Наурыз тобы

Сабақтың тақырыбы

Нәтиже сабақ. «Наурыз келді».

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: модуль бойынша алған білімдерін саралау, білім сапасын анықтау.
  • Дамытушылық: тіл байлығын, сөздік қорын дамыту; топпен жұмыс істеуге дағдыландыру; ауызша және жазбаша тілін дамыту; қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарасын қалыптастыру.
  • Тәрбиелік: оқушыларға төл мерекеміз Наурызды насихаттау, еліміздің салт-дәстүріне сүйіспеншілігін арттыру және құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Ойын сабақ
Сабақтың әдісі
Сұрақ-жауап, түсіндіру, жазу
Көрнекілігі
Суреттер

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.

Топқа бөлу

Оқушылар екі топқа бөлінеді: «Наурыз» және «Көктем».

Сұрақтар
  1. Бүгін нешесі?
  2. Қазір қай ай?
  3. Қазір жылдың қай мезгілі?
  4. Көктем айларын ата.
  5. Көктемде ауа райы қандай болады?

Кезекшінің мәліметі тыңдалады.

II. Үй жұмысын тексеру

Тапсырма: сөздерді сәйкестендір

Оқушылар сөздерді екі тілде мағынасына қарай сәйкестендіреді.

Сөздік жұмыс
Қазақша Орысша
теңелу приравниваться
тілеймін желаю
ерекше особый
көже коже
ұлы великий
жариялану быть объявленным
дайындалады готовится
өткізу проводить
бұлт облако
сыйлық сыйлау дарить подарки
өмір жизнь
шақыру пригласить
дәстүр традиция
табиғат природа
береке благо
оянады просыпается

I топ: «Наурыз»

Сөз тіркесі

«Тілеймін», «табиғат» сөздерімен сөз тіркестерін құрастыр.

II топ: «Көктем»

Сөз тіркесі

«Бұлақ», «дайындалады» сөздерімен сөз тіркестерін құрастыр.

III. Жаңа сабақты қалыптастыру

Тақырыпқа шығу

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен таныстыру үшін екі топқа тапсырма таратылады: әр топ ребус шешеді.

I топ
«Наурыз» тобы — ребус шешу
II топ
«Көктем» тобы — ребус шешу
Қорытынды

Бүгінгі нәтиже сабағымыздың тақырыбы: «Наурыз келді». Енді тақырып бойынша тапсырмалар орындалады.

Тапсырмалар

1-тапсырма: түсіп қалған әріпті тап

Топтық жұмыс

Топ мүшелері ақылдасып, сөйлемдердегі түсіп қалған әріптерді орнына қояды.

«Наурыз» тобы
  • Наурыз м... йра... ы б... сталды.
  • 22-Науры... да күн мен түн тең... леді.
  • Ха... ық мере... еге д... йын... алады.
  • Әжелер мен аналар д... мді таға... дар пісіреді.
«Көктем» тобы
  • Нау... ыз — ж... л ба... ы.
  • Хал... қ бұла... тарды таза... тады.
  • Ағ... ш отыр... ыз... ды.
  • Дас... арқ... нның ба... ты та... амы — наур... з к... же.

2-тапсырма: толықтыр

Аударма

Берілген сөздерді қазақ тіліне аударып, бос орындарды толтыр.

«Наурыз» тобы
  • Шаг — қадам, Человек……
  • Звук — үн, Солнце……
  • Ребенок — бала, Двор……
«Көктем» тобы
  • Шерсть — жүн, Ночь……
  • Сон — түс, Птица……
  • Деньги — ақша, Сад……

Материал: «Нәтиже сабақ. Наурыз келді».