Менің әке

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға мамандықтар туралы түсінік беру, білімін жан-жақты кеңейту.

Дамытушылық

Тіл байлығын дамыту, ойлау өрісін кеңейту, мәнерлеп оқуға машықтандыру.

Тәрбиелік

Ұқыптылыққа, жинақылыққа, сауатты әрі көркем жазуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Microsoft презентациясы
  • Суреттер

Сабақтың форматы

Түрі
Аралас
Әдісі
Сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс, түсіндіру

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгелдеу.
  • Оқу құралдарын тексеріп, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
  • Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.

II. Өткенді қайталау

Қайталау сұрақтары

  • Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?
  • Дауыссыз дыбыстар қалай бөлінеді?

Сөздікпен жұмыс

ответственный
жауапты
был
болған
варит
пісіреді
ценить
қадірлеу

III. Жаңа сабақ

1) Сұрақтарға жауап беру және орыс тіліне аудару (слайд)

  • Кім үй салады?
  • Кім бала оқытады?
  • Кім сиыр сауады?
  • Кім адам емдейді?
  • Кім нан пісіреді?
  • Кім кітап береді?
  • Кім тамақ пісіреді?
  • Кім киім тігеді?
  • Кім азық-түлік сатады?

2) Жаңа сөздер (слайд)

ұшқыш
летчик
ғарышкер
космонавт
ғалым
ученый
мамандық
профессия

3) Сөз тіркестерін құрастыру (слайд)

жас ұшқыш ғарышкер айтты ғалым келді көп мамандық үш ұшқыш ағылшын ғалымы алғашқы мамандық жаңа мамандық

4) Мәтінмен жұмыс (слайд)

Мамандық

Мамандық өте көп. Мен мектепте жақсы оқимын. Математика сабағын өте жақсы көремін. Компьютерде есептер шығарамын. Мұғалім маған көп есеп береді. Менің ғалым болғым келеді.

  • Тапсырма: оқу
  • Тапсырма: аудару

5) Жуан және жіңішке сөздерді атау (слайд)

мамандық көп жақсы есептер маған береді өте

6) Сұрақтарға жауап беру (слайд)

  • Не өте көп?
  • Сен мектепте қалай оқисың?
  • Қай сабақты өте жақсы көресің?
  • Компьютерде нелерді шығарасың?
  • Мұғалім саған не береді?
  • Сенің кім болғың келеді?

7) Суреттер бойынша тапсырманы жалғастыру (слайд)

Сұрақ: Ол не істейді?

Бұл — мұғалім. Ол бала оқытады.

Бұл — аспаз. Ол тамақ пісіреді.

Бұл — дәрігер. Ол адамдарды емдейді.

Бұл — әнші. Ол ән айтады.

Бұл — құрылысшы. Ол үй салады.

8) Сөйлемдерді жазу және асты сызылған сөздерге сұрақ қою (слайд)

Дәрігер — жауапты мамандық.

Дәрігерлік мамандыққа медициналық институтта оқу керек.

Дәрігерлер ақ халат киеді.

Менің дәрігер болғым келеді.

9) Дәптермен жұмыс: сөйлемдерді толықтыру (тәуелдік жалғауды қайталау) (слайд)

Менің шешем — дәрігер.
Сенің шешең — сатушы.
Менің әкем — құрылысшы.
Сенің әкең — ұшқыш.
Менің ағам — студент.
Сенің ағаң — ғалым.

10) Фонетикалық талдау: «Ғалымдар» сөзін талдау (слайд)

Дыбыс

  • Ғ
  • А
  • Л
  • Ы
  • М
  • Д
  • А
  • Р

Сипаттамасы

  • дауыссыз, ұяң
  • дауысты, жуан
  • дауыссыз, үнді
  • дауысты, жуан
  • дауыссыз, үнді
  • дауыссыз, ұяң
  • дауысты, жуан
  • дауыссыз, үнді

11) Тұңғыш қазақ ғарышкері (слайд)

Бұл кім? Тоқтар Әубәкіров — тұңғыш қазақ ғарышкері.

Ал сенің кім болғың келеді?

IV. Сабақты қорыту

  • Сөздікті қайталау.
  • Қандай мамандықтарды білесіңдер?
  • Сенің кім болғың келеді?
  • Оқушыларды бағалау, мадақтау.

V. Үй тапсырмасы

  • Сөздікті жаттау.
  • 86-бет, 2-тапсырма.