Жаңа жылдық шыршаны және қысқы орманның суреттерін көрсету

Білім беру бөлімі және мақсат

Білім беру бөлімі: Шығармашылық. Бөлім: Сурет салу. Тақырып: Жаңа жыл мерекесі.

Мақсаты

  • Жаңа жыл мерекесі туралы түсінікті тереңдету.
  • Қиялдау мен елестету дағдыларын дамыту.
  • Бауырмалдыққа тәрбиелеу, армандай білуге баулу.

Алдын ала жұмыс

Әңгімелесу, таныстыру, көрсету.

Қос тілдік

Жаңа жыл
новый год
Шырша
ёлка

I кезең: Мотивациялық-қозғаушылық

«Шаттық шеңбері»

Жаңа жылды қарсы алып,

Барлық бала ән салып.

Ақшақар жүр би билеп,

Қол соғады барша жұрт.

Шыршамыз да керемет,

Ойыншықтар тағылған.

Алыс жақтан келіп тұр,

Аяз ата сағынған.

II кезең: Ұйымдастырушылық-ізденістік

Әңгімелесу және жұмбақ

Шанамен зырғып желетін,

Шаңғы, коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

Жаңа жылдық шырша мен қысқы орманның суреттері көрсетіледі. Балалармен қысқа сұрақ-жауап ұйымдастырылады.

  • Шыршаны қай мерекеде безендіреді?
  • Жаңа жыл мерекесіне кімдер келеді?
  • Шыршаға нелер іледі?
  • Аяз ата бізге не алып келеді?

Тосын сәт: Аққаланың келуі

Есік қағылып, шанасын сүйреген көңілсіз Аққала кіреді. Ол балаларға былай дейді:

«Аяз ата мен Ақшақар мерекелік кешке кетті. “Шанаға барлық сыйлықты салып, алып келесің” деген еді. Бірақ сыйлықтың бәрін жалмауыз кемпір ұрлап кетті. Енді Аяз ата мен Ақшақарға не айтамын? Көп бала бізден сыйлық күтіп отыр…»

Балалар Аққалаға көмектесудің жолын ұсынады: сыйлық салатын қорапшалардың суретін салу. Аяз ата сиқырлы таяғымен түрткенде, салынған қорапшалар нағыз сыйлыққа толған қорапқа айналады.

Сурет салу: сыйлық қорапшалары

Педагог қорапшаны салу жолын үлгі ретінде көрсетіп, түсіндіреді. Бұл тапсырма күрделі емес: алдымен таныс геометриялық пішіндерді қолданамыз.

1-қадам

Тікбұрыш пен шаршыдан қораптың пішінін салу.

2-қадам

Қылқаламмен бояп, түс таңдау арқылы мерекелік көңіл күй беру.

3-қадам

Қарындашпен әсем байлауыш (лента) белгілеу.

Оқу іс-әрекеті барысында қиналған балаларға педагог бағыт-бағдар беріп отырады.

Сергіту сәті

Оңға, оңға түзу тұр.

Солға, солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Өлең оқу

Жаңа жыл, жаңа жыл!

Жаңа жылда жаңа жыр!

Жасыл шырша жанында,

Билеп барлық бала жүр.

III кезең: Рефлексиялық-түзетушілік

Дайын болған сыйлық қорапшалары Аққалаға тапсырылады. Аққала қуанып, алғысын айтады. Педагог балалардың еңбегін атап өтіп, жұмыстарын мадақтайды. Аққала қоштасып, шығып кетеді.

Күтілетін нәтиже

Біледі

Жаңа жыл мерекесі туралы негізгі мағлұматты біледі.

Игерді

Мерекелік көңіл күйді жеткізетін түстерді таңдауды игереді.

Меңгереді

Бір-біріне сүйіспеншілікпен қарым-қатынас жасау, қуаныш сыйлау қасиеттері қалыптасады.

Толық нұсқасын жүктеу