Аюға көмектесейік Бағандағы сөздерді оқыту

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сам орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Аябаева Санбибі

Сабақтың тақырыбы: «И» дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаты

Білімділік

«И» дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген сөздерді оқып, жазуға үйрету.

Дамытушылық

Сурет бойынша әңгімелеу арқылы ой-өрісін, тілін дамыту; өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.

Тәрбиелік

Жан-жануарларға қамқорлық жасауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақ туралы мәлімет

Көрнекілігі
Оқулық, аңдар мен құстар суреттері, әріп таңбасы, сөздер.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі
Сұрақ-жауап, сипаттау, ой қозғау.
Пәнаралық байланыс
Математика, дүниетану.

Сабақтың барысы

1

Ұйымдастыру

  • Қазір жылдың қай мезгілі?Күз.
  • Қазір қай ай?Қараша.
  • Ауа райы қандай?Салқын.

Ендеше бүгінгі сабақта қыста ұйықтайтын аңдарға және отырықшы құстарға көмектесейік.

2

Өткен сабақты қайталау: «Аюға көмектесейік»

Бағандағы сөздерді оқыту.

3

Ой қозғау: «Борсыққа көмектесейік»

Жұмбақ:

Үйіңді қорғайды,

Үйшікте тоңбайды.

Жауабы: Ит

4

Жаңа сабақ: «И» дыбысы

Дыбысты айту:

И – и – и

  • Қалай айтылады? Кедергісіз, созылып, әндетіп айтылады.
  • Бұл қандай дыбыс? Дауысты дыбыс.
  • Қай үйде тұрады? Қызыл үйде тұрады.

«Суырға көмектесейік»

Кәнекей, дыбысты әндетіп айтайық.

И — еріннің артқа қарай тартылуынан жасалатын езулік дауысты дыбыс.

И — сөздің басында және ортасында кездеседі.

5

Оқулықпен жұмыс

Әріппен танысу

  • И — баспа түрі
  • И — жазба түрі
  • И — не — лік (буындап оқу)

«Кірпіге көмектесейік»

Сурет бойынша әңгіме құрау.

«Торғайға көмектесейік»

Бағандағы сөздерді оқу.

Сөздер мен мағыналары

Ит

Үй жануары.

Кит

Ең ірі сүтқоректі жануар.

Ине

Тігін тігетін құрал.

Инелік

Бунақденелі жәндік.

Иек

Адам мүшесі.

Шие

Жеміс.

Киік

Түз тағысы.

Киім

Адамның үстіне киетін, матадан тігілген бұйым.

Тиын

Ұсақ ақша.

Тиін

Орманда тіршілік ететін жануар.

Тиек

Домбыраның құрамдас бөлігі.

Жиек

Бір нәрсенің шеті.

«Сауысқанға көмектесейік»

Сөздердің жіктелуін талдау (зат есім үш жақта жіктеледі).

«Ала қарғаға көмектесейік»: қасиетті сөздер

  • Киік — киелі аң. Мүйізінен дәрі-дәрмек жасалады.
  • Иман — адам бойындағы асыл қасиет.
6

Сергіту сәті

«Кептерге көмектесу»

Бойыңды сергек тік ұста,

Емін-еркін тыныста.

Деміңді ішке тез ал да,

Оң қолыңды соз алға.

Қол ұшына қара да,

Үшбұрыш сыз ауада.

Сол қол босқа тұрмасын,

Шеңбер жасап тынбасын.

«Көгершінге көмектесу»: мәтінмен жұмыс

«Ит» мәтінін оқу

Мәтінді дауыстап, тізбектей оқыту.

Сұрақтар

  1. Мәтін не туралы? Ит туралы.
  2. Ит не істейді? Ит мал бағады, аң аулайды.
  3. Мәтінде неше сөйлем бар? 6.
  4. Бірінші сөйлемде неше сөз бар? 3.
7

Дәптермен жұмыс: «Тоқылдаққа көмектесу»

  • Дыбыс пен әріп ұғымдарын бекіту.
  • Баспа және жазба түрімен танысу.
  • Ауада жазу: И, и (бір, екі).
  • Дәптердегі суреттер бойынша сөйлем құрау.
8

Қорытынды

1-топ

Бағандағы сөздерді шынжырлап оқу.

2-топ

Көзбен оқу (сөздердің жіктелуі).

3-топ

«Ит» мәтінін тізбектей оқу.

9

Шығармашылық тапсырма

Мақал-мәтел

Ине өткен жерден жіп өтер.

Ойын: «Кім шапшаң ойлайды?»

«И» дыбысы бар сөз естілсе — қол соғамыз, ал «и» дыбысы жоқ болса — аяғымызды тырсылдатамыз.

Сөздер:

Ине, әпке, іні, шие, ай, киік, кит, Имаш, борсық, алау, ту, кірпі.

10

Бекіту

  • Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
  • Ол қандай дыбыс?

Көрсеткен көмектерің үшін аң-құстар сендерге алғыс айтады.

11

Мадақтау

Оқушылардың белсенділігі мен жауаптарына қарай бағалау, мадақтау.

12

Үй тапсырмасы

Жазу жолындағы сөздерді жазу:

аю тоқылдақ борсық көгершін суыр кептер кірпі ала қарға торғай сауысқан

Жарайсыңдар, рақмет!