Кім шебер аудармашы
Қазақ тілі • 7-сынып
Пән мұғалімі: Мұрат Г. М.
Сабақ тақырыбы
Күшейтпелі шырай
Сабақ мақсаты
- Күшейтпелі шырайдың жасалу жолдарын түсіндіру, ұғындыру және дағдыны дамыту.
- Алдыңғы сабақта алған білімді жаңа тақырыппен ұштастыра отырып бекіту.
- Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, байқағыштық қасиетін дамыту.
- Сөз мағынасына мән беруге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
Түсінік қалыптастырады
Күшейтпелі шырайдың жасалу жолын меңгереді.
Салыстырады және дәлелдейді
Сын есімнің шырайларын салыстырып, өз көзқарасын мысалдармен дәлелдейді.
Қолданады
Теориялық білімді практикада қолданады.
Дамытады
Ой-өрісі кеңейеді.
Негізгі идея
Топтық жұмыс арқылы оқушылар өзара пікір алмасып, ортақ тұжырымға келеді. Олар өздерін-өздері және бірін-бірі оқытады. Топтар арасында формативтік бағалау жүргізіліп, ынталандыру беріледі.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару.
- 2 Психологиялық тренинг.
- 3 Топқа бөлу.
Қызығушылықты ояту
Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады. Алманың сапасын, түр-түсін анықтау арқылы сабақтың тақырыбы ашылады. Осыдан кейін алмаларға сипаттама беріліп, жаңа тақырыпқа бағытталады.
Үй тапсырмасы
Мағынаны тану
Біркелкі сындардың бірінің екіншісінен өте артық не өте кем екенін көрсететін шырай түрі күшейтпелі шырай деп аталады.
Мысал
үлкен → үп-үлкен → тым үлкен
Мысал
тамаша → тап-тамаша → өте тамаша
Мысал
жақсы → жап-жақсы → аса жақсы
Мысал
кіші → кіп-кіші → тым кіші
1) Күшейткіш буын арқылы
Күшейтпелі шырай сапалық сын есімдердің алдына күшейткіш буын жалғану арқылы жасалады.
2) Күшейткіш үстеулер арқылы
Күшейтпелі шырай сапалық негізгі сын есімдерге өте, аса, ең, тіпті, нағыз, нақ, шымқай, орасан, ыңғай, кілең сияқты күшейткіш үстеулердің тіркесі арқылы да жасалады.
Оқулықпен жұмыс
52-жаттығу
Жазбаша
53-жаттығу
Жазбаша
54-жаттығу
Жазбаша
«Кім көп біледі?»
Топ бойынша 3 минут уақыт беріледі. Төмендегі күшейтпелі шырай тұлғаларын мүмкіндігінше көбірек атаңыздар.
Тап-
- тап-таза
- тап-тақыр
- тап-тұйнақтай
- тап-тайыз
- тап-тар
- тап-тарғыл
- тап-тапал
- тап-тайқы
- тап-тастай
- тап-таяу
Ап-
- ап-ашық
- ап-анық
- ап-ауыр
- ап-арық
- ап-аласа
- ап-арзан
- ап-ащы
- ап-алыс
Жап-
- жап-жақсы
- жап-жаңа
- жап-жақын
- жап-жалпақ
- жап-жаман
- жап-жалаң
- жап-жалаңаш
- жап-жалғыз
- жап-жалтыр
- жап-жарау
- жап-жарасымды
- жап-жарық
- жап-жарқын
- жап-жас
- жап-жасыл
- жап-жатық
- жап-жадағай
- жап-жазық
- жап-жай
- жап-жайдақ
- жап-жайлы
«Кім шебер аудармашы?»
Мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына берілген сөздердің лайықтысын қойыңыз.
1) ...... (білекті) бірді жығар, ...... (білімді) мыңды жығар.
2) ...... (жақсы) ісімен жақсы.
3) Ағайын ...... (ащы), мал ...... (тұщы).
4) ...... (батыр) жігіт қол бастар, ...... (ақын) жігіт той бастар.
5) ...... (лас) адам кіршіл, ...... (надан) адам діншіл.
6) ...... (жақсы) арына құл, ...... (жаман) малына құл.
7) Аз сөз — ...... (алтын), көп сөз — ...... (көмір).
Семантикалық кесте
Оқушылар семантикалық картаны толтырады.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, семантикалық кесте
Салыстыру
Венн диаграммасы
Ойын элементтері
«Кім көп біледі?», «Сөз ойыны», «Кім шебер аудармашы?»