Аутотренинг формуласы
ҰБТ-ға дайындық кезінде ұстаздарға психологиялық қолдау
ҰБТ (Ұлттық бірыңғай тестілеу) — жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын біріктіретін, білім беру ұйымынан тәуелсіз мемлекеттік бағалау жүйесі.
ҰБТ-ның мақсаты
Білім сапасын арттыруға бағытталған оқу жетістіктерін сыртқы тәуелсіз бағалау жүйесін қалыптастыру.
Мұғалімге арналған негізгі қағидалар
-
1
Өз эмоцияңызға мұқият болыңыз: сабыр — оқушы үшін де тірек.
-
2
Оқушының білім алуына мектепте толық жағдай жасаңыз.
-
3
Ата-анамен тұрақты байланыста болыңыз.
-
4
Оқушыны шамадан тыс бақылаудың орнына, сенім артыңыз.
-
5
Дәрістің негізгі түйінін, логикасы мен мағынасын түсінуіне жағдай жасаңыз.
-
6
Орынсыз сынаудан аулақ болыңыз.
-
7
Басқа балалармен салыстырмаңыз.
-
8
Оны қандай болса, сол күйінде қабылдайтыныңызды, сенетініңізді ашық айтыңыз.
Ата-анаға кеңес
Күн тәртібі мен демалыс
- Баланың дайындық режимін қадағалаңыз.
- Дайындық арасында міндетті түрде демалыс болсын.
Денсаулық және орта
- Дұрыс тамақтану мен жеткілікті ұйқыны қамтамасыз етіңіз.
- Сабаққа дайындалатын орнының жайлы әрі тыныш болуына мән беріңіз.
Кері байланыс
- Тесттен кейін мұғалімімен қателер бойынша жұмыс жасаған-жасамағанын сұраңыз.
- Пән мұғалімімен және сынып жетекшісімен әр тест нәтижесін талқылап отырыңыз.
Нәтиже емес, процесс
- Тест ұпайына ғана байланып қалмай, кеткен қателерге көңіл бөліңіз.
- Қателікті «сәтсіздік» емес, «өсу нүктесі» ретінде қабылдауға көмектесіңіз.
Оқушы мен мұғалім арасындағы келіспеушілікті шешу жолдары
- Қақтығыс туындаса, жағдайды ушықтырмай, тәрбие жұмысын жүйелі жалғастырыңыз.
- Оқушымен жеке сөйлесуге уақыт табыңыз.
- Қиындықтан шығудың тиімді жолдарын бірге ойластырыңыз.
- Баланың арына тимеңіз, оның жағдайын түсінуге тырысыңыз.
- Әңгіме барысында қорлауға, кемітуге, дауысты көтеруге жол бермеңіз.
- Оқушыға оны түсінетініңізді сездіріңіз.
- Жаза ретінде бағаны төмендетпеңіз.
- Оқиғаны құпия сақтаңыз: сыртынан сөз айту сенімді жоғалтып, араны алшақтатады.
- Жүрек жылуын аямаңыз: жиі атымен атап, жылы қарым-қатынас орнатыңыз.
Мұғалімдерге арналған психологиялық кеңестер
Сабақ пен дайындықты ұйымдастыру
- Тест сұрақтарын көбірек дайындаңыз.
- Есте сақтауға арналған тапсырмалар беріңіз.
- Оқудағы жетістіктерін тұрақты түрде мадақтап отырыңыз.
Қолдау және мотивация
ҰБТ алдында оқушыларға қолдау көрсетіңіз, жылы сөз айтыңыз:
«Сенің қолыңнан бәрі келеді.»
Ізгі тілектер білдіріңіз:
«ҰБТ-ны жақсы тапсыруларыңа тілектеспін. Мен сендерге сенемін!»
Үрейді азайту тәсілдері
- Аутотренингті қолдануды үйреніңіз.
- Оқушыларға терең тыныс алуды ұсыныңыз.
- ҰБТ тапсыру техникасымен таныстырыңыз: әр сұрақтың мағынасын түсініп, логикалық ойлау арқылы жауап табуға болады.
- ҰБТ алдында ең алдымен өзіңіз сабыр сақтаңыз.
Нәтижеге реакция
- Байқау тестілерінің нәтижесі төмен болса, ұрыспаңыз; сабырмен түсіндіріңіз.
- ҰБТ нәтижесі төмен болса, «Қай жерден қателестім?» деп талдау жасаңыз және келесі қадамды жоспарлаңыз.
«Үш Қ» заңы
Бірінші Қ: Жағдайды құрметтеңіз
Жағдайдың барлық оң және теріс жақтарын қабылдаңыз. ҰБТ — білім беру кеңістігіндегі жаңа шындық, оны жоққа шығару мүмкін емес. Жағымсыз эмоцияларға берілмей, күш-жігерді жағдайдың оң тұстарына бағыттаңыз.
Екінші Қ: Жасөспірімді құрметтеңіз
Оның өзін-өзі бағасын көтеріңіз, өз күші мен қабілетіне сенімін нығайтыңыз. Артық мақтаудан қорықпаңыз, ал артық мін тағу мен орынсыз сынаудан сақ болыңыз.
Үшінші Қ: Қамқор болыңыз
Жасөспірімнің көңіл күйі мен мінез-құлқындағы өзгерістерді дер кезінде байқаңыз. Физикалық және психологиялық ресурстарын шамадан тыс жүктемей, қиындықты жеңуге көмектесіңіз.
ҰБТ ұғымын есте сақтаудың қарапайым формуласы
Ұ
Ұжымдастық, ұқыптылық
Б
Бірлік, бағалау, бақылау
Т
Талант, талап, тәжірибе
Жаттығу: аутотренинг формуласы
Нұсқау
- Көзіңізді жұмып, ыңғайланып отырыңыз.
- Арқаңызды тік ұстаңыз, алақандарыңызды тізеңізге қойыңыз.
- Ойыңызды «Мен сабырлымын» формуласына жинақтаңыз.
- «Менің оң қолым ауыр» деп ойша 5–6 рет қайталаңыз.
- Қайтадан «Мен сабырлымын» формуласына ойыңызды жинақтаңыз.
- «Менің сол қолым ауыр» деп ойша 5–6 рет қайталаңыз.
- Соңында мына формуланы ойша қайталаңыз: «Мен сабырлымын. Мен дайынмын. Мен жинақымын. Мен өзіме сенімдімін!»
- Денеңізді қалпына келтіру үшін жұдырығыңызды түйіп, бірнеше рет терең тыныс алыңыз.