Сабаққа көңіл қою
Сабақтың тақырыбы
Ғали Орманов — «Ана» өлеңі
Сабақтың мақсаты
Білімділік
«Ана» өлеңін түсініп оқып, негізгі ойды анықтап, түйін жасауға үйрету.
Дамытушылық
Жақсылық атаулының бастауы ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру; соның негізінде ауызша сөйлеу дағдыларын және жазба тілін жетілдіру.
Тәрбиелік
Оқушы бойына ананы сыйлау, құрметтеу, өнеге тұту сияқты ізгі қасиеттерді сіңіру; ананы сүю арқылы ұлтқа тән жақсы құндылықтарды қалыптастыру.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Көрнекілігі
- Интерактивті тақта
- Презентация
- Гүлдер
Түрі, әдісі, байланыс
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ
- Сабақтың әдісі
- Сұрақ-жауап, түсіндіру, өлең құрастыру, топтық жарыс, мәнерлеп оқу
- Пәнаралық байланыс
- Шешендік өнер, музыка
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
1) Психологиялық дайындық
Мұғалім мен оқушылардың (хормен) сұрақ-жауап арқылы ынтымақтастық ахуалын қалыптастыруы:
Мұғалім
— Әрбір адам?
Балалар (хормен)
— Туысым, досым, жұрағат.
Мұғалім
— Әрбір сабақ?
Балалар (хормен)
— Үйрену, ұғу, ұлағат.
Мұғалім
— Әрбір ісің?
Балалар (хормен)
— Тірлік, тірек, адамдық.
Мұғалім
— Әрбір сөзің?
Балалар (хормен)
— Шындық, бірлік, адалдық.
2) Оқушыларды топтарға бөлу
Оқушыларға балаларға арналған республикалық журналдар таныстырылады. Сол атаулар бойынша топқа бөлінеді:
-
I топ
«Балдырған»
-
II топ
«Хан талапай»
-
III топ
«Мөлдір бұлақ»
-
IV топ
«Балапан әлемі»
3) Топ ережесін еске түсіру
- Сабаққа зейін қою.
- Бір-бірін мұқият тыңдау.
- Топпен бірлесе жұмыс жасау.
II. Үй тапсырмасын сұрау
В. Сухомлинский — «Ақ шаш»
«Ұяшықтан сандар таңдау» әдісі арқылы әр топтың үй тапсырмасы тексеріледі. Талқылауға ұсынылатын сұрақтар:
-
1. Мәтін мазмұнын әңгімелеп бер.
-
2. «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» мақалын түсіндір.
-
3. Осы мәтіннен қандай ой түйдіңдер?
-
4. Шешендік өнер сабағында осы мазмұнға ұқсас қандай әңгіме оқыдық?
-
5. Ерекше тапсырма: В. Сухомлинский туралы қысқаша мәлімет бер.
III. Өткен сабақты бекіту
1) Аналар туралы мақал-мәтелдер
Әр топ кезекпен мақал-мәтел айтады. Ең белсенді топ марапатталады.
2) Топтық жұмыс: «Ана кім?»
Әр топ «Ана кім?» сұрағына постер жасап, қорғайды. Қорғау барысында ойдың дәлелділігі, тіл мәдениеті және шығармашылық ұстаным бағаланады.
IV. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабақта белгілі ақын Ғали Ормановтың «Ана» өлеңімен танысамыз.
Дәптерімізді ашамыз,
Салақтықтан қашамыз.
Көркем етіп жазамыз.
1) Автормен таныстыру: Ғали Орманов
Қысқаша сипаттама
Ғали Орманов — қазақ кеңес поэзиясындағы көрнекті ақындардың бірі, шығармашылық жолында көп еңбек сіңірген шебер қаламгер.
Туған жері мен жылы
1907 жылғы 15 тамызда Талдықорған облысы, Қапал ауданы, «Қызыл Жұлдыз» колхозында дүниеге келген.
Марапаттары
- Ленин ордені
- Еңбек Қызыл Ту ордені
- Қызыл Жұлдыз ордені
- Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамоталары
Ақын 1978 жылы, 71 жасында дүниеден өтті. Ғали Орманов — тек ақын ғана емес, сонымен қатар аудармашы.
Ол Л. Толстойдың «Анна Каренина» романын қазақ тіліне аударған.
Негізгі рөлдері
Ақын • Аудармашы • Қоғам қайраткері