Танымдық қабілетін арттыру

Сабақтың тақырыбы

Өрнектер: a + 1, a + 8, a − 1, a − 8.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Өткен тақырып бойынша алған білімді оқушы санасында бекіту.
  • Әріпті өрнектерді жазу, оқу және құрастыру дағдыларын қалыптастыру; ойын элементтері арқылы білімді нығайту.
  • Тірек білімдерін жетілдіру, өрнек және оның түрлері туралы білімді пысықтау.
  • Сәйкес іс-әрекеттерді орындауға машықтандыру.
  • a + 1, a + 8, a − 1, a − 8 өрнектерінің мәнін табу тәсілдерімен таныстыру.
  • 1 және 8 санын қосу мен азайту кестесін қайталау.

Дамытушылық

  • Іскерліктерін және ойлау қабілетін дамыту.
  • Өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
  • Таза әрі көркем жазуға үйрету.
  • Есте сақтау және логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
  • Танымдық қызығушылықты күшейту.

Тәрбиелік

  • Тазалыққа, ұқыптылыққа және білімге құштарлыққа тәрбиелеу.
  • Есеп шығаруда шыдамдылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың ұйымдастырылуы

Сабақтың әдістері

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Кестемен жұмыс
  • Деңгейлік тапсырмалар
  • Ойын элементтері және т.б.

Сабақтың түрі

Пысықтау сабағы, ойын сабағы.

Көрнекіліктер

  • Суреттер
  • Кеспе сандар
  • Қима қағаздар
  • Үлестірмелі материалдар
  • Поезд макеті
  • Кесінділер
  • «Қонақ үйлер» және т.б.