Иықты бұйымдар және олардың түрлері
Иықты бұйымдар және олардың түрлері
Бұл материал иыққа киілетін киім бұйымдарының түрлерін, жіктелуін, конструкциялық ерекшеліктерін және қолданылуына қарай таңдау қағидаларын жүйелі түрде түсіндіруге арналған.
Мақсаты
- Білімділік: иықты бұйымдардың атауларын, жіктелуін, ерекшеліктерін және мезгіл бойынша бөлінуін меңгерту.
- Дамытушылық: қызығушылықты арттыру, ой-өрісті кеңейту, көріп есте сақтау, талдау және ойлау дағдыларын дамыту.
- Тәрбиелік: талғам мен эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, мезгілге сай әрі үйлесімді киім таңдауға үйрету.
Сабақ құрылымы
- Өткенді қайталау
- Жаңа тақырыпты түсіндіру
- Талдау және бекіту
- Зертханалық жұмыс
Әдістер мен ресурстар
- Сұрақ-жауап, түсіндіру, иллюстрация
- Интерактивті әдіс, фишкамен бағалау
- Үлестірмелі материалдармен жұмыс (зертханалық)
- Кері байланыс
- Көрнекіліктер: интерактивті тақта, адам денесі шаблондары
Пәнаралық байланыс
Бейнелеу өнері, химия, физика, геометрия, сызу, әдебиет, қазақ тілі.
Пайдаланылған әдебиеттер
- «Еңбекке баулу», 7-сынып. Москва: Просвещение, 1990.
- Егорова, Монастырная. «Іс тіге біл». Алматы: Рауан, 1997.
- «Мектептегі технология» журналы: №2 (2008), №7 (2008).
- «Технология». Алматы: Атамұра, 2003.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Кезекші арқылы сынып оқушыларын түгендеу.
- Құрал-жабдықтарын тексеріп, назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасы
Өткен тақырыпты қайталау екі сайыс арқылы өткізіледі:
- «Жорға»: мақта, жібек, ине, кілем, тоқу, тігу, ас, денсаулық, тамақ, достық сөздеріне мақал-мәтел жинақтау.
- «Ақындар айтысы»: 5 жолды өлең құрастыру (қайшы, пышақ, салт-дәстүр, тігін машинасы, ине, жіп, белдемше, үтік).
III. Жаңа сабақ
Иық бұйымдары — иыққа киілетін киімдердің барлығы. Оларға көйлек, халат, шапан, қамзол, тон, жейде, костюм және басқа да бұйымдар жатады.
Конструкциялық ерекшеліктері
Төменгі сыныптарда белдемшелі бұйымдардың түрлерімен және тігілу тәсілдерімен танысқан болатынсыңдар. Иықты бұйымдардың басты айырмашылығы — мұнда мойын ойындысы, қолтық ойындысы, жаға және өңір сияқты бөлшектер болады.
Иықты бұйымдар қолданылуына және сәніне қарай ұзын, қысқа, жеңі жоқ түрлерде тігілуі мүмкін. Жағасы да әртүрлі пішінде орындалады.
Ер және әйел киімдерінің айырмашылығы
- Әйел киімі: кеуде, бел, иық бүкпелері айқын көрінеді.
- Ер киімі: иығы кеңдеу, түймелік бағыты көбіне солдан оңға қарай орналасады.
Маталар және жас ерекшелігі
Иықты бұйымдар жүн, жібек, мақта, зығыр және басқа да маталардан дайындалады. Жас ерекшелігіне қарай: мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларға арналған, әйелдер және ерлер киімі болып бөлінеді.
Силуэт және пішім
Силуэт бойынша
- Тік
- Қынамалы
- Жартылай қынамалы
Пішімі бойынша
- Тұтас пішілген
- Бел сызығы бойынша кесілген
- Қондырма жеңді, реглан жеңді
- Құрастырмалы пішілген
- Қысқа/ұзын жеңді немесе жеңсіз
- Жағасыз, тік жағалы, шәл жағалы және т.б.
Әшекейлеу және қолданылуына қарай жіктеу
Өңдеу және әшекей түрлері
Иық бұйымдарын өңдеп әшекейлеу олардың түрі мен қолдану орнына байланысты. Көп қолданылатын өңдеу түрлері:
- Кестелеу
- Қатпарлар
- Бедерлер
- Тігіс түрлері
- Бүрмелер
- Желбіршектер
- Жапсырмалар
- Шілтер
- Таспа
- Түймелер
- Қапсырмалар
- Әшекей материалдары
Қолданылуына қарай
Тұрмыстық киім
Көбіне мақта және штапель маталардан тігіледі. Пішімі үй жағдайындағы жұмыстарға ыңғайлы болуы керек.
Күнделікті киім
Күрделірек пішіліп, мақта, жібек және жүн маталардан дайындалады.
Салтанатты киім
Күрделі пішімді, сәндік элементтері мол болады; әсем әшекейлермен, көркем өрнектермен, бедерлермен безендіріледі.
Композиция негіздері
- Ассиметрия
- Композицияның тең дәрежедегі бөліктері бір-біріне ұқсамауы.
- Симметрия
- Бөліктердің белгілі бір заңдылықпен өзара үйлесіп орналасуы.
- Ырғақ
- Элементтердің кезектесіп қайталанып, бірінен-бірі заңдылықпен ауысуы.
- Сұлба (силуэттік сұлба)
- Ұзындығы мен ені бойынша адам мүсінінің пропорциясына жақын келетін геометриялық фигуралар арқылы (тікбұрыш, трапеция, үшбұрыш, сопақ және т.б.) киім бөлігінің сыртқы кескінін беру.
IV. Бекіту сұрақтары
- Жеңі жоқ, иықты бұйым; қынамалы; ұзындығы белден төмен — бұл қандай бұйым?
- Астармен жасалатын иықты бұйымдарға қандай атаулар жатады?
- Иыққа жіппен немесе матамен асылатын, белден төмен, жеңі жоқ киім қалай аталады?
- Капюшон дегеніміз не?
- Тізімнен иықты бұйымдарды табыңдар: Бөрік, қамзол, куртка, жейде, панама, шляпа, сөмке, қолғап, шалбар, пальто, топ, плащ, белдік, сәукеле, тон, қасаба, пиджак, шапан, белдемше, орамал, білезік, алқа.
- Салтанатты кешке арналған, иығы ашық, етегі кең, кеуде бөлігі қыналған бұйым иықты киімге жата ма? Неліктен?
- Геометриялық пішінге негізделген иықты бұйымдарды атаңдар.
V. Зертханалық жұмыс
- Берілген суреттерге сыртқы сипаттама беру.
- Әр оқушыға жеке-жеке 2 суреттен таратылады.