Саз жетекшісі
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Музыка
Білім беру саласы
Шығармашылық
Тақырып
«Бақшаға келемін»
Мақсаты
Балалардың балабақша туралы түсініктерін қалыптастыру және кеңейту, көңіл күйлерін көтеру.
Міндеттері
- Ән сөздерін анық, бірқалыпты әрі таза айтуға, әнді бірге бастап, бірге аяқтауға жаттықтыру.
- Әнді соңына дейін тыңдап, мінезін (көңіл күйін) ажырата білуге үйретуді жалғастыру.
- Әнді көңілді, қуанышты орындауға ынталандыру.
- Музыкаға сай би қимылдарының элементтерімен таныстырып, биге қызығушылығын арттыру.
- Ойын арқылы балалардың эмоциясын ояту.
- Сыйластыққа, мейірімділікке, бір-бірімен достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Тілдік және ұйымдастыру ресурстары
Сөздік жұмыс
Балабақша, тәрбиеші, тал-терек, желпиді желегін, ертерек.
Билингвальді компонент
Балабақша.
Қажетті құралдар
- Сиқырлы орамал
- Қуыршақ
- Алмалар
- Кәрзеңке
Жүру барысы
Балалар көңілді әуенмен залға кіріп, шеңберге тұрады.
Тыныштық сәті
1, 2, 3 — көзімізді жұмамыз.
Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып тұрыңдар.
Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар.
Тыныс алуларыңды бақылап, тыныштыққа толы шипалы ауаның тұла бойларыңа жайлап тарағанын сезініңдер.
Енді көздеріңді ашуға болады.
Коммуникативтік және валеологиялық ойын: «Сәлеметсіз бе?»
-
Сәлем, менің қолдарым!
Қолдарын жоғары көтеріп, буыннан айналдырады.
Тарс-тарс-тарс! — 3 рет алақандарын соғады.
-
Сәлем, менің аяқтарым!
Серіппе қимыл жасайды.
Топ-топ-топ! — аяқтарын топылдатады.
-
Сәлем, менің беттерім!
Беттерін сипайды.
Шақ-шақ-шақ! — 3 рет шапалақтайды.
Томпақ-томпақ беттерім!
Беттерін жұдырықтарымен сипайды.
Шақ-шақ-шақ! — 3 рет шапалақтайды.
-
Сәлем, менің ернім!
Басын оңға-солға шайқайды.
Чмок-чмок-чмок! — 3 рет ерінін көрсетеді.
-
Сәлем, менің тістерім!
Басын оңға-солға шайқайды.
Тарс-тарс-тарс! — 3 рет тістерін қағады.
-
Сәлем, менің мұрным!
Мұрнын сипайды.
Бип-бип-бип! — мұрнын сұқ саусағымен көрсетеді.
-
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Қонақтармен амандасады.
Сәлем! — қолдарын бұлғайды.
Әңгімелесу және музыкалық сергіту
Саз жетекші сұрағы
Балалар, сендер таңертең тәтті ұйқыдан оянып, қайда келесіңдер?
Балалар: Балабақшаға.
Тақпақ
Таңертең ерте тұрамын,
Бетімді, қолымды жуамын.
Киініп алып, томпаңдап,
Балабақшаға келемін!
Қимылды ән
Балабақшаға тез жету үшін көлікке мінеміз. Ендеше қазір «көлікке мініп», әнмен бірге қимыл жасайық.
Ән: «Машина»
Балалар машинаның қимылын жасап, әнді орындайды.
Сұрақ-жауап
Міне, балабақшаға да жеттік!
- Балабақша сендерге ұнай ма?
- Балабақшада нені үйренесіңдер?
- Балабақшада немен шұғылданатынымызды көргілерің келе ме?
Осы сәтте балаларды отырғызып, слайд көрсетіледі.
Жұмбақ
Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салдырып үйреткен.
Әріптермен, суретпен
Таныстырған біздерді.
Ол кім?
Балалар: Тәрбиеші апайлар.
Балабақша туралы
Біздің балабақшамыз қалай аталады?
Балалар: «Ақбота».
Тәрбиеші апайларыңның аттарын білесіңдер ме?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Көңіл күй туралы
Музыка әртүрлі көңіл күй сыйлайды. Сендер балабақшаға келгенде қандай көңіл күйде боласыңдар?
Балалар: Көңілді.
Ән тыңдау
«Балабақша»
Әні: К. Қуатбаев. (Слайд көрсетіледі.)
Талқылау сұрақтары
- Ән қандай көңіл күйде орындалды?
- Әнде не туралы айтылды?
Жаңа ән үйрену
«Бақшаға келемін»
Әні: Ө. Байділдаев.
Ән айтпас бұрын дауысымызды жаттықтырып алайық.
Дауыс жаттығуы: «Күзгі жапырақтар»
Дыбыс биіктігін сақтап, анық айтуға көңіл бөлінеді.
Үйрету барысы
- Әуелі саз жетекші әнді толық орындап береді.
- Ән мазмұны талқыланады: не туралы, көңілді ме әлде мұңды ма?
- Әннің бірінші шумағы үйретіледі.
Қызықты сәт: қонақ келді
Есік қағылады: «Тук-тук-тук».
Саз жетекші: «Кім болды екен? Біреу есік қағып тұрған сияқты ғой…»
Есіктің сыртынан қуыршақ Ақмарал кіргізіледі.
Қуыршақ Ақмарал
«Сәлеметсіңдер ме, балалар? Менің атым — Ақмарал. Сендермен ойнауға қонаққа келдім. Құр келген жоқпын, сиқырлы орамалымды ала келдім!»
Балалар қуыршақпен амандасады: «Сәлеметсің бе!»
Ойын: «Сиқырлы орамал»
Ойын арқылы балалардың эмоциясы оянып, белсенді қатысуы қолдау табады.
Ақмарал балаларға алма сыйлайды.
Қуыршақ: «Балалар, сендерге де рахмет. Маған өте ұнады, көңілім көтерілді!»
Би: «Достасамыз»
Балалар қуыршақпен бірге «Достасамыз» биін билейді.
Музыкасы: Р. Рустамов.
Саз жетекші: «Өте тамаша биледіңдер! Балабақшада бір-біріңді ренжітпей, осылай дос болып жүріңдер!»
Қорытынды
Қайталаймыз
- Бүгін не үйрендік?
- Қандай ән тыңдадық?
- Қандай ән үйрендік?
- Бізге кім келді?
- Қандай ойын ойнадық?
- Биіміз қалай аталады?
Қоштасу
Бүгінгі оқу іс-әрекеті сендерге ұнады ма? Сендер өте белсенді қатыстыңдар. Сау болыңдар, балалар!
Балалар қоштасып, залдан шығып кетеді.
Автор туралы мәлімет
Атырау қаласы, КМҚК №25 «Еркемай» балабақшасы.
Умирзахова Эльмира Сиратовна — саз маманы.