Шешеннің сөзі
Қызылорда облысы • Қазалы ауданы
Қ. Күлетов атындағы №92 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Енсепбаева Жадыра Абдирхановна
Пән
Қазақ тілі
Сынып
11-сынып
Сабақ түрі
Дискуссия сабақ
Көрнекілік
Слайдтар, сызбалар және т.б.
Сабақтың тақырыбы
Нақты сөйлеуге дайындық
Білімділік мақсат
- Нақты сөйлеуге дайындық туралы түсінік беру.
- Пікірталас мәдениетін меңгерту.
- Теориялық білімді өмірде қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық мақсат
- Тіл мәдениетін қалыптастыру, шешен сөйлеу дағдысын дамыту.
- Ойлау қабілеті мен тілін жетілдіру.
- Өз көзқарасын ашық әрі жүйелі жеткізе білуге, пікірін қорғай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсат
- Адамгершілікке тәрбиелеу.
- Бір-бірін тыңдай білуге үйрету.
- Ана тілін сүюге, қастерлеуге және сөз мәдениетін сақтауға баулу.
Сабақтың эпиграфы
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, мақсат-міндеттермен таныстыру, жұмыс тәртібін белгілеу.
II. Үй тапсырмасын пысықтау
«Сиқырлы сандықша» оқыта-үйрету ойыны арқылы өткен тақырыпты қайталау.
III. Негізгі бөлім
Нақты сөйлеуге дайындық шарттарын талдау, көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін орындау.
«Сиқырлы сандықша» сұрақтары
- Шешендік немесе шешендік өнер дегеніміз не?
- Қазақ шешендік өнері неше кезеңге бөлінеді? Ата.
- Қазіргі шешендіктің түрлерін ата.
- Шешендік өнердің дамуына қажетті қандай алғышарттарды білесің?
- Троп дегеніміз не? Түрлерін ата.
- Фигура дегеніміз не? Түрлерін ата.
- Тіл тазалығы дегенді қалай түсінесің?
- Шешендік сөздің сапаларын атап бер.
Нақты сөйлеуге дайындық: негізгі шарттар
Сәтті сөздің өзегі — мазмұн мен форма үйлесімі. Төмендегі қадамдар ойды жинақтап, аудиторияға әсерлі жеткізуге көмектеседі.
1) Тақырыпты нақтылау
Тақырып — айтылар ойдың негізгі діңгегі. Ой бағыттары, қолданылатын сөздер мен көркемдегіш құралдар тақырыпты ашу мақсатына қызмет етуі тиіс.
2) Мақсатты айқындау
- Ойды нақты, дәлелді әрі түсінікті жеткізу.
- Тақырыпты ашуда ой жүйелілігін сақтап, дәйекті дәлел келтіру.
- Ойды тұжырымдап, нәтижеге жеткізер ұтымды ұсыныс айту.
3) Кіріспеден бастап қызықтыру
Сөз мәйегі — тыңдарманды алғашқы минуттан-ақ іліктіре алу.
- Аудиторияны ескер: жас ерекшелігі, қызығушылығы, ойлау деңгейі.
- Құралдар: қызықты дерек, мақал-мәтел, тұрақты тіркес, афоризм, теңеу және т.б.
4) Әдебиеттерді дұрыс іріктеу
- Тақырыпқа қатысты әдебиеттерді іздеу.
- Таңдалған материал ойды ашуға көмектесетінін тексеру.
- Мерзімдік басылымдардағы өзекті мәселелерді қамту.
- Маңызды ой-пікірлерді жазып, мәліметтерді арнайы папкаға жинақтау.
5) Қалай сөйлеген жөн?
Мәтінді толық оқу
Уақыт дәлдігі қажет болғанда ыңғайлы, бірақ аудиториямен байланыс әлсіреуі мүмкін.
Үзінді оқып, ойды өрбіту
Қарап оқу мен еркін сөйлеудің теңгерімі: сенімділік те, табиғилық та сақталады.
Қағазсыз еркін сөйлеу
Ең әсерлі формат. Дегенмен алдын ала жоспар, дәлел және мысал міндетті.
Қимыл-әрекет пен дауыс ырғағы айтылар оймен үйлесуі тиіс. Ең бастысы — аудитория назарын үнемі бақылау.
Тәжірибелік тапсырма: тақырып таңдап сөйлеу
Талаптарды ескере отырып, төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, көпшілік алдында қысқа әрі нық сөйлеу.
1.
Компьютер заманында шешендік өнер қажет пе?
2.
ҰБТ-ның жақсы жақтары және маған берер көмегі.
3.
Асылым, ардағым — ана тілім!
4.
Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны.
5.
«Соңғы қоңырау» жиынында сөйленетін сөз.
6.
Дәстүрлі емтихан тапсыруға қарағанда ҰБТ-ның артықшылығы.
Жобаны қорғау
Әр топқа — 5 минут.
Ойлан, тап: мақал-мәтелді толықтыр
1-топ
- Өнер алды — қызыл тіл.
- Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.
- Сөз жүйесін тапса, мал иесін табады.
- Жанды жаралайтын да — сөз, емдейтін де — сөз.
- Жақсы сөз — жарым ырыс.
2-топ
- Тау мен тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзар.
- Шешеннің сөзі — ортақ.
- Адамның өзі жетпеген жерге сөзі жетеді.
- Жақсының сөзі — жырмен тең.
- Бал тамған тілден у тамар.
Шешендік сөздердің авторларын анықта
- «Өнер алды — қызыл тіл.» — М. Қашқари
- «Шешендік — ақылмен билеу өнері.» — Платон
- «Шешеннің ең ұлы қасиеті — қажет нәрсені ғана айту емес, сонымен бірге қажеті жоқ нәрсені айтпау.» — Цицерон
- «Ақыл мен білімнің тілмашы — тіл.» — Ж. Баласағұн
- «Ойлап айтқан сөз де оралмайды, ойнап айтқан сөз де оралмайды.» — Ә. Науаи
- «Ақын болып туады, шешен болып шығады.» — Цицерон
- «Айтар сөзді алдымен ойлап ал.» — Қорқыт
- «Шешеннің парызы — шындықты айту.» — Платон
- «Жақсы сөз — дәмнің тұзы.» — Құтып
- «Сөз қалай айтылса, жауабы да соған сай болар.» — Гомер
Логикалық тапсырма: тіл + химия
Формуланы сөзге айналдырып, сөйлем мағынасын сақтай отырып жазыңдар.
Бұл H₂O туған жердікі болған соң ба, өзгеше дәмді көрінді.
Мұғалім қолындағы ақ CaCO₃ маған аппақ көбелектей көрініп, ұстағым келіп қызығып кеттім.
Құрамында NaCl жоқ болғандықтан, не ішіп, не қойғанымызды сезе алмадық.
Cu тиындар — тарихтың қоржынынан түскен таңғажайыптар.
Hg бағаны жылылық деңгейін көрсетеді.
Талдау — табыс кепілі
Семантикалық тірек
Жым болып тіл тұрмайды кесілмесе,
Білім — тұл, тілден шығып есілмесе.
Ж. Баласағұн
Сабақты бекіту
Бүгінгі сабақтан алған әсерің қандай?
Бағалау
- Оқушыларды мадақтау, марапаттау.
- Өзін-өзі бағалау.
- Кері байланыс (формативті бағалау).
- Қорытынды баға (жиынтық бағалау).
Үй тапсырмасы
110-жаттығу.
Ескерту
Толық нұсқасын жүктеу.