Сын есім тобында қыз бала нешеу
Сабақ жоспары
Сан есім
Бұл материал бастауыш сыныпқа арналған: сан есім туралы білімді еске түсіру, сөйлемнен сан есімді табу және сөз таптарын ажырату дағдыларын дамытуға бағытталған. Сабақта ойын, сұрақ-жауап, тақтамен жұмыс, семантикалық карта сияқты әдістер қолданылады.
Сабақтың мақсаты
- Білімділігі: сан есім туралы берілген білімді еске түсіру; сөйлем ішінен сан есімді таба білу; сөз таптарын ажырату.
- Дамытушылығы: сөздік қорды байыту; байланыстырып сөйлеуді жетілдіру; шығармашылық қабілеттердің дамуына жағдай жасау.
- Тәрбиелігі: оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, көркем жазуға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдістер мен тәсілдер
Көрнекіліктер
- Слайдтар
- Жұмбақтар
- Семантикалық карта
Топқа бөлу
Сабақ барысында оқушылар үш топқа бөлінеді. Бұл құрылым жаңа тақырыпты бұрынғы біліммен байланыстырып, әр топқа бағытталған тапсырмалар арқылы белсенді қатысуды арттырады.
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Жаңа білім алуға,
Алға қадам жасаймыз.
Кіріспе әңгіме: «Сөз таптары» туралы ертегі
Ертеде «Сөз таптары» деген ата болыпты. Атаның төрт баласы бар екен. Затты жақсы ажырата білген үлкен баласын Зат есім деп атапты. Екінші баласы үнемі қимылдап жүретін болған соң оның атын Етістік деп қойыпты. Үшінші баласы заттың дәмін, түрін, түсін жақсы ажыратқандықтан Сын есім атаныпты. Ал төртінші баласының атын бірге табамыз.
II. Өткенді қайталау
Әр топ өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді. Ол үшін ұяшық таңдалып, төмендегі сұрақтардың бірі беріледі.
- 1. Зат есім дегеніміз не?
- 2. Жалқы есім дегеніміз не?
- 3. Жалпы есім дегеніміз не?
- 4. Зат есімнің жекеше түрі дегеніміз не?
- 5. Зат есімнің көпше түрі дегеніміз не?
- 6. Етістік дегеніміз не?
- 7. Дара етістік дегеніміз не?
- 8. Күрделі етістік дегеніміз не?
- 9. Сын есім дегеніміз не?
III. Жаңа сабақ: Сан есім
Ой қозғау сұрақтары
- Бүгін айдың нешесі?
- Аптаның нешінші күні?
- Сен неше жастасың?
- Сен нешінші сыныпта оқисың?
Осы сұрақтардағы қанша? неше? нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер қай сөз табына жатады? Бүгінгі тақырып — сан есім.
Күннің жадын жазу және көркем жазу
Оқушылар күннің жадын жазады. Көркем жазу үлгісі:
Сс Сс Сс
сегіз сегіз
Екі, төрт, алты сөздеріне қандай сұрақ қоямыз?
Екінші, төртінші, алтыншы сөздеріне қандай сұрақ қоямыз?
Екеу, төртеу, алтау сөздеріне қандай сұрақ қойылады? Нешеу?
1-тапсырма: Жаттығу 2
Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу сөздеріне -ау, -еу жұрнақтары жалғанады. Екі, жеті, алты сөздерінде ы, і әріптері түсіп қалады.
2-тапсырма: «Кім тапқыр?»
Берілген сөздердің әрбір дыбысынан үш сан жазып шығу.
Жас
Түс
Бет
Бұл сөздерге қандай сұрақ қойылады?
Қазақ халқы тілге бай: әр сөзін талдап, мән беріп отырған. Сол сияқты әр санға да мән берген. Киелі сандар туралы не білесіңдер?
Үш санына байланысты ауданымызда не бар? 3 мектеп бар.
Бес санына байланысты ауданымызда не бар? 5 қабатты үй бар.
3-тапсырма: «Тез ойлан»
I топ
1, 2, 5, 10, 20, 50, 100, 200, 500, 1000, 5000, 10000 — бұлардың әрқайсысының құны бар (теңгелер).
Асханада пирожки (қанша?) __________ теңге тұрады?
100 теңгеге (неше?) __________ пирожки аласың?
Төл теңгеміз (неше?) __________ жасқа толады?
II топ
Білімі жетсе, шамасы, алатын алар бағасы — 2 мен 5-тің арасы. (Мектеп бағалары)
Мектебіміз (неше?) __________ жасқа толып жатыр?
Жылдың соңында күнделікте (қанша?) __________ бестік болу керек?
III топ
Әр жылдағы қалпы. (Күн сандары)
Бір жылда (неше?) __________ ай бар? (12)
Бір ғасырда (неше?) __________ жыл бар? (100)
Кібісе жыл (неше?) __________ жылда қайталанып келеді?
4-тапсырма: Жаттығу 3
Келесі кезеңде оқушылар 3-жаттығуды орындайды.
5-тапсырма (I топ)
Артық сөзді сызып тастап, сөз құрамына талдаңдар. Содан кейін сөйлем құраңдар.
Бірінші, екінші, қызыл, бесінші, кітап, гүл, отыр.
5-тапсырма (II топ)
Сандарға байланысты 6 сөз құраңдар. Сол сөздерге дыбыстық талдау жасаңдар.
А л т ы ж е ө с е к р е т і т б
5-тапсырма (III топ)
Сөз құрап, сұрақ қойыңдар:
- 6 + н + ай
- с + 10 + а
- т + 10
- 100 + ім
- 100 + ік
- 5 + ік
- 6 + н + гүл
- к + 2 + л
6-тапсырма: «Бәйге»
Топтар санға байланысты мақал-мәтелдер жазады. Әр мақал-мәтелден сан есімді тауып, түрін ажыратады.
7-тапсырма: Семантикалық карта
| Сөздер | Кім? Не? | Не істеді? | Қандай? |
|---|---|---|---|
| Ата | |||
| Жүзді | |||
| Қызыл | |||
| Ойнады | |||
| Әдемі |
Қорытынды сұрақтар
Бүгін біз «Сөз таптары» атаның төртінші баласын табуға көмектестік пе?
Төртінші баласының аты кім?
Сан есім дегеніміз не?
IV. Үй тапсырмасы
Үйге тапсырма мұғалімнің нұсқауына сәйкес беріледі (тақырып бойынша сан есімді табу, сұрақ қою, сөйлем құрастыру).
V. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және жауаптарының дәлдігі бойынша бағаланады.
Автор туралы
Мұғалім
Дюсегалиева Нұрсәуле Амангелдіқызы
Мекеме
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы,
№1 орта жалпы білім беретін мектеп