Өткен сабақты қорытындылау
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың тақырыбы
Мен не үйрендім? Тарауды қайталау.
Сілтеме
Ана тілі. Жалпы білім беретін мектептің 4-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2011.
Жалпы мақсаты
Өткен тарауды қайталау.
Оқу нәтижесі
- Топтық жұмыс арқылы тақырыпты түсіну, ойлану, талқылау.
- Мұғалімнің оқуға бағыттап отыруы.
- Оқушылардың өзін-өзі бағалау дағдыларын дамыту.
Тапсырмалар
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Мақсатымыз — білім алу,
Міндетіміз — еңбектену.
Еңбек етіп жұмыла,
«5»-ке қолды жеткізу!
Топқа бөлу
Оқушылар стикер түсі бойынша топтарға бөлінеді: қызыл, сары, жасыл, көк.
Сынып ережелері
- Сабақты босатпау, кешікпеу.
- Топтағы оқушылардың пікірін тыңдау.
- Ойды еркін әрі тиянақты жеткізу.
- Басқа топтың ойын тыңдау.
- Уақытты тиімді пайдалану.
Өткен сабақты қорытындылау
- 1. «Көкшетау» өлеңін шумақтарға бөліп, мәнерлеп оқу.
- 2. Ілияс Жансүгіров шығармаларын «бәйтерек» бұтақтарынан оқып шығу.
Жаңа сабақ: тарауды қайталау
Өз біліміңді тексер
10 сұрақтан тұратын тест орындау.
Тест жауаптарын тексеру
Дұрыс жауаптарды көрсету және талқылау.
Шығармашылық жұмыс (топтар бойынша)
1-топ
Көктем туралы өлеңдерді еске түсіріп, жатқа айту.
2-топ
«Көктем» тақырыбына эссе жазу.
3-топ
Шатасқан шумақтарды ретке келтіріп жазу.
4-топ
Жыл мезгілдері туралы эссе жазу.
Сергіту сәті
«Жұмыр қылыш» биін көрсету және оқушыларға қимылдарды қайталату.
Қосымша тапсырмалар
«5 жол өлең» құрастыру
Берілген тақырып бойынша бес жолдан тұратын өлең жазу.
«Сөз ойла, көп ойла»
Негізгі сөзден барынша көп қысқа сөздер құрастыру. Негізгі сөз: «Көктем».
«Сұрақтары бар қорап»
Оқушылар қораптан сұрақ алып, ауызша жауап береді; қажет болса, топ болып талқылайды.
Бағалау
- Бағдаршам әдісі: оқушылар өз жұмысын жасыл/сары/қызыл түстер арқылы өзін-өзі бағалайды.
- Өзара бағалау: топтар бір-бірінің жұмысын бағалау парағы арқылы бағалайды.