Бәйшешек гүлдей болып ару қыздар, Келіп тұр Қыз сынына бүгін көркем
Қыз сыны байқауына Таныстыру
1. Жаңғырып, қайта гүлдеп жаңарды өлкем,
Шуағын шашып қайта, оралды көктем.
Бәйшешек гүлдей болып ару қыздар,
Келіп тұр Қыз сынына бүгін көркем.
2. Арнаймын ана әнімді бүгін саған,
Жолдаймын сәлемімді қауым саған.
Қабыл ал бүгін менің сиымды ана,
Жолдаймын өнерімді, ән жыр әсем.
3. Раушан гүл аңқыса егер қалаларда,
Аңқиды жиде иісі ауылымда.
Осы елде тудым мен де өсіп келем,
Ата - анам мен халқымның ортасында.
4. Кетейін мен өзімді таныстырып,
Сыныбымнан шықтым өнер жарыстырып.
Тараған Жалайырдан Естемеспін
Көрейін өнерімді салыстырып.
5. Көктемде жайнап өскен гүлі даланың,
Болашақ үміт артар бір балаңмын.
Ата - анам, халқым маған арнап қойған
Есімім - Ләззат атты қыз боламын.
6. Күтемін сабырлық пен әділдікті,
Үмітім баға алу әділетті.
Құрбылар, қарсыластар мерекеде
Болмасын ешбір реніш көңілдерде.
7. Мереке құтты болсын баршаңызға,
Ашық күн мен тілеймін аспаныма.
Көктемгі күндей болып көңілдерің,
Әрдайым бөленейік қуанышқа.
КӨҢІЛДІ МЕРЕКЕЛЕР ЖӘНЕ ҚЫЗЫҚТЫ ЕРТЕҢГІЛІКТЕР
КӨҢІЛДІ МЕРЕКЕЛЕР МЕН ҚЫЗЫҚТЫ ЕРТЕҢГІЛІКТЕР
Есімдер сыры
Сұлулық
Ғ.Мүсірепов туралы
Сұлулық концептісінің тілдегі көрінісі
Өтебай Қанахинның «Құдірет» романында «Әйел» концепциясының берілуі
Ұлыстың ұлы күні наурыз жайлы
Ақын арнауларындағы тұлғалар галлереясы
ПОЭЗИЯДАҒЫ СӨЗ БЕЙНЕЛІЛІГІ
Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
Жазаның жүйелерінің және түрлерінің жалпы сипаттамасы
ҚОРҚЫТ туралы
Ақшаның маңызы, қызметтері және оның ерекшеліктері
МАХМҰД ҚАШҚАРИ туралы
Басқару процесiнiң мазмұны
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН туралы
Қожа Ахмет Яссауи туралы