Сөз тіркесінің сыңарларын ата

Сабақ туралы мәлімет

Өңірі, мектебі
Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, М. Әуезов атындағы орта мектеп
Пән мұғалімі
Досанова Гүлзар
Сабақ тақырыбы
Меңгеру байланысына арналған жаттығулар

Сабақтың типі

Бекіту сабағы

Сабақтың түрі

Практикалық сабақ

Көрнекіліктер

Кестелер, интерактивті тақта, флипчарт, Венн диаграммасы

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Сөз тіркесінің меңгеріле байланысу жолдары туралы білімді нақтылау және бекіту.

Дамытушылық

Теориялық материалды жүйелі әрі тиянақты баяндауға дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Оқушыларды адамгершілікке, шапшаңдыққа, тапқырлыққа және сергек ойлауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап Салыстыру Қолдану Жүйелеу СТО стратегиялары

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабақты Абайдың ғибратты сөзімен бастаймыз (Отыз бірінші сөз):

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі — көкірегі байлаулы, берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрат алу керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші — ой кеселді нәрселерден қашық болу керек.

Осы ойды жадымызда ұстай отырып, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Көркем шығармадан меңгеру байланысына 10 мысал жазып келу.

III. Қызығушылықты ояту

Сұрақтар

  1. Синтаксис дегеніміз не? Қандай мағынаны білдіреді?
  2. Сөз тіркесі дегеніміз не?
  3. Сөз тіркесінің айрықша белгілері қандай?
  4. Сөз тіркесінің сыңарларын атаңыз.
  5. Сөз тіркесінің түрлері қалай анықталады?

Топтастыру (байланысу түрлері мен тәсілдері)

Қиысу Матасу Меңгеру Жанасу Қабысу

Тәсілдер

  • Жалғаулар арқылы
  • Орын тәртібі арқылы
  • Шылаулар арқылы
  • Интонация арқылы

Графикалық диктант

  • Қиысу дегеніміз — __________
  • Матасу дегеніміз — __________
  • Меңгеру дегеніміз — __________

IV. Мағынаны тану

1) Семантикалық карта

Сөз тіркесінің екінші сыңарын тауып, байланысу түрін анықтаңыз.

Бірінші сыңар Екінші сыңар (таңдау) Байланысу түрі
1 халық барамыз / маржан / жазушысы / оқиды / сақтау / көзі / үй __________
2 денсаулықты барамыз / маржан / жазушысы / оқиды / сақтау / көзі / үй __________
3 біз барамыз / маржан / жазушысы / оқиды / сақтау / көзі / үй __________
4 Айман барамыз / маржан / жазушысы / оқиды / сақтау / көзі / үй __________
5 күннің барамыз / маржан / жазушысы / оқиды / сақтау / көзі / үй __________
6 білгенге барамыз / маржан / жазушысы / оқиды / сақтау / көзі / үй __________
7 біздің барамыз / маржан / жазушысы / оқиды / сақтау / көзі / үй __________

2) Сәйкестендіру тапсырмасы

Тіркестерді байланысу түрлерімен сәйкестендіріңіз.

  • Кемеге міну қиысу
  • Менің арманым меңгеру
  • Марат айтты матасу
  • Анаммен сөйлестім қиысу
  • Ол келмек матасу
  • Ақын тойы меңгеру

Ескерту: Бұл бөлім — оқушының дәлелдеп түзетуіне арналған жаттығу. Жауапты талдау кезінде байланысу түрінің белгісіне сүйеніп негіздеңіз.

3) Оқулықпен жұмыс

255-жаттығу: әр сөйлемнің ара-жігін ажыратып, тыныс белгілерін қойып көшіріңіз. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің әрбір сыңарына ауызша талдау жасаңыз.

4) «Галереяны аралау» стратегиясы (жұптық жұмыс)

Екі оқушыдан шығып, сөздердің байланысу түрлеріне сәйкес мақал-мәтелдерден мысалдар жазады және байланысу түрін ауызша анықтайды.

Байланысу түрі 1-оқушы 2-оқушы
1 Қиысу __________ __________
2 Матасу __________ __________
3 Меңгеру __________ __________

Венн диаграммасы

Матасу мен меңгерудің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырыңыз.

V. Ой толғау

Эссе

«Мен — сөз тіркесімін» тақырыбында шағын эссе жазыңыз.

Тест жұмысы

  1. 1. Сөздердің байланысу түрлері нешеу?

    а) 2    ә) 4    б) 3    в) 5

  2. 2. Сөз тіркесін көрсет.

    а) қызыл күрең    ә) мөлдір су    б) ұшып тұрды    в) тіс жармады

  3. 3. Есімді тіркесті көрсет.

    а) жоғары ұшу    ә) біз оқимыз    б) таудай талап    в) өзенге шомылу

  4. 4. Етістікті тіркесті көрсет.

    а) балаша қуану    ә) он оқушы    б) сөзге сараң    в) әдемі қыз

  5. 5. Қиыса байланысқан сөздерді тап.

    а) жаңа қоныс    ә) көлікпен бару    б) сегізінші сынып    в) олар айтады

  6. 6. Матаса байланысқан сөздерді тап.

    а) бүгін келу    ә) балаша қуану    б) оқуға құмар    в) анамның тілегі

  7. 7. Меңгеріле байланысқан сөздерді тап.

    а) он оқушы    ә) бормен жазу    б) әдейі жіберу    в) биыл бітіру

  8. 8. Сөздердің байланысу тәсілдері нешеу?

    а) 5    ә) 4    б) 3    в) 2

  9. 9. Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын көрсетіңіз.

    а) бекерге қиналу    ә) жиналыстан кейін келді    б) оның жоспары    в) дәл өзі

  10. 10. Сөйлемдегі меңгеріле байланысқан тіркес қайсы?

    Сол сияқты нағыз шиеленіс шегіне жеткен жауынгерлердің бойына сабыр, қайрат қайтып оралды.

    а) сабыр, қайрат оралды    ә) нағыз шиеленіс    б) шегіне жеткен    в) жауынгерлердің бойына

VI. Сабақты қорытындылау

Рефлексия: «Бүгінгі сабақта не үйрендім, не білдім?»

Біле бер, қанша білсең — тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле-біле.

Ж. Баласағұни

VII. Үйге тапсырма

256-жаттығу: мәтіннен меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін теріп жазып, әр сыңарына талдау жасаңыз.

VIII. Білімді бағалау

Оқушылардың жұмысын критерийлер бойынша бағалау: белсенділік, дәлелдеу, тапсырманы орындау сапасы, жұптық/топтық жұмысқа қатысуы.