Оқушыларға сандарды ондықтардың және бірліктердің қосындысы түрінде жазып көрсету
Сабақ тақырыбы
45 + 23 және 68 − 23 жағдайларындағы қосу және азайту.
Сабақтың мақсаттары
-
45 + 23 және 68 − 23 жағдайларында қосу мен азайтудың тәсілдерін меңгерту.
-
Оқушылардың танымдық және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
-
Ұйымшылдыққа баулу, табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Жазбаша қосу бойынша слайдтар
- Карточкалар
- Кесте
Әдістер мен сабақ түрі
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.
Түрі: жаңа сабақ.
Сабақ барысы
I. Психологиялық дайындық
Біздің мақсатымыз:
Мақсатымыз — білім алу,
Міндетіміз — еңбек ету,
Еңбек ету арқылы «5»-ке қол жеткізу.
II. Ұйымдастыру кезеңі
Қазір математика сабағы. Бүгін — күндегіден ерекше сабақ.
Сабаққа бәріміз дайынбыз ба? Көңіл күйлерің қалай?
Ендеше жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық.
III. Үй тапсырмасын тексеру
5-есеп: санды кестеге цифрлармен жазу.
IV. Жаңа сабақ
Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді және тақырыпты жазып алайық.
V. Математикалық диктант
Берілген сандарды ондықтар мен бірліктердің қосындысы түрінде жазыңдар:
Тексеру (үлгі жауаптар)
Оқулықпен жұмыс
№1. Өрнектердің мәндерін табамыз. Содан кейін тақтаға 45 + 23 өрнегін жазамыз.
45 + 23 = (40 + 5) + (20 + 3) = 68
Талқылау: қосындының мәнін табу үшін алғашқы екі өрнектің нәтижелерін (40 + 20 және 5 + 3) қосуға бола ма? Қорытынды: 45 + 23 қосындысы — ондықтар қосындысы мен бірліктер қосындысының нәтижесіне тең.
№2. Ауызша орындалады. Оқушылар алгоритмді қолданып, өрнек мәнін табу жолын түсіндіреді.
Ереже
Екі таңбалы сандарды қосқанда бірліктерді бірліктерге, ондықтарды ондықтарға қосамыз.
№3–4. Ауызша жұмыс. 68 − 23 мысалын қандай өрнектер арқылы шығаруға болатынын анықтаймыз.
Ереже
Екі таңбалы сандарды азайтқанда бірліктерден бірліктерді, ондықтардан ондықтарды азайтамыз.
№5. Түсіндіре отырып тақтада шығарамыз:
76 − 34 = (70 − 30) + (6 − 4) = 42
42 + 35 = (40 + 30) + (2 + 5) = 77
85 − 32 = (80 − 30) + (5 − 2) = 53
37 + 41 = (30 + 40) + (7 + 1) = 78
94 − 52 = (90 − 50) + (4 − 2) = 42
31 + 42 = (30 + 40) + (1 + 2) = 73
56 − 24 = (50 − 20) + (6 − 4) = 32
81 + 17 = (80 + 10) + (1 + 7) = 98
VI. Жұмбақ шешу
Мүйізі бар — ешкі емес,
Жүгіргенде жеткізбес.
Жауабы: киік.
Киік — дөңес мұрынды, ерекше жануар. Саны азайып бара жатқандықтан, ол Қызыл кітапқа енгізілген.
Есептер шығару арқылы киік туралы қосымша мәлімет аламыз.
VII. Есеп шығару
Киіктің түрі мен түсі қандай? Оның төлін қалай атайды? Мұны білу үшін есептерді орындаймыз.