Алжапқыштың астыңғы кесінділерді өндеу
Сабақ тақырыбы
- Алжапқыштың жоғарғы кесінділерін өңдеу
- Алжапқыштың астыңғы кесінділерін өңдеу
- Белдікті өңдеу
- Қалталарды өңдеу және технологиясын түсіндіру
Сабақ түрі: тізбектелген (кезең-кезеңімен ұйымдастырылатын) сабақ.
Жалпы мақсат
Оқушыларды топта жұмыс жасау арқылы ынтымақтастыққа бейімдеу, танымдық әрекеттерін арттыру және технология сабағында кездесетін негізгі терминдермен таныстыра отырып, топпен жұмыс жасаудың маңызын түсіндіру.
Нақты мақсаттар
-
1) Өлшем алу және ойлау дағдыларын дамыту
Алжапқыштың өлшемін дұрыс табу, өлшем бірліктерін өз бетінше анықтау және есептеулер арқылы логикалық ойлауын дамыту.
-
2) Пікір алмасу және жұмысты қорғау
Жұппен және топпен талқылау арқылы өз ойын нақты жеткізуге, дәлелдеуге және орындалған жұмысты қорғауға мүмкіндік беру.
-
3) Ой қозғау және өзіндік реттелу
Өлшемдерді салыстыру, біріктіру және жоспар бойынша орындау арқылы тапсырманы өздігінен реттеп орындауға жетелеу.
Оқыту нәтижелері мен күтілетін дағдылар
Білу
- Матаның құрылымын танып, негізгі қасиеттерін ажырату.
- Оқулықпен жұмыс арқылы жаңа ақпаратты меңгеру.
- Сәнді белдіктер түрлерін білу және салыстыру.
- Қалтаны жасауға болатын маталар туралы түсінік қалыптастыру.
Түсіну
- Матамен жұмыс істеу барысында орындалатын әрекеттердің мәнін түсіну.
- Алжапқыштың астыңғы бөлігін өңдеу кезінде пішу мен көктеуді меңгеру.
- Лекаломен жұмыс істеудің рөлін түсіну және қорытынды жасауға дағдылану.
- Қалтаның қажеттілігін ұғыну және шығармашылық көзқарас қалыптастыру.
Қолдану
- Алжапқыштың жоғарғы бөлігін өңдеу жұмыстарын жалғастырып, астыңғы бөлігін дайындау.
- Алжапқышты пішудің қолайлы тәсілдерін қолдану.
- Лекалолармен жұмыс тәсілдерін тәжірибеде пайдалану.
- Белдіктің артқы және астыңғы бетін өңдеп, орындалған әрекеттерді талдауға дағдылану.
Талдау және жинақтау
- Алжапқыш бөліктерін ажыратып, дұрыс орнына келтіре білу.
- Үстіңгі және астыңғы бөлімдерді салыстырып, өңдеу жолдарын талдау.
- Белдікті өңдеудің тиімді әдістерін анықтап, қолайлы тәсілді таңдауды үйрену.
- Қалта түрлерінің алуан түрлілігін талдап, орнымен қолдана білу.
- Матаны өңдеу бойынша алған білімді жүйелеп, алжапқыш пен қалтаны толық өңдеп шығару.
Бағалау
Формативті бағалау
Сабақ барысындағы кері байланыс, бақылау, толықтыру және қолдау.
Суммативті бағалау
Нәтижені қорытындылау: топтық, жұптық және жеке бағалау парақтары арқылы.
Рефлексия бөлімі: «Мен айтқым келеді…» тақырыбы бойынша қысқа пікір жазу немесе ауызша бөлісу.