Жеңіл өнеркәсіп саласы

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы

С. Сейфуллин атындағы ЖОББ мектебі

География пәнінің мұғалімі: Күлпейсова Айгүл Құрмансейтқызы

Пәні: География

Сыныбы: 9

Сабақ тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы

Сабақтың мақсаты

Тақырыпты терең меңгерту, оқушылардың картографиялық сауаттылығын қалыптастыру, білімін жан-жақты дамыту және өздігінен білім алуына жағдай жасау.

Пәндік мақсат

  • Жаңа тақырыпты меңгеруге арналған оқу жобасын ұсынып, оқушылардың білімін жүйелеу және жалпылау әрекетін ұйымдастыру.
  • Оқу үдерісінің кезеңдерінде меңгерілген білімді басқаруға, кері ақпарат алуға мүмкіндік беру.
  • Жауап беру барысында талдауды үйрету және оқу белсенділігін арттыру.
  • Функционалдық сауаттылықты дамыту: өздігінен жұмыс жасауға және үйренуге көмектесу.

Тұлғалық дамуға бағытталған мақсат

  • Креативті ойлау дағдыларын дамыту.
  • Топтық жұмыс кезінде ой-пікірді еркін жеткізу, жүйелі сөйлеу, талдау, дәлелдеу, ұсыныс жасау дағдыларын қалыптастыру.
  • Интеллектуалдық және зерттеушілік әрекетті өздігінен басқаруға жағдай жасау.
  • Ақпараттық және коммуникативтік мәдениетті дамыту.

Тәрбиелік мақсат

  • Кәсіби сауаттылыққа баулу және рефлексивті мәдениетті дамыту.
  • Болашақ мамандық таңдаудағы құзыреттілікті нығайтуға көмектесу.

Оқыту формасы

Жеке, топтық

Құрал-жабдықтар

Қазақстанның экономикалық және физикалық карталары, атластағы тақырыптық карталар, презентация, үлестірмелер.

Сабақтың барысы

Кіріспе

Сыныпты ұйымдастыру, оқушылардың зейінін тұрақтандыру.

1 мин

Тренинг: «Гүл сыйлау»

Сыныпта жылы атмосфера қалыптастыру: оқушылар шеңберге тұрып, әрқайсысы сол жағындағы оқушыға «гүл сыйлап», бір жақсы тілек айтады.

1 мин

Топқа бөлу

Үш түрлі геометриялық фигура бейнеленген шағын белгілер арқылы топқа бөлу. Спикерлер ауысып отырады (топтық жұмыс арқылы жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін).

2 мин

Үй тапсырмасын тексеру

Тест арқылы тексеру.

6 мин

Білу

ББҮ стратегиясы қолданылады: А) қызығушылықты ояту (Оңтүстік Қазақстан туралы не біледі?)
Ә) мағынаны тану (мәтінді топтарға бөліп беру)
Б) ой толғаныс

7 мин

І тапсырма (карта бойынша)

Әр топ карта арқылы сұрақтарға жауап береді. Тексеру: дұрыс жауап — 1 ұпай.

Тест тапсырмалары

  1. Қай облыс Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының құрамына кірмейді?
    а) Жамбыл ә) Ақтөбе б) Алматы
  2. Оңтүстік Қазақстан жер аумағы жөнінен нешінші орын алады?
    а) 1-ші ә) 4-ші б) 2-ші
  3. Оңтүстік Қазақстан қай экономикалық ауданмен шектеспейді?
    а) Солтүстік ә) Батыс б) Шығыс
  4. Батыс Қазақстанның қай облысымен Оңтүстік экономикалық ауданның ортақ шекарасы бар?
    а) Ақтөбе облысы ә) Маңғыстау облысы б) Атырау облысы
  5. Халықтың орташа тығыздығы қандай?
    а) 6,3 адам/км² ә) 9,3 адам/км² б) 7,8 адам/км²
  6. Халқы ең көп қоныстанған облыс қайсы?
    а) Жамбыл ә) Қызылорда б) Алматы

ІІ тапсырма (спикерлер қорғайды)

Физикалық картаны пайдаланып, Оңтүстік Қазақстанның қай елдермен шектесетінін анықтаңыз. ЭГЖ-ның (экономикалық-географиялық жағдайының) қолайлы және қолайсыз жақтарын атаңыз. Әр дұрыс жауап — 1 ұпай.

Түсіну

Тапсырмалар топтарға бөлініп орындалады. Бағалау: 3 ұпай.

6 мин

І топ

Карта бойынша халық тығыздығы жоғары аймақтарды анықтаңыз. Себебін түсіндіріңіз.

ІІ топ

Картаға сүйеніп, Оңтүстік Қазақстанда белсенді температура жиынтығы өсімдік өсіруге жеткілікті екенін дәлелдеңіз. Бірақ неге бұл өңірде мал шаруашылығы басым дамыған? Өз ойларыңызды негіздеңіз.

ІІІ топ

Диаграмманы пайдаланып, Оңтүстік Қазақстанның жер ресурстары құрылымын зерттеңіз. Себептерін анықтаңыз.

Қолдану

«Сенің көзқарасың»: топтар 1 минут ішінде жауапты параққа жазады, спикер ортаға салады. Толық жауап — 5 ұпай.

3 мин

Талқылауға арналған мәселе

Оңтүстік Қазақстан облысы — экономикасының негізгі бөлігін ауыл шаруашылығы құрайтын аграрлы өңір. Аумағы кең, халқы көп, еңбек ырғағы жоғары бұл аймақта соңғы жылдары ауыл шаруашылығы саласында ілгерілеу байқалады. Елбасы тапсырмасына сәйкес етті экспортқа шығару жолдары жан-жақты қарастырылып жатқанын атап өтуге болады.

Сұрақтар

  • Оңтүстіктің шаруа қожалықтары экспортқа ет шығара алады ма?
  • Белгіленген межеге жетудің нақты жолдары қандай?

Талдау

Тапсырмалар дәлелмен орындалады. Толық жауап — 5 ұпай.

8 мин

1) Венн диаграммасы

Оңтүстік Қазақстанның ірі өнеркәсіп тораптарын салыстырыңыз.

2) «Т» кестесі

Оңтүстік Қазақстан мен Орталық Қазақстанды салыстырып, кестені толтырыңыз. Бағалау: 6 ұпай.

Көрсеткіш Оңтүстік Қазақстан Орталық Қазақстан
1) Қазақстанның қай бөлігін алып жатыр?
2) Өнеркәсіптің маманданған салалары
3) Өсімдік өсіру салаларының мамандануы
4) Мал шаруашылығы салалары
5) Дамуындағы проблемалары
6) Даму болашағы

Топтау

Оқулық мәтіні мен картаны пайдаланып, Оңтүстік Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп салаларының орналасуын зерттеңіз. Нәтижені кесте түрінде көрсетіңіз. Бағалау: 5 ұпай.

4 мин
Шешуші әсер ететін факторлар Жеңіл өнеркәсіп саласы Негізгі орталықтары

Бағалау

Тапсырмалар арқылы білімді бағалау. 5 ұпай.

5 мин

1-тапсырма (топтарға дайындық — 2 мин)

Рекреациялық ресурстар туралы не білесіз? Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының рекреациялық ресурстарына баға беріңіз. Әр дұрыс жауап — 1 ұпай.

2-тапсырма

Ауыр өнеркәсіп салаларын топтастырыңыз.

Үй жұмысы

  • Оқулық: 28–29-тақырыптарды оқу.
  • Реферат: «Жетісу Алатауы мен Қаратау жоталарының қорлары».

Ескерту: толық нұсқасын жүктеу (қажет болған жағдайда).