Қояндар қонақта ойыны
Тақырыбы
Әртүрлі заттар тобын салыстыру және теңестіру
Мақсаты (білімділік)
- Балаларды «таңертең» ұғымымен (тәуліктің бөлігі) таныстыру және оны сөйлеу барысында қолдануға үйрету.
- Таныс заттарды көлемі мен саны бойынша салыстыруға үйрету.
Мақсаты (дамытушылық)
Балалардың қоршаған ортадан бір және көп затты таба білу дағдысын дамыту.
Мақсаты (тәрбиелілік)
Балаларды шыдамдылыққа және қызығушылыққа тәрбиелеу.
Дайындық және ұйымдастыру
- Алдын ала жұмыс: ойындар ойнату.
- Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттату.
- Көрнекіліктер: әр балаға жұмыс дәптері, суреттер.
Сөздік жұмыс және қостілділік
Мотивациялық-қозғаушы кезең
Шаттық шеңбері
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен, Бізге келген қуаныш нұр іздеген. Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз, Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Оқиғалық кіріспе
Мен балабақшаға келе жатып, жолдан ойыншық аюды кездестірдім (аюды көрсетеді). Ол қонжықтарына бал салынған бөшкелердің жететін-жетпейтінін анықтауға көмектесуді сұрады.
Қалай көмектесеміз? Көмектесеміз бе?
Бағдарлаушы сұрақтар
- Бүгін аптаның нешінші күні?
- Жылдың қай мезгілі?
- Көктемнің қай айы?
- Көктем мезгілінің ерекшеліктерін айта аласыңдар ма?
- Сендер ойнағанды жақсы көресіңдер ме?
Іздену-ұйымдастыру кезеңі
«Жете ме?» ойыны (қонжықтар мен бөшкелер)
Суретке назар аударайық. Қонжықтардың көңіл-күйі қандай? Олар сәл көңілсіз сияқты ма?
Қонжықтарды немен қуантуға болады? Оларға бал салынған бөшкелерді сыйлайық.
- Қонжықтарға бөшкелер жетті ме?
- Қайсысы көп: қонжықтар ма, әлде бөшкелер ме?
- Екеуі тең болуы үшін не істеу керек?
- Енді қанша бөшке болды?
- Қайсысы көп: қонжықтар ма, әлде бөшкелер ме?
Негізгі ұғымдар: бір көп
Сергіту сәті
Ыршып-ыршып секіріп, Қоян келді кеңкиіп. Аяқтары жаураған, Қолдары да жаураған, Жылытпақ боп тырысты, Жүгірді де қуышты. Бір жоғары, бір төмен, Жүр аяқтың ұшымен. Секіреміз, отырамыз, Аяқтарды жылытамыз.
«Қояндар қонақта» ойыны
Қояндар не жегенді жақсы көреді?
Қайсысы көп: қояндар ма, әлде сәбіз бе?
Тексеру үшін әр қояннан сәбізге қарай жол сызып, сәйкестендірейік. Осылайша қояндарды қонақ етеміз.
«Моншақты жина» ойыны
Геометриялық фигураларды жіпке моншақ сияқты тізіп шығайық.
Сұрақ: Моншақты қандай геометриялық фигуралардан жинадыңдар?
Қорытынды
Салыстыру
Заттарды көлемі мен саны бойынша салыстыру.
Теңестіру
Топтарды сәйкестендіріп, тең қылу.
Сөздік
бір, көп.
Қостілділік
бір — один, көп — много.