Маңғыстау облысының орталығын ата
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы
Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі: Төкенова Жайнагүл
Мақсаты
- Жас ұрпаққа туған өлке тарихын зерделеуге көмектесу, таным көкжиегін кеңейту. Мұнайға бай, рухани құндылыққа толы киелі өлке туралы білімдерін ортаға салдыру. Туған жер тарихына үңілуге баулу және «елдің тұтқасы — біз» деген жауапкершілік түсінігін қалыптастыру. Елін, жерін, тілін, әдеп-ғұрпын құрметтейтін, Отанын сүйетін тұлға тәрбиелеу.
- Тілін дамыту, ойын жүйелі әрі нақты жеткізе білуге үйрету.
- Оқушыларды саяси саналылыққа, өз елін және жерін қорғауға, құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу.
Түрі
Танымдық сайыс
Әдісі
Сұрақ-жауап
Көрнекілігі
Нақыл сөздер, буклеттер, тапсырмалар, шарлар, жалаушалар
Кіріспе сөз
Қадірменді қонақтар! «Туған жер — алтын бесігім!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Кең-байтақ еліміздің шалқар көлдері мен асқар таулары, сайын даласы мен алтын дәнді алқабы, күмбездей көрікті қалалары, кенге толы өңірі мен малға толы өрісі — бәрі де келешек ұрпаққа аманат.
Ал сол аманатты арқалайтын болашақ иелері — сендер. Бүгінгі танымдық сайысымызда туған ел мен туған жер туралы білімдеріңізді ортаға саламыз. Өз білгенімізді еркін бөлісейік.
1) ҚР Әнұранын орындау
Іс-шара салтанатты түрде басталады.
2) Танымдық ойынды бастау
Топтар таныстырылып, ұрандары айтылады.
Топтар
1-топ: «Каспий»
Ұраны
Толқынындай Каспийдің тербелеміз,
Биіктерге білімменен кенелеміз.
2-топ: «Аманат»
Ұраны
«Аманат» деп аталатын тобымыз біз,
Бабалардың аманатын орындаймыз.
Сайыс кезеңдері
Сайыс бірнеше кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің өз ережесі мен ұпай есебі бар.
1-кезең: «Өткел»
Өткелден өту үшін топ басшыларына 5 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен есептеледі.
«Каспий» тобының басшысына
-
Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіздігін алды?
Жауабы: 1991 жыл, 16 желтоқсан.
-
Туған жер туралы мақал айт.
Жауабы: «Ел іші — алтын бесік».
-
Қазақстан Республикасының Ата заңы қай жылы, қай күні қабылданды?
Жауабы: 1995 жыл, 30 тамыз.
-
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?
Жауабы: қазақ тілі.
-
«Туған өлкем» өлеңінің авторы кім?
Жауабы: Өтебай Тұрманжанов.
«Аманат» тобының басшысына
-
Қазақстан Республикасының Президенті кім?
Жауабы: Н. Ә. Назарбаев.
-
Қазақстан Республикасы қай жылы Республика болып жарияланды?
Жауабы: 1990 жыл, 25 қазан.
-
Қытай, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Әзербайжанмен шектесетін тәуелсіз мемлекет?
Жауабы: Қазақстан Республикасы.
-
Қазақстан Республикасының бас қаласы?
Жауабы: Астана.
-
Туған жер туралы мақал айт.
Жауабы: «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас».
2-кезең: «Белес»
Әр топқа қатарынан 2 сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауап 5 ұпай. Қосымша көмек алынса, ұпай 1-ге кеміп, 4 ұпай болып есептеледі.
«Каспий» тобына
1-сұрақ
«Шіркін, жауынды жерге не жетсін! Жер бетінің үнемі ылғал тартып тұрғаны қандай рақат!» — деп мәз-мейрам болып жатты.
Қосымша көмек
«Дүниеде менің илеуімнен жақсы мекен, жайлы қоныс бар ма екен?»
Жауабы: «Кімнің мекені жақсы?» (тышқан, құрбақа, құмырсқа).
2-сұрақ
Халқымыздың қасиетті тілі туралы айтылған шығарманы ата.
Қосымша көмек
Автор: М. Мақатаев.
Жауабы: «Отан туралы».
«Аманат» тобына
1-сұрақ
Адам сыйға алған дәнін құрғақ әрі жылы жерде бір күз, бір қыс сақтайды. Көктем шыққанда үйшігінің жанындағы қара топырақты жерді қопсытып, әлгі дәнді түгел себеді.
Қосымша көмек
«Адам тіршілігінің арқауы деп нанды қандай қадірлесе, бидай да өзіне қамқор болған адамды сондай кенелтіп келеді».
Жауабы: «Ақ бидай», Өтебай Қанахин.
2-сұрақ
Кешкі ауыл көрінісі қай мәтінде суреттелген?
Қосымша көмек
«Қартқожа үйге сүйеніп, ашамайды шынтақтап, ауылға қарап отыр».
Жауабы: «Ыстық қой, шіркін, туған жер!».
3-кезең: «Бекет»
Бұл кезеңде берілген сұраққа әр топтың жанашырлары жауап береді. Дұрыс жауап 6 ұпай.
«Каспий» тобының жанашырларына
Сұрақ: Маңғыстау өңірінде неше әулие мекендеген деп айтылады?
Жауабы: 362 әулие.
«Аманат» тобының жанашырларына
Сұрақ: Бейнеу ауданының әкімі кім?
Жауабы: Басшы Әзірханов.
Ән
«Туған жер» әнін орындайды: Адаева Айзада.
4-кезең: «Асу»
Тапсырма: «Қазақстан» сөзінен зат есімдер құрастыру. Екі сөзге 5 ұпай беріледі.
5-кезең: «Бәйге»
9 «терезеге» сұрақтар жасырылған. Әр топ өз кезегімен қалаған терезесін таңдайды. Дұрыс жауап берсе, сол терезедегі ұпайды алады.
1-сұрақ
Маңғыстау облысы қашан құрылды?
Жауабы: 1973 жыл, 20 наурыз.
2-сұрақ
Маңғыстау облысының орталығы?
Жауабы: Ақтау.
3-сұрақ
Маңғыстау Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан?
Жауабы: Оңтүстік-батыс қиырында.
4-сұрақ
Батыс Қазақстан облыстарын ата.
Жауабы: Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан.
5-сұрақ
Маңғыстау облысының әкімі кім?
Жауабы: Қырымбек Көшербаев.
6-сұрақ
Маңғыстау облысының ең биік нүктесі қалай аталады?
Жауабы: Бесшоқы тауы.
7-сұрақ
Маңғыстау өңірі неге бай?
Жауабы: Мұнай-газға және табиғи ресурстарға бай.
8-сұрақ
Маңғыстау Каспий арқылы қай елдермен іргелес?
Жауабы: Түрікменстан, Иран, Ресей, Әзербайжан.
9-сұрақ
Маңғыстау облысына биыл неше жыл?
Жауабы: 35 жыл.
6-кезең: «Жерұйық»
«Жерұйыққа» ұпайы көп топ өтеді. Бұл кезеңде ойнауға келіскен топ сұраққа жауап береді.
Сұрақ
Жарысып ойнап желменен,
Биікке талмай өрлеген,
Бағыттан тайып көрмеген,
Қашаннан қайсар ұланбыз.
Көңілін қиял кернеген,
Өмірін шаттық тербеген,
Ертеңге қанат сермеген,
Қашаннан қайсар ұланбыз.
Тапсырма
Бұл үзінді қай өлеңнен алынған?
Қосымша сұрақ
Өлеңдегі ой кімнің атынан берілген?
Жауабы: «Ұланымыз ұлы елдің». Ой балалардың атынан берілген.
Қорытынды
Іс-шара соңында хор болып «Атамекен» әні орындалады.