Тәртіп пен парыз құндылығы туралы түсініктерін кеңейту

1-сынып Өзін-өзі тану 34 сабаққа арналған жоспарлар

Бұл жазба 1-сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану» пәні бойынша екі сабақ үлгісін жинақтайды. Әр сабақта бала бойындағы дұрыс әрекет, тәртіп, парыз және жан тыныштығы сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған практикалық бөлімдер берілген.

Сабақ үлгісі: «Тәртіп пен парыз»

Құндылық

Дұрыс әрекет

Қасиеттер

Тәртіпті болу, білім іздеу, кешірімшіл болу, адамдарға риясыз қызмет ету

Сабақ мақсаты

Оқушылардың тәртіп пен парыз құндылығы туралы түсінігін кеңейту.

Міндеттері

  • Тәртіп пен парыз туралы түсінік беру.
  • Өзін тәртіпті ұстауға қызығушылық пен сенімділікті арттыру.
  • Ізгілікке, бір-бірін сыйлауға және тәртіпті жүруге тәрбиелеу.

Ресурстар

Үнтаспа Ватман Маркер

І. Ұйымдастыру кезеңі: «Тыныштық сәті»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолдарыңызды айқастырмаңыз. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: күн нұры төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі бар. Ол нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын, таза әсем гүл әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашады.

Нұр сәулесі бойыңызға ақырын тарай бастайды, біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз: қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашады. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.

Нұр аяқтарыңызға тарайды: аяқтарыңыз сәуле шашады. Олар сізді жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Нұр мен махаббат құралына айналады. Одан әрі нұр аузыңызға, тіліңізге тарайды: тіліңіз тек шындықты және ізгі сөздерді ғана айтады.

Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз: құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді естиді. Нұр көздеріңізге де жетсін: көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты көреді.

Басыңыз түгелдей нұрға бөленсін: санаңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте күшейіп, денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады.

Осы нұрды туыстарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз — олардың да жүрегі нұрға толсын.

Нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын. Ғаламның түпкір-түпкіріне нұр жіберіңіз.

Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен — Нұрмын».

Осы Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде біраз отырыңыз. Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз: нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны әсем қалпында сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

ІІІ. Әңгімелеу

Мәтін

«Алғыс» — Мәдіхат Төрежанов

Талқылау сұрақтары

  • Неліктен кейіпкерлер алғысты өзгелерге айту керек деп шешті?
  • Бұл оқиғадан қандай сабақ алдыңдар?
  • Сендер кімге және не үшін алғыс білдірер едіңдер?
  • Адамның қандай парыздары бар?
  • Адам неліктен парызын дұрыс орындауы керек?
  • Әркім өз парызын қалай өтеуі тиіс? Неліктен?

Қосымша: оқулықтағы «Жаңаны білеміз» айдарында берілген мәтінді оқып, талдаңыздар.

IV. Шығармашылық және топтық жұмыс

1-тапсырма

Суреттерге қараңдар. Ондағы кейіпкерлердің алдындағы парыздарың туралы әңгімелеп беріңдер.

2-тапсырма

Суреттерге қараңдар. Ондағы қасиеттер туралы айтып беріңдер. Сұраққа жауап беріңдер: «Егер олар өз қасиеттерін жоғалтса, не болады?»

3-тапсырма

«Ата-баба мұрасын қастерлеу — ұрпақ парызы» дегенді қалай түсінесіңдер? Ойларыңды айтып беріңдер.

V. Топпен ән айту

«Жақсы болыңдар!»

Жақсы нәрсе туралы ойлаңдар!

Жақсы нәрсе айтыңдар!

Жақсы нәрсе тыңдаңдар!

Жақсы нәрсе көріңдер!

Жақсы әрекет жасаңдар!

Бақытқа жеткізер жол — осы!

VI. Соңғы тыныштық сәті

Баяу музыка қосылады. Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақта үйренген қасиеттерді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

№6 1-сынып

Сабақ үлгісі: «Өзіңмен үйлесімді өмір сүру»

Мұғалім: Мұратова Гүлзира

Құндылық

Жан тыныштығы

Қасиеттер

Сыпайылық, ашуланбау, ой тыныштығында отыруды үйрену, өзін-өзі алдамау

Сабақ мақсаты

Өзіңмен үйлесімді өмір сүру туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері

  • Үйлесімді өмір туралы түсінік беру.
  • Өзін ұстай білуге қызығушылық пен сенімділікті арттыру.
  • Ізгілікке, бір-бірін сыйлауға және өзін-өзі алдамауға тәрбиелеу.

Ресурстар

Үнтаспа Ватман Маркер

І. Ұйымдастыру кезеңі: «Тыныштық сәті»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолдарыңызды айқастырмаңыз. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: күн нұры төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі бар. Ол нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын, таза әсем гүл әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашады.

Нұр сәулесі бойыңызға ақырын тарай бастайды, біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз: қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашады. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.

Нұр аяқтарыңызға тарайды: аяқтарыңыз сәуле шашады. Олар сізді жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Нұр мен махаббат құралына айналады. Одан әрі нұр аузыңызға, тіліңізге тарайды: тіліңіз тек шындықты және ізгі сөздерді ғана айтады.

Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз: құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді естиді. Нұр көздеріңізге де жетсін: көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты көреді.

Басыңыз түгелдей нұрға бөленсін: санаңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте күшейіп, денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады.

Осы нұрды туыстарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз — олардың да жүрегі нұрға толсын.

Нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын. Ғаламның түпкір-түпкіріне нұр жіберіңіз.

Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен — Нұрмын».

Осы Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде біраз отырыңыз. Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз: нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны әсем қалпында сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

ІІІ. Әңгімелеу

Мәтін

«Қайыңның көз жасы» — Толымбек Әбдірайым

Талқылау сұрақтары

  • Қапан не үшін ұялды?
  • Ар-ұжданымен өмір сүретін адамды қалай сипаттар едіңдер?
  • Өз қылықтарыңа ұялған сәттерің болды ма? Неліктен?

IV. Шығармашылық және топтық жұмыс

1-тапсырма

Суреттерге қараңдар. Ондағы теріс қылықтарды қалай түзеуге болады? Сахналап көрсетіңдер.

«Жаңаны білеміз»

Ар-ұждан — адамдықтың белгісі. Адамды істеген ісіне қарай бағалайды. Әрбір істі ұятқа қалмайтындай етіп, ойланып жасау керек. Ар-ұжданы бар адам әр уақытта дұрыс әрекет жасайды. Ар-ұжданына сай өмір сүру — әрбір адамның парызы. «Әдепті бала — арлы бала» деп халық бекер айтпаған.

V. Топпен ән айту

«Бала тілегі»

Сөзі:
Сержан Молдасанұлы
Әні:
Фарида Жолдасова

Бал-балықтай балдырған шақ — сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен — қара орман.

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік — ұлан-байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.

VI. Соңғы тыныштық сәті

Баяу музыка қосылады. Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.