Өлеңнің мазмұнын түсіндіру
Сабақтың тақырыбы
«Қанат туралы хикая»
Пән
Ана тілі (4-сынып)
Сабақ түрі
Тренинг-сабақ
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Фариза Оңғарсынованың өлеңіндегі негізгі ой мен идеяны ұғындыру. Ата-ана мен бала арасындағы махаббатты ашып, балаларға өз ата-анасынан жақын әрі қасиетті адам болмайтынын түсіндіруге мүмкіндік беру.
Дамытушылық
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа үйрету, мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру, өз ойын еркін әрі дәл жеткізе білуге баулу.
Тәрбиелік
Үлкенді сыйлауға, ата-анасын сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер мен байланыс
Әдіс-тәсілдер
- жинақтау
- топтау
- сұрақ-жауап
- көрнекілік
- тренинг
Пәнаралық байланыс
- музыка
- дүниетану
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
Сұрақтар
- Балалар, қазір қай мезгіл?
- Наурыз айында қандай мейрам бар?
- Аналар күні жақындап келеді.
Өлең (оқу сәті)
Жылу, жылылықтан жаралған,
Құшағы оның — таң мекен.
Менің айдай анамнан
Асқан сұлу бар ма екен?
Мейірім — нұр төгілген
Күн көзіндей жанары.
Ойымды оқып өңімнен,
Дірілдейді қабағы.
Жердегі бар тағамнан
Ана сүті нәрлі екен.
Бұл жалғанда анамнан
Сүйікті адам бар ма екен?!
Жер бетінің ғұмыры
Күн нұрымен арайлы.
Біздің үйдің жылуы
Анамыздан тарайды.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- Б. Бұлқышевтің «Ана» мәтінін жатқа айту.
- Ана туралы мақал-мәтелдер жазу.
- Өз анаңды суреттеп (сипаттап) жазу.
- Ашық хат жасап, анаңа ақ тілек жазу.
III. Өткенді пысықтау (тест)
I қатар
-
Көркем әдебиет жанрларының бірі:
а) мінездеу ә) лирика б) кейіптеу
-
«Сүйемін, өскен Отаным» өлеңінің авторы:
а) М. Мақатаев ә) Қ. Аманжолов б) І. Жансүгіров
II қатар
-
Далада, құмда, жерде өсетін сәбіз тәрізді жабайы өсімдік:
а) қызылша ә) шалқан б) көсік
-
«Мейлі шарлап теңіз отым, тау бастым, / Мейлі көктің ақ бұлтына жармастым.»
Бұл қай өлеңнен алынған?
а) «Қазақстан» ә) «Ұшып келем» б) «Ана тілі»
III қатар
-
Ағаштан ойылып жасалған ас салатын ыдыс:
а) астау ә) келі б) науа
-
Ай мүйізді, аққу қанатты қос пырақ қай елде өмір сүріпті?
а) Алматы ә) Ергенеқон б) Көкшетау
IV. Жаңа сабақ
1) Қызығушылықты ояту
«Бұл кім?» ойыны
Үйдегі алтын қазық. Ол ақылды болса, бала дана болады. Оның тәрбиесі — қызға үлгі. Ол жоқты бар, ашты тоқ ететін, үйдің бақ-берекесі. Жүрекжарды жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші де, мың бұралған биші де — бәрі сол адамнан туып, соның мейірімінен нәр алып өседі.
Жауабы: Ана
Әркімнің сүйенер тірегі. Әркімге қымбат жан. Оны ардақтай білу керек, өйткені ол отбасының негізгі тіректерінің бірі. Түр-түрі болады: бірі ақылды, бірі білімді, бірі жігерлі, қайратты, батыл келеді.
Жауабы: Әке
Осы екі адамды біз бір сөзбен қалай атаймыз?
Жауабы: Ата-ана
2) Ақын туралы мағлұмат
Фариза Оңғарсынова (1939) — Атырау облысы, Исатай ауданында дүниеге келген, қазақтың дарынды ақыны. Лирикалық өлең кітаптарының авторы.
Бүгінгі тақырыбымыз — «Қанат туралы хикая».
3) Тыңдалым
Өлең үнтаспа арқылы тыңдалады (немесе мұғалім мәнерлеп оқиды).
4) Сөздік жұмысы
Хикая
Сюжетке құрылған оқиға желісі.
5) Талдау және сұрақтар
- Құстың балапаны жерге құлап қалғанда, ата-анасы не істеді?
- Ата-анасы «жылады» деген сөз тура мағынада айтылған ба?
- Дәрі жағып, көмек бергеннен кейін балапанның хәлі қалай болды?
V. Кітаппен жұмыс
1) Іштей оқу
Өлеңді үнсіз оқып, мазмұнын ұғыну.
2) Жеке оқу
Оқушылар кезекпен мәнерлеп оқиды.
3) «Поэзия минуты»
Ерекше әсер еткен жолдарды бөлісу.
VI. Дәптермен жұмыс
1) «Ойымнан туған өрнектер» (ұйқас бойынша өлең шығару)
................................. боламын
................................. аламын
.................................
................................. ата-ананың
2) Мақалдың жалғасын тап (және мағынасын түсіндір)
- Ана сүтін ақтамағанды, ешкім мақтамайды.
- Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.
3) Тілек жазу
«Қабыл ал, балаңның сәлемін жолдаған…» тақырыбында ата-анаңа арнап қысқа, шынайы тілек жаз.
VII. Сергіту сәті
Қиял-тапсырма
«Егер мен ата-ана болсам…»
Өздеріңді үлкен адам ретінде елестетіңдер: сенің балаң бар делік. Оған қандай тәрбие берер едің?
VIII. Сабақты бекіту
1) Ішкі рефлексия
Көздеріңді жұмып, ата-аналарыңды ойлаңдар. Көз алдарыңа елестетіңдер. Сұрақтарға іштей жауап дайындаңдар:
- Сен ата-анаңды жақсы көресің бе?
- Сенің ата-анаң қандай адам?
- Әкеңнің мінезі қандай? Анаңның мінезі қандай?
- Сені қалай еркелетеді?
2) Көңіл күйді анықтау
Өлеңді оқу барысында қандай күйде болдыңдар?
- 1) Ренжідік
- 2) Таңқалдық
- 3) Өте қуандық
- 4) Аядық
IX. Бағалау және мадақтау
Өзіндік бағалау
Сабақ бойы жиналған гүлдер ұпай ретінде есептеліп, бағалауға қосылады.
Балалар, сендер гүлдей құлпырып, ата-аналарыңның көз қуанышы болып жүре беріңдер. Жинаған гүлдеріңді ата-аналарыңа сыйлаңдар.
X. Үйге тапсырма
- Ата-анаңа ақ тілек жазып, ашық хат дайындау.
- Мақал-мәтелдер жаттау.
- Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу.