Спортпен айналысу, таза жүру

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Жас ұрпаққа адам денсаулығының аса қымбат құндылық екенін, өмір сүру үшін қажетті ең бағалы байлық екенін түсіндіру.

Дамытушылық

Сын тұрғысынан ойлауды, шығармашылық қабілетті дамытып, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Тәрбиелік

Денені шынықтыруға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Суреттер
  • Карточкалар
  • Тірек-сызба
  • Мақал-мәтелдер

Кіріспе: «Ең үлкен байлық — денсаулық»

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Ең үлкен байлық — денсаулық» тақырыбында тәрбие сағатын ұсынамыз.

Денсаулықты қалай түсінеміз?

  • Денсаулық — ел дамуының басты тірегі.
  • Денсаулық — жеке адамның ең үлкен байлығы.
  • Денсаулық — адам тіршілігінің алғашқы шарты.
  • Бүгінгі дені сау ұрпақ — елдің ертеңгі жалғасы.

Ой ашар сұрақтары

Төмендегі жұмбақтар арқылы күнделікті гигиена мен пайдалы әдеттерді еске түсіреміз.

Жұмбақ 1

«Ол судан қорқады, одан кір қорқады.»

Жауабы: сабын

Жұмбақ 2

«Тіс тазартатын құралдар»

Жауабы: тіс щеткасы мен тіс пастасы

Жұмбақ 3

«Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ»

Жауабы: дене тәрбиесі

Жұмбақ 4

«Адам өміріне ең қажетті заттар»

Жауабы: ауа, су, жылу, жарық, тамақ

Жұмбақ 5

«Жалқаудың досы»

Жауабы: еріншектік пен ұйқы

Жеке бас гигиенасы: күнделікті дағдылар

1) Тазалық пен тәртіп

  • Таза жүру, таңертеңгі жаттығу жасау, жүгіру, жуыну.
  • Тырнақты өсірмей, уақтылы алып жүру.
  • Күн тәртібін сақтау.

2) Үйде де, мектепте де

  • Тазалықты сақтау.
  • Тісті уақытында жуу, қолды сабындап жуу.
  • Бөгде, лас заттарды ұстамауға дағдылану.

3) Дұрыс тамақтану мәдениеті

  • Жеміс-жидекті міндетті түрде жуып жеу.
  • Тамақты асықпай шайнап жеу, тамақ үстінде сөйлемеу.
  • Спортпен айналысу, таза жүру.

4) Қарапайым қорытынды

Әр адам өз денесін шынықтырып, таза жүрсе, аурудың алдын алуға болады.

Байлық дегеніміз не?

«Байлық» ұғымын әркім әртүрлі түсінеді: табиғат, мал, білім, техника, саябақ, ақша... Бірақ бәрінің негізінде бір құндылық тұрады.

Негізгі ой

М. Дулатовтың «Байлық» әңгімесін еске түсірсек, ең үлкен байлықтың денсаулық екенін айқын көреміз: денің сау болса — білім аласың, еңбек етесің, арманыңа жетесің.

Топтық тапсырмалар

Әр топқа жеке тапсырма беріледі (уақыты: 3 минут). Соңында әр топ өз жұмысын қорғайды.

  1. 1. Денсаулықтың достарына нелер жатады?
  2. 2. Ұқыпты да әдемі азамат болу үшін денсаулыққа не қажет?
  3. 3. «Денсаулықтың қастары» дегенді қалай түсінесіңдер?
  4. 4. Салауатты өмір салтын сақтау дегеніміз не?

Көрініс: «Жалқаубектің тәттілері»

Оқиға желісі

(Есікті қағып, Жалқаубек кіреді.) Ол балаларға тәтті сусын, сағыз, чипсы әкелгенін айтып, «тамақтанудың құпиясын» білгісі келеді.

Мұғалім Жалқаубекті тоқтатып, оның әкелген тағамдары туралы дәрігердің пікірін сұрауды ұсынады.

Сұрақ

Газды сусын, сағыз, чипсыны күнделікті тамақ ретінде қолдануға бола ма?

Дәрігердің жауабы

Газды сусын

  • Құрамында консерванттар, бояғыштар, хош иістендіргіштер болады.
  • Асқазанға жағымсыз әсер етеді.
  • Қант мөлшері көп болғандықтан тіс жегісін күшейтеді.
  • Дәрумендер мен минералдар жоқ.

Сағыз

  • Қант мөлшері жоғары болуы мүмкін.
  • Іш ауыруын, ас қорыту мәселелерін туындатуы ықтимал.
  • Абайсызда жұтып қою қауіпті.

Чипсы

  • Құрамында бірнеше зиянды қоспалар болуы мүмкін.
  • Жүйке жүйесіне кері әсер ету қаупі бар.

Қорытынды сұрақ

Жалқаубектің әкелген тағамдарын таңдар ма едіңдер? Ендеше, пайдалы тағамдарға басымдық берейік.

Өмір сүру ережелері: күнделікті нұсқаулар

Денеңді күту

  • Су — денені шынықтырады, күш-қуат береді.
  • Таза ауада жиі серуенде.
  • Аптасына бір рет жеңілдетілген режим ұстан: асқазанға демалыс бер.
  • Шаңғы теуіп, қарда ойна сияқты белсенді қимылды көбейт.

Таза орта, таза әдет

  • Табиғатты сүйіп, аяла: жерге түкірме, қақырма, қоқыс тастама.
  • Үлкендермен амандасып жүр.
  • Сау болғың келсе, өзгеге де саулық тіле.
  • Жалғызбасты қарияларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектес.

Мінез бен сана

  • Қызғаншақ болма.
  • Жалқаулық пен қорқақтықты жең.
  • Өтірік айтпа, жаман ойлардан аулақ бол.
  • Ауырып қалсаң, орынсыз уайымға берілме.

Іс пен оқу

  • Бастаған істі аяқта.
  • Жақсы оқы, өзіңді үздіксіз дамыт.

Қысқа нақылдар

Д — Дәрі шөптен, ақыл көптен.

Е — Емнің алды — еңбек.

Н — Негізгі байлық — денсаулық.

С — Саулық — байлық негізі.

А — Ас — адамның арқауы.

У — У ішсең — өлерсің.

Л — Ластың досы — шыбын.

Ы — Ыдысы тазаның ырысы таза.

Қ — Қотыр қолдан жұғады.

Салауат маманының пікірі

Ақжайық Ботаевна өз сөзінде Елбасының «Жаңа онжылдық — жаңа экономикалық өрлеу. Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында денсаулық, спорт және туризмге ерекше көңіл бөлінгенін атап өтеді: қазақстандықтардың 30%-ын бұқаралық спортқа тарту, спорттық кешендер салу, сондай-ақ дәрі-дәрмектің кемінде 50%-ын елімізде өндіру міндеті қойылған. Бұл — мемлекетіміздің ұрпақ денсаулығына басымдық беріп отырғанының дәлелі.

Қорытынды

Денсаулықты сақтау үшін алдын ала сақтану, шынығу, дұрыс тамақтану және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау қажет. Бұл тәрбие сағаты сендерге пайдалы ой мен нақты дағды береді деп сенеміз.