Төрт түлікке сипаттама

Сабақтың тақырыбы

«Төрт түлігім — ырысым. Ана сүті мен жылқы сүті — біздің тарихымыздың басы» (Ғафу Қайырбеков)

«Қазақ тарихы — жылқы тарихы, жылқы тарихы — қазақ тарихы» (Қажытай Ілиясұлы)

Мақсаты

  • Төрт түлік туралы білім беру, олардың тіршілігімен, табиғатымен және қадір-қасиетімен таныстыру.
  • Қазақ халқының мал шаруашылығымен айналысатынын түсіндіру.
  • Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, тілін дамыту.
  • Малды күтуге, қадірлеуге, өсіруге және ата кәсіпке құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Төрт түліктің суреттері Слайдтар Ойын түрлері

Сабақтың жүру барысы

  1. 1 Тақпақтар айту
  2. 2 Төрт түлікке сипаттама беру
  3. 3 Жұмбақ шешу
  4. 4 Сайыс ұйымдастыру
  5. 5 Постер қорғау

Кіріспе: жүргізушілердің тақпақтары

1-жүргізуші

Қой деген — момын жануар,

Айта берсең таусылмас.

Қасиеті тағы бар.

2-жүргізуші

Өскенде түйе боласың,

Қазір әлі ботасың.

1-жүргізуші

Торпақтарым томпиған,

Көздері мөлдір монтиған.

Топқа бөлу

Ұйымдастыру

  • Оқушыларды топқа бөлу
  • Әр топқа атау беру

Топ атаулары

1-топ
Қой
2-топ
Түйе
3-топ
Сиыр
4-топ
Жылқы

Төрт түлік туралы қысқаша сипаттама

Қой

Момындық пен берекенің нышаны

1-топ

Қой — төрт түліктің ішіндегі ең момын мал. Сондықтан халқымыз бірқалыпты, сабырлы, өсек-аяң мен қулық-сұмдықтан алыс адамды «қой аузынан шөп алмайтын момын» деп бекер айтпаған.

Қой ежелден берекелі, несібелі мал саналған. Балалар ауырып қалғанда, кей өңірлерде қойдың құйрық майын ем ретінде пайдаланған.

Түйе

Төрт түліктің төресі

2-топ

Түйенің пайдасы мол. Түйе сүтінен дайындалатын шұбат — әрі сусын, әрі тағам. Оның емдік қасиеті де жоғары.

Түйенің еті мен майы құнарлы, ал жүні сапалы әрі тұрмысқа кең қолданылады.

Сиыр

Зеңгі баба тұқымы

3-топ

Сиыр — адамға серік, ақылды әрі момын жануар. Күнделікті ас-ауқатымыздың көп бөлігі сиыр өнімдеріне байланысты.

Сүт өнімдері: құрт, ірімшік, айран, май, қатық.

Жылқы

Төзімділік пен еркіндіктің символы

4-топ

Жылқы — жер жүзіне кең тараған түлік. Ол өте төзімді: қыстың сары аязында да далада жайылып жүре береді, себебі суыққа шыдамды.

Жылқының еті мен сүті ерекше бағаланады. Қазы-қарта, жал-жая сияқты ұлттық тағамдар жылқыдан дайындалады.

Шағын шығармашылық бөлім

1-топ: «Құрт» туралы тақпақ

Құрт деген — арғы атасы ақтан болар,

Жарнамасын айта берсең дастан болар.

Аузыңа салып алып,

Ұртыңды бұлтыңдатып,

Ойланып жатсаң — бұл

Денсаулыққа пайдалы ас болар.