Дұрыс тамақтану
Сабақ туралы мәлімет
Сынып
8-сынып
Сабақтың тақырыбы
Тамақ құрамы және тамақтану тәртібі
Сабақтың түрі
Дәстүрлі
Сабақтың типі
Аралас
Әдістері
Түсіндірмелі әдіс, сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, семантикалық кесте
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Тамақтың құрамы мен маңызын түсіндіру; ақуыз, май, көмірсу, минералдар және дәрумендер туралы негізгі ұғымдарды қалыптастыру.
Дамытушылық
Тамақ құрамының бала ағзасының өсуі мен дамуына әсері туралы білімін кеңейту, ойлауын дамыту.
Тәрбиелік
«Ас — адамның арқауы» қағидасын ұғындыру: адам тамақтану үшін өмір сүрмейді, өмір сүру үшін тамақтанады. Дұрыс тамақтану әдетін қалыптастыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Сынып оқушыларының сабаққа қатысуын және оқу құралдарының толықтығын тексеру.
- Оқушыларды 4 топқа бөліп отырғызу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Тақырып: жергілікті жердегі улы өсімдіктер, улы саңырауқұлақтар, улы жыландар және улы жәндіктерден улану, алғашқы көмек көрсету.
I топ
Қазақстанда кездесетін улы саңырауқұлақ түрлері, улану белгілері және алғашқы көмек.
II топ
Қазақстанда кездесетін улы өсімдіктер, улану белгілері және алғашқы көмек.
III топ
Қазақстанда кездесетін улы жыландар, улану белгілері және алғашқы көмек көрсету жолдары.
IV топ
Улы жәндіктердің түрлері, улану белгілері және алғашқы көмек.
Қызығушылықты арттыру
Қазақ халқы «Бірінші байлық — денсаулық» дейді. Ендеше «Денсаулық» сөзіне ассоциация құрайық. Деніміз сау, құрыш білекті, алып жүректі, қайратты, білімді әрі ақылды азамат болу үшін адамға не қажет?
Табиғи күш
- Таза ауада болу
- Тазалық
Белсенді өмір салты
- Спорт
- Белсенді еңбек
Дұрыс таңдау
- Дұрыс тамақтану
- Зиянды әдеттерден аулақ болу
- Білім
III. Жаңа сабақ
Адамның тіршілігі мезгіл-мезгіл ас ішіп, оны қорытып, ағзаға сіңіруімен тығыз байланысты. Халқымыз «Ас — адамның арқауы» дейді. Ас — ағзаның құрылыс материалы және энергия көзі.
Денсаулық, дене қимылы, ой еңбегі және басқа да әрекеттердің нәтижелілігі көбіне тағамның құрамына байланысты. Ендеше ағзаға қажетті азық-түліктер қайдан алынады?
Өсімдік тектес өнімдер
- Астық дәндері
- Бақша дақылдары
- Жеміс-жидектер
- Көкөністер
Жануар тектес өнімдер
- Сиыр
- Түйе
- Жылқы
- Қой
- Тауық
- Қоян
- Балық
Тағамның негізгі құрамы
Органикалық заттар
Ақуыз, май, көмірсу
Басқа құрамдар
Минералды заттар, су, дәрумендер
Ақуыз
Ақуыз — ағзаның негізгі құрастырушы заты. Қалыпты өмір сүру және дұрыс жұмыс атқару үшін тәулігіне шамамен 100–120 г ақуыз қажет.
Кездесетін тағамдар
- Сүт және сүт өнімдері
- Жұмыртқа
- Ет, балық
- Бұршақ, фасоль, соя
- Арахис, жаңғақ
- Саңырауқұлақ
- Қара бидай наны
Май
Май — энергия көзі әрі дәрумендер мен биологиялық белсенді заттардың қорын сақтайды. Сонымен қатар қорғаныштық қызмет атқарады. Суық кезде жылу реттеуге көмектеседі. Тәулігіне шамамен 80–100 г май қажет.
Көмірсу
Көмірсу — негізгі жылу қоры және қуат көзі. Ағзада көмірсу артық болса, майға айналады. Тәуліктік қажетті мөлшері 450–500 г.
Көмірсуы көп тағамдарды шамадан тыс тұтыну семіздікке және қант диабетіне әкелуі мүмкін.
Кездесетін тағамдар
- Нан, жармалар, ботқа
- Картоп
- Күріш, тары
- Қант, бал
- Банан, жеміс-жидек
Минералды заттар
Минералды заттар ағзаға тағам мен су арқылы түседі. Олар жасушалардың қозуы мен тежелуіне қажет, сүйек пен тісті нығайтады, сондай-ақ ұлпалар мен сұйықтықтардың құрамына кіреді. Тәуліктік мөлшері шамамен 10 г.
Макроэлементтер
Натрий, калий, хлор, фосфор, кальций, магний
Микроэлементтер
Темір, мыс, йод
Су
Су — адам ағзасының тіршілігі үшін ең қажетті зат. Адам күніне шамамен 2–2,5 л су тұтынады: оның бір бөлігі ішімдік арқылы, бір бөлігі тағам құрамымен түседі, ал 200–300 мл су зат алмасу нәтижесінде түзіледі.
Дәрумендер
Дәрумендер ағзаның тіршілік қабілетін арттырады, дене және ой еңбегін күшейтеді, өсу мен дамуды және ауруға қарсы тұруды қамтамасыз етеді.
Негізгі түрлері
A, B тобы (B1, B2, B3, B6, B12 және т.б.), C, D, E, K, PP және т.б.
Кездесетін тағамдар
- Жеміс-жидек, көкөністер
- Сүт өнімдері
- Нан, күріш
- Сары май
- Балық
- Бауыр
- Жұмыртқа, ет
Тамақтану ережелері
-
1) Асықпай тамақтану
Ағзаға түсетін жүктемені азайтады.
-
2) Тағамды мұқият шайнау
Қорыту процесін жақсартады.
-
3) Тәбет болмаса, күштеп жемеу
Ағзаның қажеттілігіне мән беру.
-
4) Тамақтану — тіршілік үшін
Тамақты мақсат емес, денсаулық құралы ретінде қабылдау.
Тамақтану мезгілі (тәуліктік үлесі)
- Таңғы ас
- 25%
- Түскі ас
- 40%
- Сәскелік ас
- 15%
- Кешкі ас
- 20%
Нені шектеу керек
- Тағамдық тұз
- Қант
- Жануар майы
IV. Жаңа сабақты бекіту
Семантикалық карта: күнделікті рационға қажетті қоректік заттар қай тағамдарда кездесетінін анықтау.
| Тағам түрлері | Су | Көмірсу | Ақуыз | Май | Дәрумен | Минералды заттар |
|---|---|---|---|---|---|---|
| Сүт және сүт тағамдары | + | + | + | + | + | + |
| Нан, жарма, ұн тағамдары | — | + | — | — | — | — |
| Ет, балық, тауық, жұмыртқа | — | — | + | + | + | + |
| Көкөністер мен жемістер | + | + | — | — | + | + |
| Өсімдік және мал майы | — | — | — | + | — | — |
Ескерту: «+ / —» белгілері оқу тапсырмасы ретінде толтыруға арналған үлгі ретінде берілді.
Тағамға байланысты валеологиялық диктант
Түскі аста сұйық тағам ... ішу қалыптасқан. Оның ... 250–500 г .... Қапырық ыстықта асханалық ... немесе аздап тұз ... су, ең жақсысы газды ... ішу керек. Ылғалды ... өнімі — қияр. Күнбағыс өсімдігінен ... алынады. ... — адам қанының құрамын толықтыруға көмектесетін жеміс.
Керекті сөздер
Қорытындылау, бағалау және үй тапсырмасы
Қорытындылау
Тағамның құрамы ағзаның өсуі, дамуы және еңбек қабілеті үшін шешуші рөл атқарады: ақуыз — құрылыс, май — қор және жылу, көмірсу — қуат, су — өмір негізі, минералдар мен дәрумендер — реттеуші жүйелердің тірегі.
Бағалау
Топтық жұмысқа қатысуы, жауаптардың дәлдігі және тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағаланады.
Үйге тапсырма
- Тақырыпты оқу.
- Дәрумендердің түрлерін анықтау.
- Күнделікті тұтынатын тағам құрамындағы қоректік заттарды талдап, дәптерге кесте құрастыру.