаграммасы арқылы талдау.

V. Білімді бағалау

Оқушылардың жауаптары мен топтық жұмыс нәтижесіне қарай бағалау.

VI. Үй тапсырмасы

§21 оқу, мазмұнын айту.