Сейфуллин кім

Сабақтың тақырыбы

Сәкен Сейфуллиннің «Дала» өлеңі (6-сынып).

Мақсаты

Ақын туралы бұрыннан белгілі мәліметтерді тыңдай отырып, жаңа мағлұмат алуға жағдай жасау және өлеңді теориялық тұрғыдан талдай білуге үйрету.

Сабақтан күтілетін нәтиже

  • Оқушылар ақын туралы жаңа мәліметтерді меңгереді.
  • Өлеңді теориялық тұрғыдан талдау дағдыларын қалыптастырады.

Сілтемелер мен дереккөздер

  • ҚР білім беру стандарты.
  • 6-сыныпқа арналған күнтізбелік жоспар.
  • К. Әбілқасымова, С. Мақпырұлы, Б. Әрінова. Қазақ әдебиеті оқулығы.

Қажетті ресурстар

қалам дәптер кестелер маркер стикер сюжетті суреттер проектор флипчарт түрлі түсті гүлдер

Модульдердің кіріктірілуі

  • Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
  • Сыни тұрғыдан ойлау
  • Оқытуда АКТ-ны қолдану
  • Оқыту үшін және оқуды бағалау
  • Дарынды және талантты оқушыларды оқыту
  • Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
  • Оқытудағы басқару және көшбасшылық

Әдіс-тәсілдер

Ой қорыту

Қорытынды ойды жинақтау, негізгі түйінді анықтау.

Миға шабуыл

Сұрақтар арқылы жылдам жауап пен болжам жасау.

Сұрақ қою

Түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау.

«Ыстық орындық»

Жедел әрі дәлелді жауап беруге ынталандыру.

«Брейн-ринг»

Топтық жарыс арқылы білімді бекіту.

Ой толғау

Өлең әсерін бейнелеу, елестету және пайымдау.

Сабақ барысы: мұғалімнің іс-әрекеті

1) Психологиялық дайындық

Ынтымақтастық орта қалыптастыру үшін «Гүл өсіру» тәсілі қолданылады. Оқушыларға қиылған өлең жолдары жазылған қағаз жолақтары ұсынылады.

  • Сәкен және Жамбыл өлең шумақтары арқылы топқа бөлу.
  • Топ басшыларын тағайындау.
  • Бағалау парақтарын тарату.

2) Өткен сабақты қайталау және пысықтау

«Ой қорыту» стратегиясы және «Ыстық орындық» әдісі арқылы сұрақтарға ұтымды, дәлелді жауап беру ұйымдастырылады.

3) Жаңа сабаққа кіріспе: «Миға шабуыл»

Слайдта Сәкен Сейфуллиннің суреті көрсетіледі. Оқушыларға бағыттаушы сұрақ қойылады:

«Сәкен Сейфуллин кім?»

Мұғалім ақынның өмірі туралы хронологиялық кесте мен тірек-сызба арқылы жан-жақты таныстырып, деректермен дәлелдейді.

4) Негізгі бөлім: «Дала» өлеңімен танысу

Қазақ әдебиетіндегі «Үш бәйтеректің» бірі — Сәкен Сейфуллин. Сабақта ақынның «Дала» өлеңі қарастырылады.

  • Дала көріністері слайд арқылы көрсетіледі.
  • Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды.
  • Оқушылардан қандай бейнелерді елестете алғаны сұралады.

5) Қорытындылау: «Ой толғау»

Оқушылар өлеңнің әсерін талқылап, өз ойларын жинақтайды: көркемдік ерекшеліктері, көңіл күйі, авторлық идея туралы тұжырым жасайды.