Көктем мезгілінде қандай өзгерістерді байқадыңдар

Сабақтың мақсаты

Тіл дамыту

  • Сурет бойынша әңгіме құрастыруды үйрету.
  • Байланысты, жүйелі және мазмұнды әңгімелеу дағдысын қалыптастыру.
  • Сөйлеу мәдениетін жетілдіру, сөздік қорын байыту.

Жазылым дағдысы

  • Сөйлемдерді дұрыс құрап, ойды айқын әрі дәл жеткізуге үйрету.
  • Сауатты және көркем жазуға төселдіру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру және психологиялық дайындық

Шаттық шеңбері (ұсыныс мәтін):

Қолымызды созайық,

Қағып-қағып алайық.

Бойымызды жинайық,

Көркем етіп жазайық!

II. Үй тапсырмасын тексеру

  • «Бес жолды өлеңді» оқыту.
  • Өткен тақырыпты еске түсіру.
  • Сұрақтар мен тапсырмалар арқылы қысқаша қайталау.

III. Жаңа сабақ

а) Әңгімелесу

Сұрақ: Балалар, жылдың қай мезгілі?

Сұрақ: Көктем мезгілінде қандай өзгерістерді байқадыңдар?

Көркем жазу минуты

Әріптің жазылуын түсіндіру: К к

Жазылым үлгісі:

Көрікті көктем келді.

1-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме жазу

Суретке сүйене отырып, тірек сөздерді қолданып шағын әңгіме құрастырыңдар.

Тірек сөздер:

жеңіл киім, бүршік, ұя, ағаш, құстар, қар, су.

2-жаттығу. Жасырын сөздерді табу

Жасырын сөздерді тауып, өлеңді мәнерлеп оқыңдар.

(Көктем келді) күлімдеп,
(Жердің беті) құлпырып.
(Күннің көзі) шуақты,
(Жылғалардан) су ақты.

Сергіту сәті

Мынау менің жүрегім,

Осыдан бәрі басталады.

Мынау менің басым,

Осы бәрін басқарады.

Менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым.

1, 2, 3 — біз жинаймыз күш!

3-жаттығу. Жұмбақ құрастыру

Әр қатар өздеріне берілген сурет бойынша жұмбақ құрастырады.

1-қатар

Күн

2-қатар

Гүл

3-қатар

Мұз

4-жаттығу. Тақтамен жұмыс

Берілген сөздер мен ұғымдарды топтастырып, мағынасын түсіндіріп, сөйлем құрастырыңдар.

Ұлттық ойындар

  • асық
  • арқан тарту
  • алтыбақан
  • қыз қуу
  • күрес

Ұлттық киімдер

  • камзол
  • кимешек
  • сәукеле
  • тақия
  • ішік

Ұлттық тағамдар

  • наурыз көже
  • ет
  • жент
  • қазы-қарта
  • жал-жая
  • құрт
  • ірімшік
  • қымыз
  • шұбат

Бекіту сұрақтары

1) Көктемде қандай өзгерістер болады?

2) Көктемнің алғашқы мерекелерін ата.

Үй тапсырмасы

«Көктем» тақырыбы бойынша бес жолды өлең құрастыру.