Дауысты дыбысты көрсет
Сабақтың тақырыбы
Буын түрлері. Ашық буын.
Сабақтың түрі
Жаңа материалды меңгерту сабағы.
Әдістер
Баяндау, сұрақ-жауап, ізденушілік, тілдік талдау.
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, бейнелеу өнері.
Көрнекіліктер
- Мазмұнды суреттер
- Тірек сызба
- Үлестірмелі қағаздар
- Тест сұрақтары
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімді пысықтай отырып, буын ұғымын түсіндіру. Ашық буын туралы мәлімет беріп, сөздерді буынға дұрыс бөлудің жолдарын практикалық түрде меңгерту.
Тәрбиелік
Туған тіл — әрбір елдің мақтанышы екенін ұғындыру; мысалдар арқылы елін, жерін, туған тілін сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылық
Ойлау және пайымдау қабілеттерін дамыту; сөйлеу шеберлігі мен ой ұшқырлығын арттыру; ауызша және жазбаша сатылай талдау дағдыларын жетілдіру.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу.
- Зейіндерін сабаққа аудару.
- Сабаққа даярлықтарын тексеру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
1) Шолу сұрақтары
Қайталау сұрақтары арқылы білімді нақтылау.
2) Тест
Негізгі ұғымдарды қысқа тексеру.
3) Тілдік талдау
Ауызша сатылай кешенді талдау.
Талдауға ұсынылатын сөздер
Ұстаз, мектеп, мұғалім.
Тест сұрақтары
-
1) Қазақ тілінде ашық дауысты дыбыстар нешеу?
A) 5 Ә) 7 Б) 6 В) 8
-
2) Қазақ әліпбиінде қанша дауысты дыбыс бар?
A) 15 Ә) 9 Б) 12 В) 11
-
3) Тіл дыбыстарын зерттейтін сала:
A) морфология Ә) фонетика Б) лексика В) синтаксис
-
4) Қазақ тілінде қанша дыбыс бар?
A) 36 Ә) 42 Б) 40 В) 37
-
5) Еріндік дауысты дыбыстар қатарын көрсет:
A) а, о, ө, е Ә) ұ, ү, о, ө Б) қ, ұ, и, ә В) ы, і, ә, ө
-
6) «Ә» қандай дыбыс?
A) ашық, еріндік Ә) жуан, езулік Б) жіңішке, ашық, езулік В) қысаң, езулік
-
7) Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
A) славян Ә) жапон Б) түркі В) қытай
-
8) Дауысты дыбысты көрсет:
A) ы, и, а Ә) ә, в, г Б) қ, и, е В) г, ғ, и
-
9) Қатаң дауыссыздар қатарын көрсет:
A) л, м, н, ң Ә) б, в, г, п Б) п, к, қ, т В) ф, х, һ, м
-
10) Ұяң дауыссыздан басталатын «Бес арыс» өкілдерінің бірін тап:
A) Сәкен Ә) Шәкәрім Б) Жүсіпбек В) Мағжан
III. Жаңа сабақ
1) Тақырыпты хабарлау және мақсат қою
Бүгінгі сабақта буын түрлерін, соның ішінде ашық буынды меңгеріп, сөздерді буынға дұрыс бөлуді үйренеміз.
2) Бұрынғы біліммен байланыстыру
Сөздерді естілуіне қарай бірнеше фонетикалық бөлікке бөлуге болады. Сөзді бөлікке белгілі бір тәртіппен ғана бөлеміз. Әр бөлік — бір буын.
Негізгі ұғым
Буын — сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстың тобы.
Мысалдар
- қа-ла-лар
- бі-ле-тін-де-рі-міз-дің
- ор-ман
Қосымша мәлімет (Қ. Жұбанов)
«Дауысты дыбыстан соң келген дауыссыздарды елемей өте шығып, әрбір дауыстының алдыңғы жағына бір дауыссыз тастап, бөле береміз».
Тірек сызбамен жұмыс
Буынның негізгі белгілері мен түрлері, ашық буын түсіндіріліп, оқушылар өз мысалдарын келтіреді.
IV. Оқулықпен жұмыс
297-жаттығу
- Мәтіндегі сөздерді буынға бөліп жазу.
- Ашық буынды сөздерді табу.
- «Құс» сөзіндегі дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру.
298-жаттығу
- Мәтінді оқып, ілгерінді ықпал байқалатын сөздерді табу.
- Ашық буынды сөздерді табу.
V. Бекіту
1) «Жалғасын тап» ойыны
299-жаттығу бойынша тақтаға қысқы көрініс бейнеленген сурет ілінеді. Алдыңғы оқушы мәтінді құрап бастайды, келесі оқушы сөйлемді көрмей өз ойын жалғастырады, соңғы оқушы мәтінді түгел оқиды. Қай қатардың мәтіні толық әрі көркем құрастырылса, сол қатар жеңеді.
2) «Ғажайып алаң» ойыны
Әдебиет пәнінен сұрақтар беріледі. Жауаптар буынға бөлініп, дыбыстық талдау жасалады.
- Сұрақ: Ұлы Абай өсиет еткен бес асыл істің бірі? еңбек
- Сұрақ: Ә. Тәжібаевтың әдеби ертегісі қалай аталады? Толағай
3) «Кім тез?» ойыны
Әр қатарға буындар беріледі. Оқушылар сол буындардан сөздер құрастырады.
VI. Үй тапсырмасы
I деңгей
300-жаттығу: екінші абзацтағы сөздерді буынға бөліп, көшіріп жазу.
II деңгей
301-жаттығу: мәтіннен екі буынды сөздерді көшіріп жазу.
III деңгей
«Азамат» сөзінің соңғы буынынан басталатын сөздерді ойлап жазу.
VII. Бағалау
Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігі мен орындаған тапсырмаларына қарай бағаланады.
VIII. Қорытынды
Нені білдік?
Буын ұғымын, буын түрлерін және ашық буынның ерекшелігін.
Неге үйрендік?
Сөздерді буынға дұрыс бөлуге және ашық буынды табуға.