Ережелерді дұрыс жаттай отырып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
Сабақ туралы
Тақырып
Қысқаша көбейту формулалары тарауын қорытындылау.
Түрі
Қорытындылау сабағы.
Әдістері
- Сұрақ–жауап
- Жеке жұмыс
- Топтық жұмыс
- Тест
Көрнекіліктер
- Слайд-шоу
- Интерактивті тақта
- Тест тапсырмалары
Күтілетін нәтиже
Оқушылар алған білімдерін ұтымды қолданып, қысқаша көбейту формулаларын өрнектерді түрлендіруде және көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеуде сенімді пайдалана алады.
Мақсаттар
1) Білімдік
Қысқаша көбейту формулаларын бүтін өрнектерді түрлендіруде және көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеуде қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
2) Дамытушылық
Білім мен білік-дағдыларды қолдана отырып есептеу машығын жетілдіру; математикалық танымды кеңейту; ойлау, жүйелеу, тез шешім қабылдау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін және оқу белсенділігін дамыту.
3) Тәрбиелік
Ұқыптылыққа, зеректікке, жауапкершілікке және алға қойған мақсатқа жете білуге тәрбиелеу.
Сабақ жоспары
Негізгі кезеңдер
- 1Ұйымдастыру
- 2Үй тапсырмасын тексеру
- 3Қайталау сұрақтары
- 4«Сәйкесін тап»
- 5Математикалық диктант
Жалғасы
- 6Оқулықпен жұмыс
- 7Деңгейлік тапсырмалар
- 8Тест тапсырмалары
- 9Үйге тапсырма
- 10Бағалау
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру
- Сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқушы назарын сабаққа аудару.
Жылдағы дәстүр бойынша, 2014 жылғы 17 қаңтарда Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын жариялады. Басты мақсат — Қазақстанды әлемнің ең дамыған 50 мемлекетінің қатарына қосып, Орта Азия барысына айналдыру.
Болашақта бәсекеге қабілетті ел болу үшін оқушы бойында «Орта Азия барысының жеті қыры» қалыптасуы тиіс:
Талмай шабар төзімді
Табандылық пен тұрақты еңбек дағдысы.
Көз ілестірмес жылдам
Шешімді дер кезінде қабылдай білу.
Құстай ұшқыр
Жинақы ойлау және тез әрекет ету.
Көз тартатын сымбатты
Өзіне сенімділік пен мәдениеттілік.
Қимыл-қозғалысы батыл
Бастамашылдық және батыл қадам.
Қайтпас қайсар қайратты
Қиындыққа мойымай, мақсатқа ұмтылу.
Қалт жібермес қырағы
Зейін, мұқияттылық, дәлдік.
2) Үй тапсырмасын тексеру
№462 есеп тексеріледі. Оқушылар шығару жолын ауызша түсіндіріп береді.
Дамыту
Терең ойлау мен жауапкершілік дағдыларын дамыту.
Қорытынды
Тапсырма жауапкершілікпен орындалды.
3) Қайталау сұрақтары
Қысқаша көбейту формулаларын еске түсіру және дұрыс тұжырымдау:
Қосындының және айырманың квадраты
Екі өрнекке қатысты негізгі квадрат формуласы.
Қосындының квадраты
Екі өрнек қосындысын квадраттау ережесі.
Айырманың квадраты
Екі өрнек айырмасын квадраттау ережесі.
Қосындының кубы
Екі өрнек қосындысын кубтау ережесі.
Айырманың кубы
Екі өрнек айырмасын кубтау ережесі.
Кубтардың қосындысы
Екі өрнек кубтарының қосындысын түрлендіру.
Кубтардың айырмасы
Екі өрнек кубтарының айырмасын түрлендіру.
Дамыту
Ережелерді дұрыс жаттау арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыру және ұзақ мерзімді есте сақтауды дамыту.
Қорытынды
Нақты әрі толық жауап беруге дағдыландыру.