Әңгімелеу Жаңылыс пен ақиқаттың есігі Талдау сұрақтары

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Өмірдің мәні

Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: адалдық жауапкершілік шынайылық

Сабақтың мақсаты — оқушыларға өмірдің мәні туралы түсінік бере отырып, «ақиқат» құндылығының маңызын ашу және оны күнделікті әрекетпен байланыстыра қарастыру.

Ресурстар

  • Мультимедиялық тақта
  • Оқулық, дәптер
  • Мақал-мәтелдер, дәйексөздер
  • Маркер, ақ қағаз
  • Гүл, жүрек, көбелек суреттері

Әңгімелеу

Тақырыпты ашуға арналған мәтін: «Жаңылыс пен Ақиқаттың есігі». Оқушылар мәтінді тыңдап, мазмұнын өз ойларымен байланыстыра талдайды.

Талдау сұрақтары

  • 1 Мәтінде адам неліктен Ақиқатты іздеді деп ойлайсың?
  • 2 Жаңылыс неліктен «Оны өзім де іздеп жүр едім» деді?
  • 3 Не себепті Ақиқат пен Жаңылыс кездесе алмайды?
  • 4 Өзің Ақиқатты қайдан іздейсің?
  • 5 «Ақиқат — адастырмайды» дегенге сенесің бе? Неліктен?

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды және өз ойларын дәлелдеуге үйренеді.

Шығармашылық жұмыс

Тапсырмалар оқушының ойлауын кеңейтіп, адалдық, жауапкершілік, шынайылық сияқты қасиеттерді тәжірибе арқылы бекітуге бағытталған.

1-тапсырма

Шәкәрімнің: «Өтірік ақиқаттан алыстатса, шындық ақиқатқа жақындатады. Ақылы мен ұжданы үйлесім тапқан адам өтірік айтпайды» деген ойын көзқарас – себеп – мысал – қорытынды әдісімен талқылаңдар.

2-тапсырма

Жақындарыңмен (ата-ана, ата-әже, туыстар, іні-қарындас, аға-әпке, көрші және т.б.) «Өмірдің мәні неде?» тақырыбында пікірлесіп, өз көзқарасыңмен салыстыр. Қажет болса, мұғалімнен кеңес ал.

3-тапсырма

«Мен кіммін?» және «Менің өмірімнің мақсаты неде?» сұрақтарын қамтып, эссе жазыңдар.

Нәтиже

Оқушылар тапсырмаларды орындау арқылы сабақта түсінгендерін тереңдетіп, жеке пікірін қалыптастырады және қорытынды жасайды.

Дәптермен жұмыс

  • Дәптердегі тапсырмаларды өз бетінше орындайды.
  • Қажет жағдайда мұғалімнің көмегімен толықтырады.

Үй тапсырмасы

«Айтып несіне әуре боласың…»

Оқушылар тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.

Жүректен жүрекке

«Аңса, жаным» әні

Сабақ соңында оқушылар «Аңса, жаным» әнін ерекше көңіл-күймен орындап, сергіп, жақсы әсермен қорытынды жасайды.

Мәлімет

Мектеп
Бейнеу лицейі КММ
Мұғалім
Таженова Ш.